Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Қалиев Ғ, Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. –Алматы, 2003.
2. Бизақов С. Тілдік норма және варианттылық. –Алматы, 2000.
3.Ұйықбаев И.Қ. Қазіргі қазақ тіліндегі варианттылық проблемасы. –Алматы, 1976.
4. Ахметов Ә. Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер. –Алматы, 1995.
5. Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. І-бөлім. –Алматы, 2003.
6. Айғабылұлы А. Қазақ тілі морфонологиясы мен лексикологиясы.
7. Ордабекова Х. Лексикалық дублеттер және тілдік норма. –Алматы, 2010.
Тақырып бойынша орындалатын тапсырмалар: 1. Сөз варианттары, олардың түрлері, лексикалық дублеттердің тіркесімділік табиғаты.
2. Сөз варианттарының стильдік қызметі.
3. Сөздің қосалқы аталымдары. Табу және оның түрлері. Тыйым сөздердің тағлымдық мәні. Ахметов Ә. Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер. Конспект.
4. Эвфемизм, жасалу жолдары, өзіндік сипаты мен мәні. БАҚ тіліндегі эвфемизмдердің қолданысы.
5. Көркем әдебиет және ауызекі сөйлеу тіліндегі табу мен эвфемизмдердің стильдік қызметі.
Зертханалық жұмыстар
1. Мәтінде берілген сөз варианттарын түрлеріне қарай ажыратып, оларды тілдік норма және функционалды қызметі тұрғысынан саралап шығыңыз. Жапарқұлдан қалған қара шаңырақтың енді қайтіп илаға жарамастай боп, қаусаған жері осы ма екен? (С.Бақбергенов). Бізде жөні бүтін үй жоқ, малымыз тұратын қора жоқ, бәрі әншейін ілдәлда баспана (Т.Нұртазин). Сен танымайсың дейім, болмайды ғой өзі. Бүлдіресің, піспеген бидайды сындырсаң көк болады. Жеуге болмайды (М.Әуезов). Мынаған ерегіскенде бар ғой, биыл тышқақ лақ та бермейім, - деді, Тайпан кіжіне сөйлеп (Б.Алдамжар). Не деп енді мақтайын? Айтуға сөз таппайым. Сөйлеп кетсем көбірек, Мен әжеңе жақпайым (Қ.Ыдырысов). Сенім артқан адамының мына қылығына ыза болды. Шәкіртінің кещелігінен ыза шекті (Ө. Қанахин). Аптығар адам емес, асып-сасып (И.Байзақов). Асығып-сасып білініп қалды ма екен? (М.Әуезов). Әскери киімдері су жаңа (С.Алдабергенов). Ауыл дүкені ана жақта. Ол кісі анаяқта отыр. Сенің ауырғаныңды аннан естіп келдім (ауызекі сөйлеу тілі). Қамшыменен бір салсам, Быт-шыт болып кетерсің (Қуандық ақын). Сиса көйлек үстіңде тоқуменен табылған. Сауысқанның тамағы, Шоқуменен табылған. Өнер-білім бәрі де, Оқуменен табылған (Ы.Алтынсарин).Айт намазы кезінде мешітке жұрт сыймай далаға оқыр еді (С.Мұқанов). Әулие-әнбиелерге жалбарынып құрбан шалып тасаттық берді (Соц.Қаз). Аспан тәңірісіне мал айтып тасаттық берді (Жетісу). Қысы жұт, көктем басы қиыншылық, ұшырады ел екі тосат көлденеңге (Үш ғасыр жырлайды). Су өсімдіктерінің сабағы майысқақ келеді де, су толқынымен ғана қозғалады (Т.Таубаев). Қазық жасаған ағаштың бұтағы солқылдақ, игенде бірден сынып кетпейтін майысқыш болуы керек. Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі (мақал). Не зауал болғанын аңлай да алмай жаздаған (Ш.Мұртаза). Әлгі кісі ең алыс түкпірлерде жатқан шопандар қыстауын көргісі келді (Ә.Әлімжанов). Таяу жердегі қыстақты аралап жүріп, ол Төлеубекпен кездесті (К.Оразалин). Қаланың қиғаш шетінде, Шалқар тоғай бетінде, Бір дуадақ атып ап, Белінен кесіп шайнаған, Арыстан туған батырды, Құртқаның көзі шалады (Қобыланды батыр). Тоқтыбалақ, ендеше тоқтыбалақ, Тоқтыбалақ жүгірер көк қуалап. Қайырып салған көкқұсы, Көтеріле бергенде, Қаз сыпырса жарқылдап (Абай). Қаршыға. –Оу, сендерге осы бір құмыра арақ болса жете ме? – деді әлгілердің адам аяғандай түріне қарап... Бір бөтелке арақ қолдарына тиген екі жігіттің қуанышында шек жоқ. Әділгерей мұртының астынан жымиып күлді. Осының екеуі де балалы-шағалы адамдар. Баяғыдан бері осы екеуінің ең кем дегенде бес-бестен он баласын оқытқан шығар-ау. Сол еңбегі үшін әлгілер мынандай ағыл-тегіл алғысты былай қойып, бір ауыз рақмет те айтқан емес-ті. Сондағы айтылмаған алғыстарын бір жартымен-ақ қайырып алды (Қ. Жұмаділов). Улы саңырауқұлақтар − боз арамқұлақ, сырттай қарағанда қозықұйрыққа ұқсас.