1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы


Сөздердің актив және пассив қолданысы



бет43/53
Дата18.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#43816
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   53
Байланысты:
лекция (1)

6. Сөздердің актив және пассив қолданысы. Сөздік құрамдағы сөздер қолданылу жиілігіне орай екі үлкен салаға бөлінеді: актив қабаттағы және пассив қабаттағы сөздер.
Актив сөздер - күнделікті тұрмыста қолданылатын, мағынасы түсінікті, дағдылы сөздерді (іш, кел, әкел, ертең, үй, жұмыс, бірақ, күн т.б.) жатқызамыз. Актив сөздер қатарына қолданылуы шектеулі, белгілі бір салада жиі қолданылатын сөздер қатарына терминдер, кәсіби сөздер, кітаби сөздер мен діни сөздерді (жаназа, жаннат, бейіш, тозақ, пітір, зекет, аят, имам, мүфти т.б.) жатқызуға болады.
Пассив сөздер дегеніміз тілде сирек қолданылатын сөздер. Пассив сөздерге қазіргі кезде көнерген я көнере бастаған сөздер және көпшілікке әлі кең таралмаған жаңа сөздер – неологизмдер жатады. Жалпы алғанда қазақ тілінің жалпыхалықтық лексикасының стилистикалық тұрғыдан жіктелімін кесте түрінде төмендегідей көрсетуге болады:



Кесте 1. Жалпыхалықтық лексиканың стилистикалық ұрғыдан жіктелісі


Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. –Алматы, 2003.
2. Айғабылұлы А. Қазақ тілі морфонологиясы мен лексикологиясы. –Алматы, 2006.
3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. –Алматы, 2008.
4. Шалабай Б. Қазақ тілінің стилистикасы. – Алматы, 2006.
5. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. –Алматы, 2005.
6. Сыздықова Р. Сөз құдыреті. – Алматы, 1997.


Тақырып бойынша орындалатын тапсырмалар:
1. Сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері.
2. Кітаби лексика. Кітаби стильге жататын тілдік бірліктер.
3. Әдеби сөйлеу тілі мен қарапайым сөйлеу тілі. Ортақ тұстары мен өзіндік ерекшеліктері.
4.Тұрмыстық сөйлеу тілі, варваризмдердің көркем шығарма тіліндегі қолданысы.


Зертханалық жұмыстар


1. Мәтіннен эмоционалды-экспрессивті мәні бар сөздерді тауып, олардың қолданысындағы стильдік реңктер мен жасалу жолдарын айқындаңыз.
Атқа мыжырайып отырысы және қамшыны солақай ұстауы өз туыстарының бірі екенін айнытпай танытты Шалабай! Кешегі мұрнының қаспағын жия алмай жүрген жаман Қожаның өз ақылымен іштеніп, төрт құбыласын сай етіп алғаны жамағайындарының көңіліне қызғаныш құртын түсіріп, көре алмас күңкіл-күңкіл сөз тудырды. Ырылдаса беруге аналардың жүзі шыдап қара бет бола берсін, сенің инабатың бар еді ғой. Бірақ, осынау сорлы сорап үстіндегі ағайын арасында өткен шатақ шайқастардың қайсы бірі де от басының бықсыған шекесінен туып, бәріне де сіңісті боп кеткенін ешкім де есептей бермейтін және түбі осы дерт алып жейтінін де ескермеді. Бұрынғы әке-шешесіне жасайтын шолжақ еркек шоралығы бірте-бірте нәзік еркелікке ұласып өзгеше көрініс тауып, кешегі былдырлап жүрген тұрымтайдай қыздың жарқ етер қырларын таныта бастады. Ол осынау азапты әрі тәтті сезім асқынған сайын, барлық дүниеден оңашаланған оқшау сандалысқа салынып, өңі түгіл түсінде көрмеген жұмбақты бейнені қуып, сағымданған даланы кезе беретін. Жар сабалап жарысып жатқан тоқпейіл толқындар дүлей, қыз мұңын, қыз әнін тыңдай алмады. Ардақ алдында таңғажайып көрініс беріп, кербез керіліп жатты. Қожа көзін сығырайта, тесіліп ұзақ қарады. Бір кезде сықсиған көзі бағжаң ете қалды. Мүмкін, мынау кеудесі есіктей қара бұжыр кісі Алмасты танитын шығар. Қазандай басын суға тығар ма едім? Екеуі жетіқараңғы түнде ақшабақша асыр сап, меңірейіп, жусап жатқан тауды азан-қазан қылды. Ардақ есінен мүлдем ауысты білем, Салықтың көп-көп дарақы қылықтарына мән бермеді. Май шам бықсып жанып тұр. Бүйірі бүлк етіп, ішіндегі сәби тебініп қалған сәтте, шыңғырып далаға қашатын. Ол тұңғыш рет ананың не себептен ардақты, салқар да шалқымалы айдындай айбарлы екенін ұғып, ана жүрегінің зар-запыранын еншіледі. Айналайын, анам-ай, айтшы ақылыңды - неден сорлы болдым, әлде мен туғанда қалжа жемедің бе, әлде әкемді сүймеп пе едің; бір-біріңе жылы сөз айтып, күле қарағандарыңды көрмедім ғой. Сол кезде бұжыр қара, күжірейген жуан мойын Қоқыш қыңыр сөзді қостай берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет