1. Баға қою механизмі Диалогты оқыту механизмі


Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау



бет8/32
Дата13.05.2022
өлшемі0,89 Mb.
#34335
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32
Байланысты:
проф билет

6. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау

Білім алушылардың жетістіктерін бағалау үшін бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудың оқу тапсырмаларына сабақта қарастырылған, меңгерілген оқу мақсаттары енгізілуі тиіс. Оқу критерийлері оқу мақсаттарына сай болуы тиіс.

Нәтижелерді бағалау критерийлері оқушыларға дайындық деңгейінің мұғалім ұсынған талаптарына сәйкес екендігін белгілеуге, мұғалімге оқыту процесіне түзетулер енгізуге, жұмыс күрделілігінің деңгейін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.

Мұғалім білім алушылардың оқу жетістіктерінің бағалау критерийлерін өзі таңдап, әзірлей алады.

Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың міндеті – оқушылардың ағымдағы оқу жетістігін, аралық нәтижелерін белгілеу. Оның нәтижесі бойынша білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балл қойылады.

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын мұғалім оқу бағдарламасындағы өтілген материалдың күрделілік деңгейі мен мазмұнын есепке ала отырып құрастырады. Тапсырмалар оқу мақсаттары, бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес болуы тиіс.

Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу алгоритмі келесі кезеңдерден тұрады:

1) оқу бағдарламасын, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша оқу мақсаттарын талдау;

2) жиынтық бағалауда тексерілетін оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлерін анықтау, оларды ойлау дағдыларының деңгейлерімен сәйкестендіру;

3) ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келетін тексерілетін критерийлердің, оқу мақсаттарының мазмұнын қамтитын бір немесе бірнеше тапсырма дайындау;

4) әр тапсырмаға дескрипторлар құрастыру және балл белгілеу;

5) білім алушыларға, олардың ата-аналарына жиынтық бағалау нәтижелерін ұсыну үшін бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау рубрикасын құрастыру

Бөлім бойынша жиынтық бағалауды сабақта 15-20 минут уақытқа есептеп жоспарлау ұсынылады.

Мұғалім бөлім бойынша жиынтық бағалаудың нәтижелеріне талдау жасайды. Бұл оқушыларға пайдалы кері байланыс беруге, сыныптың оқу жетістігі деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мұғалім қажеттігіне қарай алдағы сабақ жоспарларын, тапсырмалар мен қалыптастырушы бағалау тәсілдерін, жиынтық бағалау тапсырмаларын қайта қарастыруы мүмкін

Бөлім бойынша жиынтық бағалауда орындалған жұмыстардың нәтижелері оқушыларға түсінікті болып, одан әрі білім алуға ынталандыруы қажет.

Кері байланыс білім алушылардың қол жеткізген оқу жетістігінің деңгейі туралы ақпаратты қамтуы тиіс. Бұл оқушылар мен ата аналарға оқушының әр бағалау критерийі аясындағы оқу жетістігін сипаттайтын рубрика түрінде беріледі.

Енді бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмасын әзірлеу алгоритмінің дескрипторлар құрастыру, балл анықтау қадамына тоқталайық.

Тапсырманы орындаудың әрбір қадамын сипаттайтын дескрипторларды құрастыруға ерекше назар аударуды ұсынамыз.

Тапсырманы орындаудың қадамдарын сипаттайтын дескрипторлар мұғалімге оқушылардың осы тапсырманы орындау барысында нені түсінбегенін анықтауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты мұғалім өзінің оқу жоспарын жетілдіріп, оқу процесіне түзету енгізуі мүмкін.

Дескрипторлар қалыптастырушы бағалау мен бөлім бойынша жиынтық бағалау процесінде қолданылады.

Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларында әрбір дескриптор 1 балмен бағаланады.

Дескрипторлар тапсырмамен қатар әзірленеді. Бұл тапсырманың, бағалаудың сенімділігі мен валидтілігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ әртүрлі тапсырманы тексеруші мұғалімдердің объективті және дұрыс бағалауына көмектеседі

Дескриптор құрастырғанда нені ескеру керек?

Дескриптор оқушының қиындықтарын анықтауға және оған кері байланыс ұсынуға көмектесуі қажет.

Дескрипторларды тұжырымдау кезінде «біледі», «түсінеді», «жасайды» сияқты сөздерді қолданбаған жөн. Мұндай сөздер бағалауда қиындық туғызады және тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты әрекетті сипаттамайды.

Ашық тапсырмаларға дескриптор құрастыру таңдалған орындау тәсілдерін сипаттаудан басталады. Бұдан әрі аралық әрекеттер мен алынған жауап сипатталады.

Мұғалім өз тәжірибесіне және кәсіби пайымдауына сүйене отырып, тапсырмаларды орындау кезінде қандай аралық қадамдарды бағалауы керектігін анықтайды.

Тапсырмалардың дескрипторлары бағалау кезінде мұғалімнің шешімі объективті болуы үшін анық, нақты болуы қажет. Бұл бағалау нәтижелері бойынша оқушылар мен олардың ата-аналарына сындарлы (конструктивті) кері байланыс ұсынуға мүмкіндік береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет