1. Баға қою механизмі Диалогты оқыту механизмі


Тоқсандық жиынтық бағалау үрдісі



бет7/32
Дата13.05.2022
өлшемі0,89 Mb.
#34335
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32
Байланысты:
проф билет

5. Тоқсандық жиынтық бағалау үрдісі

Енді тоқсан бойынша жиынтық бағалау процесін қарастырайық.

Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан аяқталғанда оқушының оқу тоқсаны көлеміндегі жетістігін өлшейді, оқу бағдарламасы мазмұнындағы білім, дағды және түсінуге қатысты дәлелдеулерді ұсынады. Оның нәтижесінде тоқсандық қорытынды баға қою кезінде есепке алынатын балл қойылады.

Тоқсандық жиынтық бағалауда әр түрлі бақылау-тексеру жұмыстарын өткізу қарастырылады. Жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастырғанда оқушының түрлі ойлау дағдыларының деңгейін көрсететін деңгейлік тапсырмаларды қарастыру қажет. Тапсырмалар төменгі ойлау деңгейлерімен қатар тест спецификациясына сәйкес талдау, жинақтау және бағалау сияқты жоғары ойлау дағдыларын бағалауға мүмкіндік беретіндей әзірленеді.

Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау мен ұйымдастыру пәннің оқу бағдарламасы мен оқу жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлағанда алдымен тест спецификациясын, оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына шолу жасау керек

Тоқсандық жиынтық бағалау процесі пән бойынша тапсырмалар мен балл қою кестесінің үлгілері ұсынылған тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясына сәйкес ұйымдастырылады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы бағалаудың мазмұнын, құрылымын анықтайтын келесі бөлімдерден тұрады:


  • тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты;

  • пән бойынша күтілетін нәтижелер;

  • пән бойынша ойлау дағдылары деңгейлерінің сипаты;

  • ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды әр тоқсан бойынша бөлу;

  • тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу ережесі;

  • тоқсандық жиынтық бағалауға шолу;

  • тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы;

  • тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгілері;

  • тапсырмалардың балл қою кестелері.

Әр мектеп өз бетінше тапсырмаларды құрастыруына болады. Бөлім және тоқсандық жинтық бағалау тапсырмаларын мектеп мұғалімдерінің өздері құрастырады.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру спецификацияға сәйкес бір параллель бойынша барлық сыныптарда бірыңғай талаптар негізінде жүзеге асырылады.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды бағалау үшін мұғалім сараланған, жеке тапсырмаларды дайындап, қолданады.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары әр түрлі болуы мүмкін, мысалы:



толық жауапты талап ететін ашық тапсырмалар.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмасын әзірлегенде пәннің сынып бойынша дайындалған спецификациядағы «Жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы» кестесін басшылыққа алу керек. Мұнда оқу мақсаттары, бөлімге белгіленген балл мөлшері стандартталған, ал кестедегі жұлдызшамен белгіленген тапсырмалардың саны мен түрін, оқу мақсаттарына сәйкес балл мөлшерін мұғалім ыңғайына қарай өзгертуіне болады.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру алгоритмінің келесі қадамдарын анықтауға болады:


тапсырмалардың балл қою кестесін құрастыру.

Сонымен, қорытындылайтын болсақ, тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары пәннің сынып бойынша дайындалған тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясына сәйкес әзірленеді. Жиынтық жұмыс тапсырмаларын бағалау үшін оларға сәйкес балл қою кестесі құрастырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет