1. Бақылау түрлері, формалары мен әдісін айтып беріңіз


Білім сапасын анықтаудың жаңа тәсілдерін жазыңыз



бет27/94
Дата31.12.2021
өлшемі2,77 Mb.
#23620
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   94
Байланысты:
багалау сессия

8.Білім сапасын анықтаудың жаңа тәсілдерін жазыңыз.

Білімнің сапасы, ең алдымен, мақсаттың және нәтиженің сапасы, одан кейін басқарудың, ұстаздың, педагогикалық әрекеттің, оқушының сапасы, ең соңында педагогикалық үрдістің сапасы. Бұл –жаңа кезеңде адамдарды өмір сүруге баулу үшін бұрынғыдан да мол деңгейде білім беру деген сөз. Демек, бүгінгі заман мұғалімі қазіргі қоғамдық-әлеуметтік талаптарға жауап беретін, жан-жақты, білімді, жаңашыл ойлау дағдысын меңгерген, оқушының жан-жақты дамуын ұйымдастыра алатын жаңашыл тұлға болуы керек. Бүгінгі таңда білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Осыған орай қазіргі білім саласының мамандары үнемі оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында іздену үстінде. Білім беру жүйесіндегі шешуші жолдардың бірі- оқытуды жаңаша ұйымдастыру немесе технологияландыру деп түсінемін.

Қазіргі заман талабына сай білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам педагогикалық технология қолданылып келеді. Түрлі зерттеулер нәтижесінде бұл технологиялар мектеп тәжірибесіне де енгізілген.

Педагогикалық технология бойынша оқушының білім, білік, дағды арқылы дамыту керек. Әр оқушының деңгейіне қарай бағдарлама дайындау қажет. Ол үшін әр түрлі бағыттағы бағдарлама құру, әр оқушының жеке жұмыс қабілетін ескеру, сынып тапсырмаларын, үй жұмысын баланың ерекшеліктерін ескере отырып беру керек.

Біз өз іс- тәжірибемізде көп жағдайда баланың нені білуі немесе нені білетіндігі туралы көп ойлана бермейміз, тек қырық бес минуттағы сабағымызды өзімізше жоспарлағанды толықтай өткізсем, онда мақсатқа жеттік деп ойлайтынмыз, ал шын мәнінде кімге және қалай болды деп ойлана бермейтінміз. Ал осы жаңа тәсілдерді тиімді енгізу барысында, көп нәрседе қателесетінімді түсіндім. Сондықтан мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. 

Білім сапасы –басты көрсеткіш десек, сол білім сапасын арттыру мақсатында қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдерді атап көрсетуге болады. Сондай тәсілдердің бірі - білім кеңістігінде кеңінен танымал жапондық Lesson Study тәсілі. Lesson Study - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Lesson Study - оқушылардың білімдерін көтеру мақсатында өткізіледі

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет