1. Білім сапасын бағалаумен байланысты қазіргі мәселелерді өз сөзіңізбен айтыңыз.
Әлемдік сарапшылар білім жүйесін салыстыруға келетін 48 елді назарға алып отыр. Олар алдымен білім саласына салынған инвестиция көлемін, мамандар дайындау мәселесін, оқу орындары арасындағы әріптестік тағы да басқа 20 шақты критерийді негізге алған. Сол бойынша анықталған білім беру жүйесі ең озық тұрған 26 ел бар десек: алғашқы бестікке АҚШ, Швеция, Канада,Финляндия және Дания кіреді.
Білім мазмұнын реформалауда бағалау жүйесіне өзгерістер еңгізу қажеттілігі жатыр:оқушылардың үлгерімі, оқу орындарының қызметі, мұғалімдердің біліктілігі.
ХХ ғ 90 жж бағалау жүйесін модернизациялау маңызды орынға шықты. Оқыту нәтижелерін бағалауда жаңаша жолдарын іздестіруде әр түрлі елдерде алға қойылуда.Бағалау жүйесін жаңартуда ЕО елдері келесі түсініктер жасақтау үрдісі жүріп жатыр:
Баға үшін бастама болу керек: басқаша оқушылармен салыстырғандағы оқушының жеке-тұлғалық қалыптасуы /салыстырмалы критериалды бағалануы/,бағалардың шынайы қойылуы.Бағалау үдерісінің сапалығын қалай қамтамасыз етуге болады?Осы проблемаларды шешу батысевропалық елдерде оқыту деңгейін, орта білім беру сапасын көтеруде маңызды қадам болады.Оқушылардың үлгерімін бағалау бағалаудың кең таралған түрі. Оқушыларға сабақ барысында сұрақтар қою арқылы жауап алу,әр түрлі жұмыс түріне баға қою.Сыныптағы бағалаудың нормативті және критериалды бағалау.Оқушылардың оқу үлгерімін бағалаудың сыныптан сыныпқа көшіру кезінде қолданылатын бағалау түрі оқушылардың жыл бойы алған білімдерін бекіту мақсатында қолданылады. Шетел зерттеушілерінің айтуынша бағалаудың бұл түрі оқушылардың дамуының шынайы көрінісін көрсете алады .
Қазіргі мұғалім - педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын; педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын; оқушылармен ортақ тіл табыса алатын; білімді, іскер, шебер болу керек. Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері- өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан- жақты дамыту.
Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Қазіргі оқушы - дүниетаным қабілеті жоғары; дарынды өнерпаз; іздемпаз, талапты; өз алдына мақсат қоя білу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |