Міндеттер



Дата16.03.2023
өлшемі1,94 Mb.
#74747
Байланысты:
Әдістемелік тәсілдердің түрлері слайд

Міндеттер:

  • Оқытушылардың белсенді әдіс-тәсілдер туралы білімдерін кеңейту;
  • Шеберлік сабағына қатысушылардың белсенді әрекет етуіне жағдай жасау.

Күтілетін нәтиже:
  • белсенді оқытуды тәжірибеде қолдану үшін оқытушылардың көзқарастарын оңтайландыру.

Белсенді оқыту әдістерін пайдалану кезінде:

• тиянақты білім; • қиялдау мен шығармашылық; • тез тіл табысу; • белсенді өмірлік көзқарас; • командалық рух; • жеке; дербестік құндылық; • өз пікірін білдіру, еркіндік; • іс-әрекетке ерекше назар аудару; • өзара сыйластық дағдылары дамиды

Белсенді оқыту стратегияларын қолдана отырып, төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады:

Белсенді оқыту стратегияларын қолдана отырып, төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады:

- Жеке, жұпта, топта жұмыстап, нәтижеге қол жеткізуге болатындығын түсінеді;

- Студенттердің бірін-бірі үйретіп, өз бетімен тақырыпты меңгере алатындығына сенімдері артады;

- Шығармашылық тапсырмаларды орындайды;

- Алған білімдерін әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындауда қолдана алады.

Оқытушыларға ұсыныс:

- Сабақты түрлендіріп өткізіп, студенттің өз бетімен меңгеріп, өз ойын еркін айтуына мүмкіндік беру керек;

- Өз бетімен жұмыс белгілі бір мақсатқа бағытталған, студент орындай алатындай етіп таңдалуы тиіс;

- Студенттерге өз білім деңгейлерінің қай жерде екенін анықтау үшін бағалау жүйесін өзгертіп, бәсекелестік орта қалыптастыру;

- Студенттердің пәнге қызығушылығын арттырып, білімдерін қолдана алуы үшін, белсенді оқыту стратегияларын тиімді қолдану.


Белсенді оқу
  • Өз тәжірибесінің негізінде үйрену:
  • оқушыларға эксперимент жасап, мәнін ұғынып, түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді;
  • жаңа білімді бұған дейінгі білім-мен байланыстырады;
  • қателіктер бізге өзімізді тексеріп, түсінігімізді жетілдіруге жол ашады;
  • нәтижесі – терең білім;
  • көзқарасты өзгертеді.

Ғ суреті
  • Құрылымдалған топтық жұмыс:
    • Тұлға аралық қарым-қатынас дағдыларын жетілдіреді;
    • ақпарат алу және жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын жетілдіреді;
    • тиімді дербестікті дамытады – «біз бірлесіп табысқа жетеміз»;
  • оқушылар арасындағы тосқауылдарды бұза алады.

Бірлескен оқу
Ә суреті
  • Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастыру-дың әдістері мен тәсілдерінің жиыны.
  • Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.

 Ойын технологиясы
Е суреті
Пәнаралық байланыс
Оқу пәндері арасында байланыс орнату:
    • білім беру бағдарламасының аясын кеңейтіп, теңестіреді;
    • тереңірек білім алуға мүмкіндік береді;
    • көптеген дағдыларды қалыптастырады;
    • түсінік пен дағдыларды дамытуға көмектесе алады;
    • оқудың анағұрлым саналы меңгерілуіне көмектеседі;
    • оқуға деген уәжді арттыра алады.

Б суреті
  • Проблемалы оқыту – мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу.
  • Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.

Проблемалы оқыту
А суреті
  • Оқушылардың тапсырмаларды өзара талқылауы:
  • оқушылардың көбірек үлес қосуына мүмкіндік береді;
  • оқушылардың бір-біріне білім мен дағдыларды үйретуіне жетелейді;
  • тақырыпты терең түсінуіне жол ашады;
  • оқушылардың өз үлгерімі туралы ойланып, әрі қарай не істеу керектігі туралы шешім қабылдауына мүмкіндік береді;
  • тапсырманы күрделендіріп, оқушылардың уәжін арттырады.

Оқу әңгімелері
В суреті
  • Технологияларды пайдалану:
  • белсенді оқудың қызықты тәсілдерін ұсына алады;
  • уәжді арттыра алады;
  • зерттеу жүргізу, қарым-қатынас жасау, ынтымақтастық орнату және тапсырмаларды тиімді іске асыру үшін қолданылады;
  • оқушылардың ақпарат іздеп, өз тәсілдерін табуына мүмкіндік бере отырып, олардың өз үлесін қосуына септігін тигізеді;
  • сыныптан тыс өз бетінше білім алуға мүмкіндік береді.

Электронды оқу және жаңа технологияларды пайдалану
Д суреті
Модельдеу
  • Іске асып жатқан ойлау үдерістерін түсіндіре отырып мысал ұсыну:
  • оқушыларды бір мезгілде пән мазмұны туралы ойлануға және сарапшы ретінде әрекет етуге жетелейді;
  • оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне көбірек мүмкіндік беріп, тапсырманы кезеңдерге бөледі;
  • үдеріс туралы ойланып, рефлексия жасауға ынталандырады.

Г суреті

Венн диаграммасы


Оқиға кейіпкерлерінің өзара ұқсастығы, айырмашылығы ажыратылады.

«Он сұрақ!» әдісі

Мұғалім бір студентті таңдап алады және оның басына негізгі сөз жазылған қалпақшаны кигізеді. Қатысушы топқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.


өз бетінше проблеманы анықтау, шешу жолын табу және шешім қабылдау, болжам жасау, қорытындылау
90%
проблеманы өзі анықтау, құрастыру
80%
топта пікіралмасу
50-70%
көргені
30%
естігені
20%
оқығаны
10%
Алған ақпаратты
есте сақтаудың
орташа пайызы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет