1. Бактериялардың морофлогиялық негізгі топтары. Анықтамасы. Мысалдар. Сфера пішінді


Дизентерия. Ауру қоздырғышы. Микроорганизмнің морфологиялық, тинкториялдық қасиеттерін сипаттаңыз. Берілген аурудың нмдеу принциптері мен алдын алу шаралары



бет21/38
Дата31.10.2023
өлшемі272,71 Kb.
#120993
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38
Байланысты:
микро

19.Дизентерия. Ауру қоздырғышы. Микроорганизмнің морфологиялық, тинкториялдық қасиеттерін сипаттаңыз. Берілген аурудың нмдеу принциптері мен алдын алу шаралары.

(Уникальность: 100.00%)
Тоқ ішекке зиян келтіретін дизентерия немесе шигеллез Шигелла туыстастығының бактериялары. Олар жұқпалы ауру тудырады. Туыстықтың бұлай аталуы қоздырғышты тапқан К.Шиганың атымен аталған.
Шигеллалар – грам теріс. Шеткі жақтары жұмырланып келген таяқшаларға ұқсас. Споралар түзе алмайды. Талшығы болмау себебінен қозғалмайды. Кейбір штамдарында түктер және жыныстық кірпікшелер байқалып жатады. Тіпті кейбіреулері микрокапсулалы болып келеді. Бұлар факультативті анаэробтар. Қоректік ортаны талғамайды.
Дизентерияның қоздырғыштары шигелла туыстастығына, Enterobacteriaceae тұқымдасына жатады. Температураға, ылғалдылыққа, қоршаған ортаның рН-на, микроорганизмдердің түріне және санына байланысты дизентерия бактерияларының өмір сүру ұзақтығы бірнеше күннен айларға дейін созылады. Тағам - бактериялар үшін қолайлы орта. Шигелла сүт өнімдерінде ұзақ уақыт өмір сүріп қана қоймай, көбеюге де қабілетті.
Дизентерияның қоздырғыштары кептіруді және төмен температураны жақсы көтереді, бірақ күн сәулесі мен қыздырудың әсерінен тез өледі (60 ° С - 30 минуттан кейін, 100 ° С - бірден). Қалыпты концентрациядағы дезинфекциялаушы заттар (гипохлориттер, хлораминдер, лизол және т.б.) дизентерия бактерияларын бірнеше минут ішінде жояды.
Емдеуіне тоқтала өтсем, көп жағдайда ем симптомды түрде басталады, әсіресе су-тұз балансын қалпына келтіру мақсатында алынады. . Инфекция табылған адамдарды міндетті түрде антибиотикограмманы ескере отыра, кең спектрлі антибиотиктермен, атап өтсем ампициллин, ципрофлаксацин, тетрациклинді қабылдау арқылы емделеді. Себебі, дизентериялардың ішінде антибиотиктерге тұрақты түрлері ғана емес, оған қоса антибиотикке тәуелді түрлері де кездеседі. Дизентерияның жеңіл түрінде антибиотиктерді қолданбайды. Өйткені оларды қолдану дисбактериозға әкеліп соқтырады. Бұл патологиялық процесті ауырлатып, тоқ ішектің шырышты қабықшасындағы қалпына келу процестерін бұзады.
Профилактикасына келсем, ауруды жұқтырмау негізінде, жылдам жағдайларда пайдаланатын жалғыз препарат –дизентериялық бактериофагты айта аламыз. Негізінде бейспецификалық алдын алу маңызды рөл атқарады.
Микробиологиялық диагноз қою үшін зерттелетін материалдарға нәжіс, ірің, ас тағамдары жатады. Диагноз қояр кезінде жеделдетілген, бактер-лық, серол-лық әдістер қолданылады. Бұның ішінде қоздырғышты идентификациялай алатындықтан бактер-лық әдіс негізгісі ретінде саналады. Ұзаққа созылған дизентерия болса сериологиялық әдістер, АР, ПГАР арқылы анықталады. Жеделдетілген әдістер болса: ИФТ, ПГАР, КоАР.

20. Іш сүзегі қоздырғышы. Морфологиялық, тинкториалдық қасиеттерін сипаттаңыз. Аурудың негізгі берілу жолы мен зерттеуге алынатын материал. Берілген аурудың емдеу принциптері мен алдын алу шаралары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет