29.Кедей балаларын оқуға тарту, оларға өнер-білім алуға ақын-жазушылардың еңбектері 29. Кедей балаларын оқуға тарту, оларға өнер-білім алуға ақын-жазушылардың еңбектері/ Привлечение бедных детей к учебе, привлечение их к обучению искусству и трудам поэтов и писателей.
1927 жылы жарық көрген «Жаңа мектеп» журналында жарияланған «Жас балалар кітабына қойылатын шарттар» атты Қазақстан Оқу Комиссариатының нұсқау хаты жарияланды. Бұл құжаттың құнды жағы-балалар әдебиетін жасауда олардың жас ерекшелігін ескеру керектігі жөніндегі талаптарында еді. Осы аталған нұсқау хатты басшылыққа ала отырып жасөспірімдерге коммуналық мектептерде, сахнада, мерекелі жиындарда тақпақ етіп айтуға ыңғайланып, жазылған С.Сейфуллиннің «Октябрь күні», І.Жансүгіровтың «Оқимын» өлеңдері балалар әдебиетінің жаңа бет алысы, қоғамның эстетикалық идеясының көрінісі болып табылады.
Осы кезең әдебиетінде кедей балаларын оқуға тарту, оларға өнер-білім, техника пайдасын түсіндіруде Ғ.Ормановтың «Кітап», «Жолда», А.Тоқмағамбетовтың «Тапқаны ғылым емес пе?», Ш.Иманбаеваның «Біздің сәуле», «Жас ініме» т.б. өлеңдерінің мәні ерекше болды.
Еңбек тақырыбына жазылған С.Сейфулиннің «Бұлшық ет», І.Жансүгіровтің «Малта», А.Тоқмағамбетовтің «Оқушы», Қ.Әбдіқадыровтың «Еңбек», «Сырдария» және тағы басқа өлеңдері балаларды ұжым ортасында еңбекке тәрбиелеу, еңбек табысын түсіндіруге бағытталды.
Отызыншы жылдары Қазақстанда халық шаруашылығын жолға қоюмен қатар білім беру саласында елеулі өзгерістер болды. Бастауыш, орталау, орта мектептер саны арта түсіп, кітапханалар мен қызыл отаулар ашылды.
1930-32 жылдары БК(б)П Орталық Комитеті балалар әдебиетін көптеп бастыру жайлы қабылдаған қаулыларды республикадағы балалар әдебиетінің өсуіне үлкен әсер етті.
Кеңес жазушыларының бүкілодақтық I съезінде (1934) С.Маршаковтың балалар әдебиетінің жайы мен міндеттері туралы баяндама жасады. Осы аталған съезде М.Горкий жазушылар мен ғалымдарды, педагогтарды балаларға арналған әдебиет жасауға шақырды.
Қазақстан жазушыларының екінші съезінде (1939) балалар әдебиетін дамытуға арналған шаралар белгіленді
30.С.Дөнентайұлының «Балалықты сағыну» өлеңін талдаңыз
31.Балаларға арналған Жамбыл поэзиясының тәрбиелік мәні Балаларды кеңестік патриотизм рухында тәрбиелеу міндеті Ұлы Отан соғысы жылдарында бұрыннан гөрі ерекше жауаптылықпен қолға алынды. Жас өспірімдердің рухын көтеретін Жамбыл өлеңдеріңің осы жылдар ішіндегі ролі, оның патриоттық рухы жастар үшін мейлінше ықпалды болды. Елімізге қатер тудырған неміс басқыншыларының зұлымдық әрекеттері әдебиетіміз бен мәдениетіміздің өркендеп өсіп бара жатқан бағытын тоқыратып, тоқтатып тастай алған жоқ. Балалар әдебиеті тақырыбына жазылған соғыс жылдарындағы шығармалар балалардың жауға деген өшпенділігін арттырды.
Жас болса да, оя мен солын танытып, олардың жауынгерлік рухын көтере түсті. Ақын «Балама хат» деген өлеңінде:
Есінде, балам, бар шығар, Айтқаным Отан әмірін. Шегінбе жаудан жанды сал, Шешілмек содан тағдырың— деп, әкелік әмірін көрсете, баласынын алдына шарт қойып, жауапты міндеттер жүктеді. Балаға үміт арта сөйледі:
Аянба, балам, аянба! Бәлекет сонда аршылар. Алғадай, ылги алда бол, Аянған адам болмақ кор! Бәйгеге барын тігемін,
Сендерге арнап осы жол. Достарыңа осыны айт, Жауларыңды жеңіп кайт! Айтарым арнап, саған сол әке әмірі екі етілген жоқ орындалды. Көп ұлтты каһарман кеңес халқы жер жүзінде өздерінің ерлік, патриоттык күшін танытып, Ұлы Отан соғысын жеңіспен аяқтады. Басқыншылықпен кіріп, біздің бейбіт өмірімізді шайқаған неміс қарақшыларының тасталқанын шығарды, тізе бүктірді, жермен жексен етті. Балаларға арналған Жамбыл өлендерінің патриоттық сезімдерге толы күш-қуаты осындай ерекшеліктерінен көрінеді.
Жамбыл ақын өмір бойы сахарадай кең даланы, асқар тауды, ел ынтымағы мен ұлт татулығын, ер жүрек батырлардың ерлік істерін жырлап өтті. Жыры арқылы туған жерді, елді, Отанды сүюге, оны құрметтеуге, ел тұтастығын мен бірлігін сақтауға және ел үшін, туған жер үшін күресе білуге, батырлардан үлгі алып, бабалар аманатын сақтауға үндейді. Мысалы, «Жүз жасаған жүректен» өлеңінде:
«Уа, қарағым, балалар!
Ер бол демей, не дейін.
Ереуілді майданда,
Үстем болсын мерейің!
…Жүз жасаған жүректен
Жырларымды төгейін», [1., 104-б.] – деп балаларды ерлікке шақырады.
Жырау туындыларының негізгі мақсаты – ел еңсесінің биік болуы. Еңсемізді тік ұстау үшін біз өз бойымыздағы қанымызбен берілген батырлықты, адалдықты, отансүйгіштікті әлсіретпей, жалындатып, жандандырып отыруға тиіс екенімізді дәріптеді. Бүкіл өмірін адамгершілік құндылықтары мен әділеттілікті дәріптеуге және патриотизмге тәрбиелеуге арнаған жырауды орыс әдебиетінің көрнекті ақыны Николай Тихонов: «Өз халқының ар-намысы, дауысы, жүрегі мен шынайылығы» деп бағалауы тегіннен тегін емес еді. Жыраудың өзі айтқандай, шын есімі «халық» деп аталатын ұлы тұлғаның қазыналы жырларын өскелең ұрпаққа дәріптеу – ең бірінші кезекте мұғалімдердің міндеті екені анық.
Орта мектеп оқулықтарында Жамбыл шығармашылығын оқыту бірнеше сағатқа ғана тоғыстырылған. Жыраудың тәлім-тағылымға мол мұрасын бұл сабақтарда толықтай беру жеткіліксіз. Сол үшін қосымша сыныптан тыс іс-шаралар өтіп, шәкірттерге патриоттық тәрбиенің нағыз қайнар көзін беруге болады. Қызықты презентациялар (слайд) жасау арқылы жырау шығармашылығымен таныстырып алған соң, оның өмірінен, шығармашылығынан түрлі сұрақтар қоя отырып, білімді бекіте түсу оң нәтиже берері сөзсіз. Немесе ақын өлеңдерінің мазмұнына байланысты суреттер салғызып, көрме ұйымдастырып, онда барлығы өз суреттерінің мән-мағынасын ашып әңгімелесе, алынған ақпарат жүз пайыз бала санасына бекитіні даусыз. Қазіргі таңда онлайн режимде жұмыс жасап жатқандықтан, түрлі байқауларды қашықтықтан ұйымдастыруға да болады. Көрмелердің орнына оқушылардың салған суреттерін бір видеороликке тоғыстырып, өзге сыныптарға эстафета қылып жолдау шәкірттердің қызығушылығын тудырып, бәсекелестікке жетелейді. Көзбен көру арқылы оқушылар ойша елестетіп, қиялын дамытады. Сондықтан «Галереяға саяхат» әдісі арқылы бейне бір мұражай аралағандай қылып, Жамбылдың тұрған үйін, пайдаланған заттарын, замандастарымен жүздескен сәттерін көрсете отырып, ақын өмірбаянын және шығармашылығын нәтижелі игертуге мүмкіндік мол. Мұндай әдіс арқылы санада сақталған ақпарат уақыт өте келе еш ұмытылмай, керісінше Жамбыл атын естігеннен саналарында жаңғырып тұрары сөзсіз.
Белгілі ғалым Мырзатай Жолдасбеков «Қазақ халқы табиғатынан ақын, жыршы халық. Белгілі шығыстанушылар, білікті орыс ғалымдары мұны талай мойындап жазған», [2., 251-б.] – дей келе, Жамбыл туралы бірталай зерттеу жүргізіп, жыраудың ақындық ортасы туралы сөз қозғайды. Оның тәлім алған ұстаздары мен өзі үлгі болған шәкірттері туралы кеңінен толғап жазады. Сол сияқты біз де өскелең ұрпаққа жырау поэзиясын оқыта отырып, оқушылар арасынан Жамбылдай жыр сүйер тұлғаны қалыстастыруымыз әбден мүмкін. Көрген, білген, оқыған, тоқыған ілім жоғарыда атап өткен әдіс-тәсілдерден кейін оқушы бойында тұншығып жатпасы анық. Санаға сіңген білім жарық күндей жарқырап, шуағын төгу үшін, оны сөз өнері арқылы жарыққа шығару керек. Яғни мұндай игерілген білімі бар шәкірттерді шешендікке баулу қиын болмайды. Шәкірттердің жас ерекшеліктеріне сай, түрлі пікірсайыстар ұйымдастыруға болады. Ал онлайн форматта Жамбылдың патриоттық өлеңдерін жаттатқызып, жыр бәйгесін жасау да тиімді тәсілдің бірі саналады. «Жамбыл – жыршылық өнердің де асқан шебері. «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр», «Көрұғлы» дастандарын жырлаған» [3., 200-б.]. Ұзақ дастандарды нақышына келтіре жырлау дәстүрін қайта жаңғыртып, жас жеткіншектер арасында бәйге ретінде ұйымдастырса, қысқа өлеңдердің байқауына қарағанда қызықтырақ өтетіні айдан анық. Мұндай сайыстарды түрлендіріп ұйымдастыру әр педагогтің шеберлігіне байланысты. Отансүйгіштікке, ерлікке, бірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелейтін жырларды жаттаған балаларды марапаттап отырудың еш айыбы жоқ. Есесіне жастайынан білім бәйгесінде шауып үйренген шәкірт есейе келе ауқымды шараларға белсене атсалысатыны ақиқат. Білім мен білікті қатар дамытып, шеберлікті шыңдап жүрген оқушыларымыз – алдағы уақытта бәсекеге қабілетті бола түспек.
Қорыта айтқанда, Жамбыл шығармашылығынан жастайынан сусындап өскен шәкірттер келешекте ел тізгінін ұстайтын рухты, жігерлі, ұлтжанды азамат боп өсетіні айдан анық. Жырау шығармаларын тек сабақ барысында ғана емес, қосымша іс-шаралар арқылы да ұйымдастыра отырып, Жамбыл жырларындағы тұнып тұрған ұлттық құндылықтарды, ар, намыс, батырлық, ерлік, отансүйгіштік сынды тәрбиені сіңіруге жұмыстанудың алғашқы қадамын жасау – біздің, яғни ұстаздардың қолында екені даусыз. «Не ексең, соны орасың» дегендей, Жамбыл жырларынан қуат алып өскен ұрпақ ел тарихын жіті түсініп, ұлт құндылықтарын қастерлеп, тәуелсіздіктің қадірін біліп өсері сөзсіз. Сондықтан, мұндай нәтижеге жетудегі біздің мақсат – жырау туындыларын тиімді, қызықты тәсілдермен оқыту, санаға тоқыту, сол арқылы мәңгілік елдің саналы ұрпағын тәрбиелеу.