1. Балалар әдебитенің қалыптасуы мен даму жолдарын жазыңыз


Мәнерлеп оқу материалы бойынша алдын ала жүргізілетін жұмыстарды атаңыз



бет7/24
Дата20.07.2023
өлшемі180,21 Kb.
#104565
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
Байланысты:
бал адеб сессия (копия)

11.Мәнерлеп оқу материалы бойынша алдын ала жүргізілетін жұмыстарды атаңыз
Мұғалім балалар алдында  оқылатын шығарманың балаларға түсінікті, әсерлі болуы үшін шығарманы күні бұрын талдап, даярлап алады. Балалар үшін күнделікті сөйлеу  тілінде сан рет айтылып жүрген сөздердің өзі қиындық  келтіреді. Өйткені,  бастауыш сынып  оқушысының психологиясын ескерсек, оларға нақтылық тән, көп нәрселер абстрактілі. Балалардың сөздік қоры аз, осы шығармаларды оқу, талдау арқылы, өз бетімен кітап  оқу арқылы, айналадағы үлкен-кішімен  қарым-қатынас жасау арқылы жаңа сөз үйреніп, сөздік қоры біртіндеп  дамиды. Сондықтан балаларға мәнерлеп оқуға ұсынылатын шығарманы жан-жақты талдап алып қана оқуға береді. Оқу кезінде жоғарыда айтылған мәнерлеп оқудың барлық әдіс-тәсілдерін қолданып жеткізеді.
Ол үшін мәнерлеп оқып беруге ұсынатын бір шығарма бойынша  алдын ала қандай жұмыс жүргізуге  болатынына мысал келтірейік.
Мысалыға  «Ан тілі»  оқулығында «Құстар айтысы»  үнді ертегісін мәнерлеп оқуға даярлау  үшін мұғалім не істер еді.
1. Балалар алдында мәнерлеп оқудың үлгісін көрсету үшін алдымен іштей бір оқып алады. 2. Мәтіннің мазмұн-мағынасына сай қай жерге логикалық кідіріс, психологиялық кідіріс, грамматикалық кідірістер жасау керегін белгілеп алады.
а) Логикалық кідірістер қойып оқуға құстардың ақылдасу сөздері, келісімге келген жерін  оқу;
ә) Психологиялық кідірістерді құсбегінің, жүгіріп келе жатып ойлаған  ойын, қарға мен көгершіннің сөздерін оқу кезінде қою;
б) грамматикалық кідірістерді тиісті тыныс белгілерінің мағыналарына қарай отырып дұрыс коя білуді қамтамасыз ету.
3. Ертегінің ішінде балаларға түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерін теріп жазып түсіндіру үшін сөздік жүргізу. Олар:
Құсбегі — жыртқыш құстарды аң аулауға баулып үйрететін аңшы, немесе құс аулайтын адам.
Ынтымақ — бірлік, ұйымшылдық.
Жанжалдасу — таласу, керісу.
Ала ауыздық — бірінің айтқанына бірі көнбеу.
4. Шығарма мазмұнын мәнерлі оқу мен әңгімелеу арқылы балаларды ауызбіршілікке, ұйымшьшдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу жағына баса назар аудару.
5. Балаларды ойландыру үшін проблемалық сұрақтар қою.
— Торға түскен құстардың айтысы неліктен басталды?
— Еркін самғап жүрген кұстарды мүсәпір халге түсірген қандай жағдай деп ойлайсыңдар?
— Ақылдылық кімге тән екен?
6. Ертегіде уақиға, іс-әрекет, кейіпкерлер бар. Сондықтан оқушылар шығарманы оқып талдағаннан кейін мұғалімнің көмегімен бөліктерге тақырып немесе ат қойып жоспарлатуға болады.
Құстар айтысы
Жоспары:
1) Торға түсу
2) Құстардың акылдасуы
3) Құстар аспанда.
4) Құсбегінің ойы.
5) Ала ауыздық
Мұғалім мәнерлеп оқуға ұсынылатын әрбір тақырыпты осы тәріздес тақырып мазмұнына лайық талдап, даярланады. Сабақ барысында сыныптағы оқу сабағының әдістерімен іске асырады. Шығарманы оқушыларды қатыстыра отырып сөйлеу мәнерлеп оқу нотасын құратады.
12.Ыбырай Алтынсариннің «Бай мен жарлы баласы» әңгімесіндегі тәлім тәрбие мәселесіне тоқталыңыз
«Бай баласы мен жарлы баласы» Шыдамдылық,батылдық,сабырлылық,тапқырлылық,көрегендікке тәрбиелейді.Еңбекке деген қоғамдық, таптық козқарасты бейнелейді. «Бай мен жарлы баласы» ертегісінде, ақылсыз қолға түскен байлықтың мәнсіздігін, адам қаражат жағынан кедей болсада білімдіойламды, үйренімпаз болуы керектігін айтатындай. "Бай баласы мен жарлы баласы" – көпшілігіне танымал, әңгімелерінің шыңы десем артық айтпаймын. Бұл шығарманы оқып отырған бала еңбек етудің қажеттілігін түсінуге, өмірдің сырын ұғуға үйренеді. Туындыдағы Үсеннің іс-әрекеті «адамгершілік» деп аталатын асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Автор Асан мен Үсенді салыстыра отырып, олардың адамдық қасиеттерін еңбекке қатысына қарай талдап береді. Жұртта қалып қойға екі баланың бірінің жол таба алмай жылауы, ешнәрсе істей алмауы, шарасыздығы көрсетілсе, ал, екіншісінің ақылдылығы, еңбекқорлығы, жанынан табылған адамға жақсылық істей алуы айтылады. Оқырман басты екі кейіпкер: бай баласы мен жарлы баласы арқылы өмірдің шынайы ақиқатын түсінеді.
13.Бала тәрбиесіндегі “Бесік жыры” мен “Тұсау кесу” жырының алатын орнын анықтаңыз
Бала бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң қаз-қаз баса бастайды. Өз аяғымен туған жерінің топырағын басып, із түсіріп, өз көзімен алдына қарап бет алады. Ұядан өз қанатымен қалықтап ұшқан балапандай бала да, ең алғашқы тіршілігін бастайды. Мұны ежелден түсінетін қазақ баласының келешегіне ақ жол тілеп, тұсау кесер жасайды. Бұған дамал сойып, жұрт жияды.Баланың анасы ала-құла шуда жіптен екі-үш қарыс дайындап, оны ауылдағы ең бір желаяқ пысық әйелге: «Ал, тұсауды сен кес. Өзіңдей пысық болсын» деп ұсынады. Ол кісі ала жіпті баланың екі аяғына тұсамысша байлап сонан соң ортасынан кеседі. Бала андайдағы апасына қарай тәлтіректей жөнеледі. Міне, осыдан бастап кішкене қазақтың өмір жолының алғашқы ізі жер бетін шимайлайды. Тұсау кесу қазақтың өмір сапарының сәтті болу үшін ақ ниетпен жасаған ырымы, құдайға деген құлшылығы. Осы арада «баланың аяғында не себепті ала жіпбайланады, қара, қызыл, көк жіп неге байланбайды?» деген сұрақ тууы мүмкін. Бұның мәні мынада: қазақ баласын сөзді естіп ұға алатын, айтқанды ептеп істейтін кезінен – осы тұсауы кесілгеннен бастап ұрлыққа, зорлыққа, жырындылыққа барма, жолама деп баулиды. Біреудің ала жібін аттама, бүлінгеннен бүлдірге алма дегенді әу бастан ақ құлағына сіңісті етеді. Аяқтағы жіптің ала болуы да, оның кесілуі де жоғарыдағыларға жолама, ондайдың жолын қолыңнан келсе кес, дүниенің азы біреудің бір құлаш жібіне, ең құрығанда бұзауға моншақ болар деп қызықпа, тұсауындағы жіпті кескендей ондай арам ой кезіксе кесіп-құртұға тырыс дегені. Бұл – екінші себебі. Бірінші бастағы айтқанымыздай баланың келешегіне жол ашу, ақжол тілеу. Жоғарыдағы біз сөз еткен бессалтты қазақ ұлға да, қызға да ортақ істеді де, алдағы ашамай тойы, тоқым қағуға барғанда ұл әкенің, қыз шешенің баулуына бөлініп, тәрбиенің түрі өзгереді.Бесік жыры баланы тербетіп отырып аналық мпхаббатпен айтылытын тәрбиелік тағылымдық мағыныға ие өлең жыр.онда жас бала дені сау,еңбексүйгіш өнерлі елін қорғаушы азамат болып өссе екен деген тілек байқалады.Бесік жыры үлгілерін алғаш Ә.Диваев 1905 жылы жариялаған Әй-әй бөпем, әй бөпем.
Ән айтайын,бал бөпем.
Ән тыңдағын келсе егер,
Және айтайын, жан көкем…
Бөпем менің ай ма екен?
Шекер ме екен, бал ма екен?
Ойнақтап бір бәйгіден
Озып келер тай ме екен?
Тас бұлақтар тауда екен,
Жас құрақтар сайда екен.
Көлбең-көлбең ұшатын
Көбелектер қайда екен?
14.Оқушыларға тіл дыбыстарының артикуляциясын меңгертудің маңызын түсіндіріңіз
Тіл дыбыстарын және олардың артикуляциялық жақтарын түсіну үшін , дыбыстау мүшелері мен олардың әрқайсысының қызметін жете білу қажет. Дыбыстау мүшелері мыналар : өкпе , тамақ, көмей , дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл, таңдай, ерін т.б. Дыбыстау мүшелерінің жиынтығы сөйлеу аппараты деп аталады.
Тіл дыбыстары өкпедегі ауаның сыртқа шығуынан жасалады. Бірақ олар өкпедегі ауаның жай ғана шыға салуынан жасалмайды, ол үшін сөйлеу аппаратының қатысуы шарт. Анығырақ айтқанда, тіл дыбыстары өкпедегі ауаның сөйлеу аппаратының қатысуы арқылы сыртқа шығуынан жасалады.Дыбыстау мүшелері ауа жүретін каналдың бойына орналасқан . Өкпеден шыққан ауа тыныс алатын кеңірдектің өкпеге қосылатын тарамдарынан тамаққа , одан көмейге , көмейден жұтқыншақ қуысына келеді, одан әрі ауа не мұрын қуысы , не ауыз қуысы арқылы өтеді.
Дыбыстарды айтуда , әсіресе, дауыс шымылдығы мен тіл ерекше қызмет атқарады. Дауыс шымылдығы көмейде болады . Дауыс шымылдығының керіліп тұруынан діріл пайда болады да , үн шығады. Ал, егер дауыс шымылдығы жиырылып тұрса, онда діріл пайда болмайды, сондықтан да үн де шыға алмайды. Дауысты дыбыстар осы аталған дауыс шымылдығының дірілінен пайда болады.
Көмейдің үстіңгі жағында жұтқыншақ қуысы болады. Ол ауыз қуысы және мұрын қуысымен жалғасып жатады. Дыбыстардың айтылуында ауыз қуысы мен мұрын қуысы резонаторлық қызмет атқарады. Кейбір үнді дауыссыздар (м,н,ң) мұрын қуысы арқылы жасалады. Дыбыстардың басым көпшілігінің жасалуында , әсіресе , ауыз қуысы айрықша қызмет атқарады.
Тіл дыбыстарының артикулякциясына айрықша қатысы бар дыбыстау мүшелерінің бірі – ерін. Еріннің дауысты дыбыстардың (о,ө,у,ұ…) жасалуына да, дауыссыз дыбыстардың (м,п,б..) жасалуына да қатысы бар . Еріннің сүйірленіп дөңгеленуінен еріндік дауыстылар (о,у,ө…) жасалса, екі еріннің өз ара жымдасуынан ерін дауыссыздары немесе билабиаль дыбыстар (м,б,п…) жасалады. Астыңғы еріннің үстіңгі тіске тиюінен немесе оған жуықтауынан лабиаль –денталь дыбыстар (ф,в) жасалады.
15. С. Сейфуллиннің «Сыр сандық» шығармасының тәрбиелік мәні
Сейфуллиннің лирикалық туындылары арасында ерекше танылатыны – «Сыр сандық өлеңі». Бұл туынды 1926 жылы жарық көрген, алғашында ақын өлеңін «Досқа жазылған хат» деп атаған. Аталмыш туындыда адамдар арасындағы адал достық пен сезім тазалығын шерткен, ақын адамның рухани дүниесін биік құздың басына тығылған кілттеулі сыр сандығына балайды.

Екінің бірі сол құздың басына шығып, сыр сандықты аша алмайды. Оны жан сырын терең ұғынған адал достар ғана аша алмақ. Осы орайда, «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерді ақын қалай бейнелейді?» - деген сұрақтың жауабын тауып көрейік.

Біріншіден, ақын бұл өлеңінде досқа тән ең басты қасиеттердің бірі – сенім турасында сөз қозғайды. Екеуара достықтағы кіршікісіз сенім, бір-біріне сыр ақтару деген сияқты дүниелерді ақын өлеңіндегі мына тармақтардан байқай аламыз:



Бір-біріне сыр ақтарып,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет