122
Балуан Шолақ творчествосының көпшілігі жоғалып біткен екен
деген ойға қалдырды.
Бірақ, бақытымызға орай, арада 12 жыл өткен кезде, тіпті
аяқ астынан, Балуан Шолақ туған өлкеден мүлде жырақта, оның
бірталай өлеңдері шыға келсін! Ол былай болған еді.
1952 жылы шілде айында, ол кезде мен Қазақ КСР Ғылым
академиясының Президиумы жанындағы көркемөнер секторын-
да ғылыми қызметкермін, Академияның вице-президенті Нығмет
Тінəліұлы Сауранбаев мені үйіне шақырып, сол арада қонақ боп
отырған ақын, əнші əрі композитор Кенен Əзірбаевпен таныстыр-
ды. Кенен жөнінде айтып тұрып, оның əндері халыққа кең тарап
кеткенін, енді соларды жазып алып, зерттеп, жарыққа шығару
керек деді. Болашақ жинақтағы материалға қажетті өмірбаяндық
деректерді өзім беремін деді.
Сол кеште Кенен бірнеше əндерін орындады, ол əндер өзіндік
ерекшелігімен, ал əнші болса күміс тембрлі сұлу үнімен əрі
орындаушылық шеберлігімен қызықтырып əкетті. Келесі күні
Кененнің 40 əнін жазып алатын болып шарт жасастық, сондай-ақ
секторда Кенен творчествосын зерттеу тақырыбы белгіленіп, ол
маған тапсырылды.
Келісімшартты орындау барысында Кенен анда-санда Алма-
тыға 2-3 күнге келіп, біздікіне тоқтайтын, біздің үйде оның
əндерін біз нотаға түсіріп жүрдік. Ол кезде магнитофон дегеніңіз
жок, нотаға əнді тыңдап отырып естуім бойынша түсірем, мұның
өзі уақытты көп жеп қояды. Кенен əндерінің əуені, əсіресе
революцияға дейінгілері үндік, ырғақтық жағынан өте күрделі
боп келеді, содан да осындай күндізгі шаруалардан кешке қарай
екеуіміз де қатты шаршап-шалдығатынбыз. Сондықтан да, мынан-
дай күймен белгіленген мерзімде жұмысты жазып бітіре алмайты-
нымызды байқаған соң, Кенен əнді жазу үшін Отардағы оның үйіне
келгенімді жөн деп тапты. Сауранбаев Кененнің ұсынысын құп
алды. Маған кешікпей іссапар қағазын, Кененге тиісті қаламақыны
түгел берді, мен оны Кененге жазып біткен соң табыс еттім.
Сөйтіп, біз Кененнің Отар поселкесіндегі кішігірім там үйінде
15 күн бойы, таңертеңнен түске дейін, одан түн ортасына дейін,
жетілік кəрəсін шамының жарығымен жұмыс істедік.
Бірде осындай жұмыс арасында, біз шартта көрсетілген əндерді
əлі түгел жазып бітпеген кезімізде, Кенен: «Балуан Шолақтың
əндерін де жазып қалшы» деп өтініш айтты.
Мені бұл өтініш əуелі таң қалдырды.
– Балуан Шолақ болса, Жетісудан мүлде алыс жатқан басқа
өлкеде туған, сен оның əндерін қайдан білесің? – деп сұрадым.
123
Сонда Кенен маған төмендегі жайтты баяндап берді.
Ол 15 жасқа толып, ел алдына енді-енді шыға бастағанда,
Жетісуға Балуан Шолақ келген. Достарының кеңесімен Кенен Бал-
уан Шолақтың алдына келіп, салтты сақтап бір тізерлеп отырған
күйі «Балуан Шолақпен кездескенде» деген əнін шырқаған. Бал-
уан Шолақтың əндерін де, өзінің онымен кездескендегі əнін де
Кенен өте жақсы біледі. Кенен маған сондағы өз əнін салып берді:
Мен келдім сəлем беріп, батыр аға,
Атағың кең жайылған Сарыарқаға.
Бала едім жаңа талап, іздеп келдім,
Өзіңнен сұрайын деп ақыл, аға.
Атыңа, ардақты аға, құмар едім,
Нашарға саяқ түскен шынар едің.
Қасыңда тоғыз жігіт жолдасың бар,
Жақтырсаң, мен де бірге шығар едім.
Көзіңнің қырын салшы, Балуан аға,
Даңқыңыз талай елге кеткен дара.
Бала едім жаңа талап ақын-əнші,
Əніңді үйренейін алуан, аға...
Балуан Шолаққа, шамасы, жас əншінің қолқасы ұнаған бо-
луы керек, одан өзінің əндерінің бірнешеуін орындап беруін
сұраған көрінеді, Кенен сол арада «Бозторғай», «Көк шолақты»
шырқайды. Балуан Шолақ Кененді шын ұнатып, өз жасындағы
жігіттердің тобына қосылып жүруіне рұқсат етіпті. Сөйтіп, Ке-
нен он жылға жуық Балуан Шолақпен жиі кездесіп жүріп, оның
əндерін тыңдап, жаттап үйреніп алған. Ол Балуан Шолақтың басқа
ақындармен айтыстарының куəсі де болған, бірақ өзі онымен
айтысқа шықпаған. Жайлауда, таза ауада, киіз үйде, яки қыстаудағы
жылы бөлмеде əн шырқалып болған соң, Кенен жəне басқа да жас
əншілер Балуан Шолақтың өміріндегі əр алуан оқиғалар жайында
оның өз аузынан талай қызық əңгімесін түннің бір уағына дейін
тамсана тыңдайтын. Өз əңгімесінің соңында Кенен маған:
– Менің ұстаздарым Сарыбас, Жамбыл жəне Балуан Шолақ... –
деген-ді.
Осылай деп сөзін аяқтаған соң, Кенен нотаға түсіріп алу үшін
Балуан Шолақтың 11 əнін шырқап берді, бұл əндер жинақта (Ке-
нен Əзірбаев. Алатау шыңы. Алматы, 1974 ж.) тұңғыш рет жария-
ланды.
Сөйтіп, Кененнің арқасында Балуан Шолақтың артында қалған
өлең мұрасының ішіндегі едəуір бөлегін жазып алуға мүмкіндік
124
туды. Мұның бағалы жағы сол, Балуан Шолақтың тура өз аузы-
нан естіп үйренуінде ғой, ал Кененнің өзінің ғажап музыкалық
қабілет-дарынын еске алатын болсақ, ол айтып берген əндерді
Балуан Шолақтың тура өзі шырқап тұрғанда жазып алынды деп
қабылдауға əбден болады демекпіз.
(«Балуан Шолақ» жинағы. Алматы, 1998)
Сəбит МҰҚАНОВ
БАЛУАН ШОЛАҚ
(Аңыз)
Бұл күнде қырық тоғызда менің жасым,
Қамалдың бұзар кезім тау мен тасын.
Кешегі сентябрьдің базарында
1
,
Көтердім елу бір пұт кірдің тасын.
Жиылып орыс-қазақ таң қалысты,
Болды деп Қаһарманнан
2
мынау басым.
Залок
3
сап жетпіс бес сом күрескенде,
Сындырдым Карон балуан қабырғасын.
(Балуан Шолақтың өз өлеңінен)
1. «АЛЬІП – АНАДАН ТУАДЫ»
Ол ауылдың қыстауы Қайрақты көлінің жағасында, қалың ор-
манның арасында еді.
Қабағына қайғының бұлты оралып, кеудесін кернеген шерді,
күркіреген күндей уһлеумен жеңілткісі кеп, көз жасы бұлақтай
саулаған ауылды еліктегендей, я қайғысына ортақтасқандай, сол
күні күздің қарасұрғылт бұлты нөсерлей жауды, жел ышқына
соқты.
– Болыңдар! Жөнеңдер, тез! Жоғалыңдар! – деп ат үсті нен
айдаһардай ысқырған полицейский урядниктің сілтеген қам шысы
бұлттан жарқыраған найзағайдай ирелеңдеп, талайдың арқасын
тіліп түсті.
Қасқыр талаған қойдай қызыл жон болған ауыл адамдары,
1
«Сентябрьдің базары» революциядан бұрын Көкшетау қаласында күзде болған.
2
Қаһарман – фарсы халқының ертегі батыры.
3
Залог – ерегісте шартқа тіккен ақша.
125
басқа паналар жер жоқтай, полицейский сабап айдап шыққан
қора ларына ығысып қайта-қайта тығыла берді.
– Өрт! – деді урядник ауылды қоныстан қуып шығара алмаған
соң.
Лезде ауылдың əр жерінен қою қара түтінге бөленген қара күрең
жалын жарқ етті. Өрт еріксіз айдап шыққан ауылдың аузындағы
жалыннан да ыстық жалғыз сөз:
– Қайран қоныс, қош бол!
Бұл бейқам отырған ауыл еді. Өткен жазда болған болыс сай-
лауында, сол ауылдың біреуі, болыстыққа таласқан Тоқсанбайдың
Сыздығы деген байға қарсы шыққан. Бірақ Сыздық выборнайлар-
ды
1
ақшамен сатып алып, сайлаушыға да пара беріп, болыстыққа
сайланған. Қолына мөр тиіп, əкімшілік тізгінін ұстағаннан кейін,
ол, өзіне қарсы ауылдардың берекесін кетіруді ең бірінші міндетім
деп санаған. Сол жылы переселен управлениясы
2
ішкі Ресейдің
қалаларынан көшірілетін переселендерге жер сұрағанда, Сыздық
болыс кектенген ауылдарының ішіне қосып, осы ауылдың да
жерін ұсынған. Кешікпей землемер кеп жерді өлшеген. Бірақ
ауылдың адамдары ол өлшеудің не өлшеу екенін түсінбей, қыстың
жабдығын қамдап, бұрынғыша отыра берген.
Күз, ауыл шапқан шөбін қорасына үйіп, қар ұшқындап қысқы
үйіне кеп қонғанда, ызғарлы хабар кенеттен сап ете түсті:
– Көшесіңдер!
– Неге? – деп сұрады ауыл.
– Үш-төрт жүз үй крестьяндар көшіп келеді, алды келіп те қал-
ды. Бұл жерде енді солар отырады.
– Біз қайтеміз?
– Онда біздің жұмыс жоқ. Қайда барсаң – онда бар.
«Қой, олай болмас» деп ауыл бейқам отырғанда, арбалы, жая-
уы аралас шұбырған крестьяндар кеп қалады.
Сол күні урядник те келді, ауылды өртеп көшірді. Міне, бар
оқиға осы!..
Күз кешке əзірленбеген ауыл, урядниктің жыландай ысыл даған
ызғарымен, мылқау өрттің лебіне шыдамай қонысынан қозғал-
ғанмен, тез жиналып кете алмады, бес-алты шақырым ғана жерге
жылжып, бас-аяғы жиналып ақылдасты.
1
Сайлауда дауыс берушілер.
2
Россиядан қазақ даласына көшкен крестьяндарды орналастыратын патша
өкіметінің бір мекемесі.
126
– Ал, қайда барамыз?
– Қайдан білейік, қайда барарымызды!
– Патшаға дейін іздену керек, – деді біреу.
– Мынаның былшылдап жоқты айтқаны несі? – деді екінші біреу
ашуланып. – Пəлен мың шақырым Кетрампорға барып патшаға
арыз берем деп жүргенде, мына еңкейген кəрі мен еңбектеген жас
қырылып қалмай ма? Əуелі осыларға баспана табайық та. Қайда
арыз беруді содан кейін ойланармыз.
– Ол дұрыс, – деді біреулер,– бірақ бос тұрған қоныс ешқайда
жоқ. Жиырма шақты үйміз. Қайда сыямыз?
– Маңай ел ғой. Жұбымызды жазбаймыз деуге болмас, атқа
мініп ауылдарды аралап, биыл қысша баспана іздеп, бытырап ор-
на ласайық.
– Осыдан басқа амал жоқ.
Қатын-қалаш, бала-шаға қалың қарағайдың арасына тіккен
күркелерде қалды да, еркек атаулы атқа мініп, маңайдағы ауылдар-
ды аралап кетті. Еркек кіндіктен ауылда қалған жалғыз Баймырза.
– Е, сен неге жүрмейсің? – деген сөзге оның берген жауабы:
– Балам жоқ, соны іздеймін.
– Қай балаң?
– Нұрмағамбет.
– Е, ол қайда еді?
– Тай үйретем деп таңертең кетіп еді, содан тайы да, өзі де жоқ.
Астындағы асау тай бір жерде өлтіріп кетпесе не қылсын!
– Ертерек неге айтпадың, ел боп іздесетін?
– Оған урядник болды ма! Есті жаңа жинап отырған жоқпыз
ба?
Баймырзада жалғыз тайдан басқа жылқы болмайтын еді. Одан
басқа көлігі – жалғыз қоңыр шолақ өгіз.
– Қатын, – деді ол, əйелі Қалампырға жұрт кеткен соң, – əлгі
өгіз қайда екен, мініп, баланы байқайын? Тай жығып өлтіріп кетті
ме, əлде? Аман болса жарар еді!..
– Күні бойы мінген өгіз, əлгінде ағытқаннан кейіп отқа кетіп
еді, ұзаса керек, маңайда көзге шалынбайды.
Баймырза өгізді тауып алып келді.
– Суарған жоқ па ең, бар болғыр! – деді Қалампыр өгізді көріп.
– Бүйірі ішіне кіріп кетіпті ғой? Бар, суар!
– Жаңбырда өгіз су іздей ме?
– Со да сөз бе? Бар, суарып кел!
Ауылдың көлік ағытқан жері, өткен жыл мекенін переселен-
ге өлшеп, үйлерін көктемде көшірген ауылдың жұрты еді. Сол
127
жұрттағы қалың бұйра талдың арасында құдық барын Баймырза
біледі.
Ол қарына шелек іліп, өгізін жетектеп жөнелді. Бұл кезде
жаңбыр толастап, бұлт бытырай бастады. Бірақ желдің екпіні
əрі күшті, əрі суық. Күннің батып бара жатқан белгісін батыстың
жиегіндегі қызыл күрең бұлт білдіріп тұр.
Тал арасындағы құдықтың жиегі опырылған, айналасы дөңес
сары балшық екен. Баймырза шелекке таққан жібін қолынан сусы-
та бергенде, тереңдегі сасықтау сары судың иісін сезіп, шөлдеген
өгіз де мұрнын шүйіріп, төмен еңкейді. Су толған шелекті Бай-
мырза жоғары көтеріп еді, иығына біреу қаққан сияқтанды.
Қараса – саз балшықтан сырғанап, өгізі құдыққа құлап барады...
Сасып қалған Баймырза, шелектің жібін табанымен баса
қойып, өгізді мүйізінен ұстай алды. Сырғанаған өгізді ол қайдан
тоқтата алсын. Өгіз күп беріп құдыққа түсті де кетті; өгіздің
екпіні Баймырзаның өзін де алып кете жаздады. Сонда да тірі жан,
өгізі құдыққа құлай бергенде, ол жанталасты. Құдық белуардан
шүпілдеген су. Басы төмен түскен өгіз табан аузында тұншығады.
Жалғыз өгіз! Ол өлсе, қайтпек?
Жан-дəрмен Баймырза, өгіздің мүйізіне байланған кендір
жіптен мықшия тартып, тұмсығымен құлаған судан жоғары шы-
ғар ды.
Дес бергенде, жуан қара тал құдықтың жарына төне біткен
екен. Өгіздің əрі суланып, əрі сазданып сусыған мүйіз жібін Бай-
мырза жанталасып жүріп талға іліктірді де, сірестіріп байлады,
өгіздің басы судан шығып тұрды.
Одан жоғары тартуға күші жоқ. Айла-амалы құрыған Баймыр-
за: «Қа-лам-пыр!.. Қалам-пыр!..» деп бақыра берді.
Бұл дауыс құлағына шалынған Қалампырдың жүрегі дірілдей
қалды. «Нұржаным
1
жамандыққа ұшыраған болар ма?» деп сес-
кенді ол. Осы ой тұла бойын түршіктірген Қалампыр дауысқа қарай
жүгірді. Оған ере, ауылдан бірнеше əйелдер, балалар жүгірді.
Қалампырдың Баймырзаға ең қатты айтатын сөзі «бар бол-
ғыр!» еді.
– Бар бол, сен, бар болғыр! – деді ол айқайдың мəнісін есітіп. –
Зəремді алдың ғой! Былай тұр!
«Былай тұр»-дың мəнісіне түсінбей, шоқша сақалын шошай-
тып, кішірек көзін сығырайтып Баймырза Қалампырға қараған
кезде, Қалампырдың қолы өгіздің мүйіз жібіне тиді. Құдыққа
1
Нұрмағамбетті еркелеткен аты.
128
еңкейіңкіреп, жіпті қолын соза ұстаған Қалампыр «һəуіп!» деп
денесін жаза тартты. Сол кезде, өгіздің мүйізі қолға ілігер жерге
кеп қалды.
– Ора жіптің ұшын, аяғыма!– деді Қалампыр Баймырзаға.
– Неге?
– Нең бар, «неге»-де! Ора, деймін тез!
Түсінбеген Баймырза, шұбалған жіптің артығын Қалампырдың
жіліншігіне орағанда, сусымасын дегендей, ұшын Қалампыр таба-
нына басты. Содан кейін, жіптен қолын босатты да, тағы еңкейе
түсіп өгіздің екі мүйізінен ұстап, құдықтан суырып алды...
«Қарулы қатын» деген сөз Қалампыр туралы халыққа əлде-
қашан тараған еді. Баймырзаның ағаш үй қиятын қол өнері бо-
латын. Сонда жəрдемдескен Қалампыр қолы жететін жерге жуан
бөренелерді көтеріп əпере беретін. Оған да жұрт сүйсініп қайран
қалатын еді, ал мына құнан өгізді құдықтан шығаруы жұртты тіпті
тамаша қалдырды, əрі таңдана, əрі разы боп, құдықты қоршаған
жұртқа Қалампыр масаттанғандай айнала қарап еді, көптің ара-
сында Нұрмағамбеттің де басы көрінді.
– Қалқам, – деді қуанып кеткен Калампыр, – қайда болдың,
сəулем? Келші бері! Зəрем кетті ғой, сені жоғалтып!..
Сары сұр, қыр мұрын, өткір қара көзді бала қолын созған
Қалампырға келе қоймай, сазарып тұрып алды. «Бар, бар!» деп
қоршаған қатындар итермелеп еді, бала тұнжырап кейін шегінді.
– Қаршадай боп мықтысын қарашы! – деді қатындар. – Жап-
жас басынан зілдей ғой, мынау! Қаққан қазықтай орнынан
қозғалмайды!..
– «Алып – анадан туады, ат – биеден туады» деген қайда, –
деді бір қартаң əйел, – «Су мұрынға»
1
тартса, қаймыжықтай біреу
болар еді. Кескін-кейпін, денесін көрмеймісің! Аумаған келін! Тек
тіл-аузымыз тасқа!..
Қалампыр көтерген он төрт құрсақтан тірі қалғаны: ұзатқан екі
қыз, Төлебай дейтін ұл жəне осы Нұрмағамбет еді. Нұрмағамбет –
Қалампырдың сүт кенжесі. Сондықтан ба, əлде балалары өліп-
өліп өлім сарқытындай болғандықтан ба, əйтеуір, Қалампырдың
жан-тəні Нұрмағамбеттің үстінде. Бес жасына шейін емген Нұрма-
ғамбет, міне, биыл он бір жасқа шыққанмен əлі күнге шейін
кешкі төсекке жатарда бір, таңертең төсектен тұрарда бір мама-
сын иіскемесе, мауқы басылмайды. Нұрмағамбет көзінен екі елі
тайса, Қалампыр аңсайды да тұрады. Нұрмағамбеттің екі бетінен
1
Жасы үлкен əйелдер Баймырзаны келекелеп «Су мұрын» дейтін еді.
129
құшырлана сүймей, Қалампырдың аңсауы ешуақытта басыл-
майды.
Бүгін де солай аңсаған Қалампыр, құдық басында шақырғанына
келе қоймаған Нұрмағамбетке «бұл несі?!» дегендей жақындап еді,
бұрынғыдай апалап бассалудың орнына, ол тағы да шегіне түсіп:
– Көк күшік қайда? – деді.
Қалампыр үндемеді.
– Тұрымтай қайда? – деді.
Қалампыр үндемеді.
– Күйді ме? – деп сұрады бала, дауысы қалтырап.
– Қап, құдай-ай! – деді Баймырза, Қалампыр тағы да үндемеген
соң. – Мана у-шуда есімнен шығып кеткенін көрдің бе? Шошалада
қамаулы тұрған көк күшік пен тұрымтай қала беріпті. Күйіп кетті-
ау бейшаралар!..
Нұрмағамбет еңіреп қоя берді де, алақанымен бетін басып
жүгіре жөнелді.
Жарылғалы тұрған жарадай жұрттың қайғысының аузын
Нұрмағамбеттің жылауы тырнап ашқандай болды.
«Қайран қоныс, қайран жер!» – деп үн қосып жылаған жұрттың
даусына күңіренген дала да даусын қосты.
2. КЕКТІ БАЛА
Жаздай бір байға ағаш үй қиған Баймырза, жұмысын бітіріп,
еңбегіне тай алып, ауылына өртенер алдында ғана келген еді.
Көпейлеу туған жирен қасқа тайдың денесі кішірек болғанмен,
екі құлағы тас төбесіне найзадай шаншылған, құйрық-жалы үкінің
ұлпа қанатындай желпілдеген, үрген қуықтай бұлтиған семіз, төрт
аяғы қаққан қазық сияқты тіп-тік, сұлу тай екен.
Тайды көргенде Нұрмағамбеттің қуанғаны сондай, кішкене
денесін кең дүниеге сыйғыза алмады, біресе екі санын шапалақтап
аспанға қарғыды, біресе жата қап, жерге домалады. Оның бұлай
қуануына бас себеп мынау еді:
Өткен жазда, осы маңайдағы ауылдар балаларын сүндетке
отырғызды. Ондай балаға əкесі арнаулы ат, я тай атауға тиісті.
Сүндеттер алдында балалар атаған аттарына, тайларына мініп,
ауылдарды аралап жарысуға тиісті.
Балалар осы дағдымен аттарына, тайларына мініп шықты,
аты, тайы жоқ балалардың ішінде Нұрмағамбет қалды. Өзге жаяу
қалған балалар атты, тайлы балалардың жарысқанын қызық кө-
ріп, соңдарынан шуласып жүгіргенде, Нұрмағамбет жыртық киіз
130
үйіне кірді де, жер бауырлап жатып алды. Босағада ұршық иірген
Қалампыр баласының неге жата қалған себебін сезді де, балаға
білдірмей, көзіне іркілген жасты теріс қарап жаулығымен сүртті.
Сырттан Баймырза келді. Ол еркегімсіп Қалампырға ұрысты:
– Неге жылайсың, жамандық шақырып? Пайғамбардың сүндеті
емес пе, бұл? Тек құдай тағала қожаның қолын жеңіл қылсын деп
тілесейші!
Атсыз баланы сүндетке отырғызу – балаға «өміріңде атсыз өт»
дегенмен бірдей. Осы оймен ішке қайғысы сыймай жарылғалы
отырған Қалампыр Баймырзаға шап ете түсті:
– Əне, көр, балаңды! – деді ол жасқа булыға сөйлеп. – Тоқ-
сан бай дың сарайын қиғанда, тоңып өлетіндей тон алдың. «Алдағы
жазда Нұржан сүндетке отырады, тон алма, тай ал» деп ем,
тыңдамадың. Балаңның тілеуін кескендей болдың, бар болғыр!..
Жасқа булыққан Қалампыр аржағын айта алмады. Оның
Баймырзаға арнаған ызалы сөздері көзінен жас боп төгілді.
Баймырза Нұрмағамбетті зорлықпен сүндетке отыртты. Бірақ
ол өзіне ішінен ант етті: «Алдағы жаз қолым қырқылып қалмаса,
қосымша берсем де, ақыма бір тай алармын!»
Ол осы сертіне жетіп, еңбегінің үстіне, байға ақысына қосымша
балтасын беріп, жоғарыда аталған жирен қасқа тайды алып келді.
– Міне, сүндет атың, қалқам!– деді ол алдынан шыққан бала-
сын бетінен сүйіп. – Былтыр жоқ болса, биыл бар, тек алла тағала
өміріңді ұзақ қып, игілігіңе мінгізсін!..
Баймырзаның əкесі батырлау болыпты-мыс дейді. Сол əке-
сінен қалған жалпақ бас, тұрманын күмістеткен қалмақы ерді,
үйіне көптен жылқы бітпегенмен, Баймырза тоздырмай сақтап,
қасиеттеп, төріне іліп қоятын еді. «Киесі бар, аруақ соғады» деп,
ол ерге қатын-қалаштың қолын тигізбей, өзі ғана ұстайтын еді.
Жирен қасқа тай босағасына кеп байланған соң, қуанышы
қойнына сыймаған Нұрмағамбет ілулі ерді үйден алып шықты.
Баймырза:
– Қоя тұрсайшы, қалқам! Тай ешқайда кетпес, қолқасы аман
болса, бойы өсіңкіресін! – деп еді, Қалампыр Баймырзаға зекіп
тас тады:
– Тиыш отыр əрі, мыңқылдамай! Ол тай жоқта өліп пе ек? Бала
аман болсын! Міне бер, қалқам! Əуелі үлкенірек баланың біреуіне
мінгізіп бастықтырып ал, өзің мінем деп құлап қап жүрме!
Сыртта ұлылы-кішілі біраз бала тайды қоршап тұр екен. Ере-
сектеу екі балаға құлағынан тұқырта бастырып қойып, тайға ерді
Нұрмағамбеттің өзі салды.
131
– Əу, əткемнің аруағы, қолдай гөр! Қалқамның жасын ұзақ қы-
ла гөр, жасаған!– деп Қалампыр босағадан қарап жылап тұрды.
Баймырза да ішінен сол тілеуді тілегенмен, сыртқа дыбыс
шығармай, тайды балаларға ерттесті.
– Кəне, біреуің мініп, бастықтырып беріңдерші? – деді ол.
Ерттеулі тайды құлағынан ұстап Баймырза балаларға айнала
қарағанда, Нұрмағамбет қарғып мініп кеп алды.
– Қалқам, құларсың, түс! – деді Қалампыр тысқа шығып.
– Өзің не айтып тұрсың, апа! – деді бала кейіп. – Тілеулі тайым-
ды біреуге мінгізетін мен жынды ма? Жібер, əке!
Нұрмағамбет тебініп қалғанда, тай атып кеп кетті. Баймырза
тайдың құлағынан айрылып қалды.
Құлағы қолдан босаған тай аспанға қарғығанда:
– Ал, ұшты, бала! Жасаған-ай, сақтай гөр! – деді Қалампыр
үрей леніп.
Қарғыған тай секіріп жерге түсті, бала құламады, тайдың
тізгінін қысқарақ ұстап, қамшымен бауырынан тартып-тартып
қалды.
Қамшыдан ышқынды ма, я баланы жыға алмайтынын білді
ме, – тай енді аспанға секірмей, тура шаба жөнелді.
Шапқан тай лезде қалың орманды айналып, көзден ғайып
болды. «Құлап қалар, не бірдемеге соқтығар» деп қорыққан Бай-
мырзаға көрші біреу ат беріп, тай кеткен жөнге шықса, бала ашық
далада шоқытып жүр екен. Тай манағыдай емес, бастығып қапты.
– Кешікпей қайт, балам, көп шапсаң, тайың ақсап қалар, – деп
Баймырза үйіне жөнелді. Ол ауылға келсе, урядник көшірмек
боп жатыр екен. Əлекке кездескен Баймырза, «байтал түгіл, бас
қайғы» дегендей, баланы іздеу түгіл, басымен қайғы боп өртенген
ауылдан көше қашты...
Əкесі қайт дегенмен, Нұрмағамбет үйіне тез қайта қоймады.
Тайды ол біраздан кейін билеп алды. Əкесінің «тайың ақсамасын»
деген сөзін есіне тұтқан ол, тай еркіне көнген соң шабуды доғарып,
тайын кейде аяңдатты, кейде желді...
Күн кешкіре болдырып терлеген тайын аяңдатып ауылға келе
жатқанда оған, өзі дүниедегі ең бақытты адам сияқты көрініп кетті.
Оның жеті-сегіз жасынан бергі ермегі – тұрымтай мен қырғиды
баулып, бөдене мен торғай алдыру еді. Бұл кəсіппен шұғылданып
жаяу жүргенде, «əттең, бір тай-ай?!»–деп арман ететін еді ол. Сол
тай, міне, енді астында!..
Жақын ауылдағы бір бай күз қойын қырыққанда, Нұрмағам-
бет бірнеше күн жəрдемдесіп, ақысына қасқыр алатын көкшолақ
|