1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Қайтыс болуды тіркеу тәртібі



бет65/69
Дата17.10.2022
өлшемі90,34 Kb.
#43567
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
Байланысты:
отбасы туралы заң

195-бап. Қайтыс болуды тіркеу тәртібі 
1. Қайтыс болу жағдайы, сондай-ақ азаматты өлді деп жариялау туралы және өлу фактісін анықтау туралы сот шешімдері азаматтық хал актілерін жазу органдарында тіркеледі. 
2. Қайтыс болуды тіркеу өлген адамның тұрған жеріндегі немесе ол қайтыс болған жердегі азаматтық хал актілерін жазу органдарында жүргізіледі. 
3. Адамды өлді деп жариялау туралы және өлу фактісін анықтау туралы сот шешімдерін тіркеу шешім шығарылған жерде жүргізіледі. 
196-бап. Қайтыс болуы туралы мәлімдеме беру мерзімі 
Қайтыс болу туралы мәлімдеме жеті тәуліктен кешіктірмей, ал адам зорлықпен өлтірілсе, өзін-өзі өлтірсе, жазатайым жағдайдан өлсе, сондай-ақ өлік табылған жағдайда өлген немесе өлік табылған кезден бес күннен кешіктірмей берілуге тиіс. 
197-бап. Қайтыс болу туралы мәлімдеме беретін адамдар мен 
органдар 
Қайтыс болу туралы мәлімдемені өлген адаммен бірге тұрған адамдар, ал ондай адамдар болмаған жағдайда көршілері, тұрғын үй-пайдалану ұйымдарының қызметкерлері немесе адам қайтыс болған жердегі мекеменің әкімшілігі немесе өлікті тапқан ішкі істер органы жазбаша немесе ауызша түрде жасайды. 
198-бап. Қайтыс болу туралы мәлімдеменің мазмұны 
Қайтыс болу туралы мәлімдемеде мәлімдеуші өлген адам туралы мына мәліметтерді: өлген адамның аты, әкесінің аты, тегі, туған жылы, соңғы тұрған жері және оның отбасылық жағдайы, қайтыс болған жылы, айы мен күні, қайтыс болу себебі, сондай-ақ қайтыс болу туралы мәлімдеме жасаған адамның аты, әкесінің аты, тегі және тұрғылықты жері көрсетіледі. 
199-бап. Қайтыс болу фактісін куәландыру 
1. Қайтыс болу фактісі дәрігердің куәлігімен , ал оны беру мүмкін болмаған жағдайда екі куәнің айғағымен куәландырылады. 
2. Өліктің табылғаны туралы мәлімдемеге тиісті мемлекеттік органдар жасаған хаттама қоса тіркеледі. 
7-бөлім. Неке-отбасы заңдары нормаларының шетелдіктер мен 
азаматтығы жоқ адамдарға қолданылуы 
200-бап. Қазақстан Республикасының аумағында неке қию 
1. Қазақстан Республикасының аумағында неке қиюдың нысаны мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді. 
2. Қазақстан Республикасының аумағында неке қиюдың ережелері, егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, некеге тұратын адамдардың әрқайсысының некеге тұратын кезде қай мемлекеттің азаматы болса, сол мемлекеттің заңдарымен, осы Заңның 9-11-баптарының неке қиюға кедергі болатын мән-жайлар жөніндегі талаптарын сақтай отырып белгіленеді. 
3. Азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағында некесін қию ережелері сол адамның тұрақты тұратын жері бар мемлекеттің заңдарымен белгіленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет