1. Бастауыш сынып оқушысының психологиясы пәні мен міндеттері


Мектепке дайындық және мектепке баруына байланысты кіші оқушының психикасын өзгеруі



бет8/49
Дата15.04.2023
өлшемі104,04 Kb.
#83203
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49
Байланысты:
2 емтихан

12.Мектепке дайындық және мектепке баруына байланысты кіші оқушының психикасын өзгеруі
Атап көрсетілгендей, баланың психикалық дамуының әрбір кезеңі оның іс-әрекетінің негізгі, жетекші түрімен сипатталады. Мысалы, мектсп жасына дейінгі балалық шақта ойын іс-әрекеті жетекші болады. Бұл жастағы балалар үйреніп, тіпті шама-шарқынша еңбек етіп жүрсе де, олардың бүкіл болмысын анықтайтын шынайы стихия, әр түрлі ойындар болып табылады. Оның үстінде қоғамдық баға беруге тырысушылық пайда болады, қиял және символиканы пайдалана білуі дамиды. Осының бәрі баланың мектепке даярлығын сипаттайтын негізгі сәттср болып табылады.
Жеті жасар бала мектеп табалдырығынан аттасымен-ақ окушы болады. Оның өмірінде ойын әлі макызды орын алғанымен осы уақыттан бастап ол біртіндеп басымдылық ролін жоғалта бастайды. Бастауыш класс оқушысының жетекші іс-әрекеті онық мінез-құлық мотивтерін елеулі түрде өзгертетін, оның танымдық жете адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу болады, Мұндай қайта өзгеріс процесінің бірнеше кезендері бар.
Әсіресе баланың мектеп өмірінің жаңа жағдайларына алғаш енуі айқын аңғарылады. Балалардың көпшілігі бұған психологиялық жағынан даярланған. Олар бұл жерден үймен немесе балабақшамен салыстырғанда, әдеттен тыс бірдеңелер кездестіруді күте отырып, мектепке қуана барады. Баланың бұл ішкі позициясы екі жағдайда маңызды. Алдымен мектеп өмірінің жаңалығын алдын ала сезіну және қалау баланың кластағы мінез-құлық ережелсріне, жолдастарымен ерекше қарым-қатынас нормаларына, күн тәртібіме қатысты мұғалімнің талаптарын жылдам қабылдауға көмектеседі. Бұл талаптарды бала қоғамдық маңызды және орындамауға болмайтын талаптар деп қабылдайды.


13. Бастауыш сынып оқушыларының психикалық даму мәселелері
Қазіргі балалар психологиясының негізгі мәселелерінің бірі – бастауыш сынып оқушыларының психикасын дамыту болып табылады. Бала психикасының дамуын зерттеудің міндеттері төмендегідей болып келеді:Проблемалы жағдайларды шешуді талап ететін тапсырмаларды жасау.Оқытуға дейінгі сақталу принципінің деңгейін анықтау.Көрнекті көріністің алдында заттарды бағалау мен сөздік ой-пікірлердің байланысын зерттеу.Бастауыш мектеп жасындағы көркем жазу бала ойына едәуір өзгешелік енгізеді. Көркем жазу сабағы ана тілінің грамматикалық табиғатын ашады және ана тілін еркін меңгеруге мүмкіндік береді. Баланың алғашқы мектеп табалдырығын аттауы – оның бойында күрделі сезімдер туғызады. Бұл балалар арасындағы, әр үйдегі, әрі мектептегі жаңа талаптарға негізделеді.Қоғамдық талаптардың өзгеруі баланың жеке басындағы адамгершілік, жауапкершілік, әділдік, қайырымдылық, еңбекқорлық сияқты қасиеттерді ашады. Бастауыш мектеп оқушысының ерік сапаларының дамуы: біріншіден, жетістіктерге жету мақсаттарының мазмұны мен көлемінің ұлғаюына және өзгеруіне, екіншіден, ішкі және сыртқы қиыншылықтарды жеңе алуына, үшіншіден, ұзақ уақыт күш жұмсай алуына, төртіншіден, өзін ерікті тежеу барысында өзін-өзі меңгеру, тоқтамға келуінде қалыптасады. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың жеке басының дамуы – оқуы мен танымдық әрекеттерінің қалыптасуында оқу іс-әрекетіндегі белсенділігі мен адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуындағы қарқынды кезең. Олардың өзгелермен қарым-қатынас жасау белсенділігінің күшті кезеңі деп аталады. Мұғалім мен тәрбиешілердің үнемі бақылауында болатын балалардың психикалық даму кезеңдері айтарлықтай сапалы өзгерістерге ұшырайды.Бұл жастағылардың негізгі әрекеті бұрын ойын болса, оқуға кіргеннен кейін оқу қызметі шешуші роль атқарадаы. Сөйтіп, оқу негізгі қызметке айналып баланың психикалық дамуын билейтін болады. Осыған орай бала психикасы елеулі өзгерістерге ұшырайды. Мұның себебі ойынға қарағанда оқу талабының бала үшін қиындығында. Әуелгі уақытта мектептегі жаңа жағдайға бала әлі беймделе алмағандықтан, оқу үстінде мына қиындықтарға кезігеді: 1-ші: баланың мектеп жағдайына бейімделуі, -2-ші: мұғалім, құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы.3-ші: 1 сынып оқушыларына беретін тапсырмалар тым жеңіл болып, қызығу жоғалып кетуі мүмкін. Алайда, барлық қиындықтар бала психикасы дамуына байланысты шешіледі, жаман-жақсыны ажырата бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет