1. Бастауыш сыныптардағы «Жаратылыстану», «Дүниетану» пәнінің жаңа мазмұндық ерекшеліктері және материалды іріктеуге қойылатын талаптар


Бастауыш жаратылыстану әдістемесінің дамуына үлес қосқан ғалым-әдіскерлердің еңбектері (Т.Мұсақұлов, Б.Мұқанов, Қ.А.Аймағанбетова, К.Жүнісова, Ә.Бірмағанбетов т.б.)



бет5/10
Дата13.06.2023
өлшемі39,56 Kb.
#100794
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
гос Жаратылыстану

6. Бастауыш жаратылыстану әдістемесінің дамуына үлес қосқан ғалым-әдіскерлердің еңбектері (Т.Мұсақұлов, Б.Мұқанов, Қ.А.Аймағанбетова, К.Жүнісова, Ә.Бірмағанбетов т.б.).

Тәліп Мұсақұлов(12.07.1909 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Сарыбастау ауылы – 02.10.1987 жылы Алматы) — қазақ совет ғалымы, биология ғылымдарының кандидаты (1958). 1932 жылы ҚазПИ-ді бітірген.


Қазақ тіліндегі «Ботаника» оқулығын алғаш жазған. 70-тен астам ғылыми еңбегі жарияланған. Оның ғылыми еңбектері биологиялық атауларды бір жүйеге келтіріп, оларды қазақ тілінде пайдаланудың әдістерін жетілдіруге арналған.


Еңбектері:
Биология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі (1960)
Биология терминдерінің қазақша-орысша сөздігі (1962)
Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы (1963)
Қазақстан өсімдіктері мен жануарлары, Алматы, 1963-66 (телавтор)

Болат Мәжитұлы Мұқанов (1947 жылы туған) – ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (2003), Қазақстан Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі (2006).




  • Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1972).

  • Щучинск қаласындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорман мелиорациясы ғылыми-зерттеу институтында аспирант (1974 – 77), кіші, аға ғылыми қызметкер, директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары, директоры

  • Орман шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының директоры (2002) қызметтерін атқарған.

Қазақстанның агроорман мелиорациясы саласындағы жетекші ғалымдарының бірі.



Аймағамбетова Қазына (3.5.1936 ж.т., Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз а.) – педогогика ғылыми докторы (1998). ҚазПИ-дің (1957, қазіргі ҚазҰПУ) геогр. факультетін бітірген. «Балдырған» журналы редакциясында (1958–61), педогогика ғылыми-зерт. институтында аға ғылыми қызметкер (1961–70), бөлім меңгерушісі (1970–80) болды. 1980 жылдан Қазақ мемлекеттік қыздар педогогика институтында (қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педогогика университеті) декан қызметтінде. «Пәндік оқытудың теориясы мен әдісі» тақырыбында докторы дисселосы қорғады. А. 100-ден астам ғылыми еңбек пен оқу құралдарының («Табиғаттану» (1968, 1976), «Айналамен таныстыру» (1968), «Познание мира в 1 классе», «Изучение природоведения в малокомплектных школах» (1980), «Познание мира в 4 классе» (2000) және т.б.) авторы.


Күлиман Жүнісова - 1924 жылы 20 қазанда Семей өңіріндегі Абай ауданы, Қайнар селосында туған. Орта мектепті бітірген соң, сол ауданда қаржы мекемесінде, аудандық комитет хатшысы, аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, аудандық газет редакциясының жауапты хатшы болып қызмет атқарды. Абыралы ауданы қаржы мекемесінде, аудандық комитет хатшысы, аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, аудандық газет редакциясының жауапты хатшысы қызметтерін атқарған. 1960 жылы Алматы Жоғары партия мектебін бітіріп, облыстық газеттерде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген. "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен марапатталған.





  • Шұғыла. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1996;

  • Жасыл жапырақтар. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1969;

  • Кәмшат. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1971;

  • Құстар әні. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1975;

  • От пен гүл. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1979;

  • Қимаймын сені. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1984.

Әлім Бірмағанбетұлы әке жолын жалғастыра отырып, ұстаздықты, әрі қиын, әрі күрделі ғылым жолымен бірге алып жүруді көздеді.


Ғалым-ұстаз Қостанай қаласындағы Жамбыл атындағы орта мектепті бітірген­нен кейін Алматы қаласындағы Абай атын­дағы мемлекеттік педагогика инс­ти­ту­тының география факультетіне оқуға түсті. 1951 жылы институтты үздік диплом­мен аяқтап, физикалық география кафед­ра­сының жанындағы аспирантураға қал­ды. 1955 жылы Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университеті география фа­куль­те­тінің ғылыми кеңесінде диссер­тация қорғады.
1960 жылдары қазақ мемлекеттік Қыз­дар педагогикалық институтына келіп 2014 жылға дейін еңбек етті.
Терең білімі және адами құндылық­-
та­рының сарқылмас кені ол кісіні басшы­лық­тың төріне бастады. Сол кездегі инс­титуттың жетекші бөлімдерін басқарды:
1968-1979 және 1989-1997 жылдары география кафедрасының меңгерушісі қыз­метін атқарды.
1971-1979 жылдар уақыт аралығында Жаратылыстану-география факультетінің деканы;

Оның Ә.Көргулинмен бірлестікте жазған 3 сыныпқа арналған «Табиғаттану» оқу­лығы 1970-1980 жылдары 10 рет басылып шықты. 1993-1996 жылдары 4 және 5 сы­ныптарға арналған «Табиғаттану» оқулықтары жарық көрді. Ә.Бірмағанбетов Елбасы Н.Назарбаевтың тікелей қолдауы­мен жүзеге асырылып жатқан Қазақстан мектептерін жаңа буын оқулықтарымен қамтамасыз ету жұмысына атсалысып, 3-4 сыныптардың «Дүниетану» (1997-2004), 5-6 сыныптардың «Физикалық география» (2000-2006) төл оқулықтарын жазуға қатынасты. Еліміздің мектептерін


12 жылдық оқуға көшіру дайындығы бағ­дар­ла­масына сәйкес авторлық бірлестікте 6 сынып географиясының байқау оқу­лығын жазды (2008, 2009). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет