1. Бастауыш сыныптардағы «Жаратылыстану», «Дүниетану» пәнінің жаңа мазмұндық ерекшеліктері және материалды іріктеуге қойылатын талаптар


«Дүниетану» пәнін оқытуда топсаяхаттардың алатын орны. Топсаяхат түрлері



бет3/10
Дата13.06.2023
өлшемі39,56 Kb.
#100794
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
гос Жаратылыстану

3. «Дүниетану» пәнін оқытуда топсаяхаттардың алатын орны. Топсаяхат түрлері.

Топсаяхаттың түрлері


табиғатқа (саябаққа, орманға, өзенге, шалғынға)
ауылшаруашылығына (мал фермасына, далаға, құс фермасына)

Баланың жан-жақты дамуы,оның қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасы негізінде қалыптасады. Бұл тұрғыда «Сезіну-танып білу- жүзеге асыру» - осы үш бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет. Ол үшін тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап алудың маңызы зор.


Табиғи нысанды қабылдау, зерттеу баланы шаршатпауы тиіс. Бала бақылауды жақсы көңіл-күймен бастап, сондай жақсы әсермен аяқталуы тиіс.
Бақылау барысында баланың зейінін шоғырландырып, назарын аудару. Топсаяхат кезінде әр түрлі ойындар арқылы жаңа ойын технологияларын әдіс-тәсілдердін қолдану қажет. Топсаяхат барысында тек бақылап қана қоймай, еңбек шараларын қатар жүргізіп отыру керек. Топсаяхатта ағаштарды,гүлдер мен шөптерді ажыратуға,оларға қамқорлықпен қарауға көңіл аудару керек.
К.Д. Ушинский – баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалық ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін көрсеткен. Ал табиғатпен таныстыру – балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында «Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Табиғаттағы әдемілікті сезініп, қабылдау дағдысы өзінен-өзі келе қоймайды, оны дамыту, жағымды іс-әрекет түріне айналдыру ата-аналардың және тәрбиеші-ұстаздардың көмегімен жүзеге асырылады.
Демек, оларды өз бетінше әрекет жасауын бақылау, оның мазмұнын талдау балалардың жеке басы ерекшеліктерінің экологиялық тәрбиелілігінің деңгейін анықтауғы мүмкіндік береді. [2]
Балалар мекемелерінен тысқары жерге топпен саяхаттау балалар туризмінің ең қарапайым түрі болып табылады. Бұл балалар үшін қызықты және пайдалы, белгілі бір мақсаты бар шағын саяхат. Олар балалардың денсаулығын күшейтуге, дене күшін дамытуға эстетикалық қалыптастыруға, табиғатпен қатынаста болуға, қимыл дағдылары мен дене қасиетін жетілдіруге көмектеседі. Топсаяхат мақсатты және қызықты болуы үшін тәрбиеші күнтізбелік жоспарды ерте бастан белгілейді және оларды өткізуге мұқият болады. Топсаяхат үшін ең жақсы уақыт – жаз. Балалардың бойында туризмге деген қызығушылық, рух сергектігін, төзімділікті, ұжымдық сезімді туғызатын мұндай серуендердің сауықтыру және тәрбие – білім беру маңызын тәжірибе дәлелдеп отыр. [3. 162б]
Балалар өздеріне таныс балабақшаның бөлмелерінде немесе алаңда әр түрлі жаттығуларды орындай жүріп, жаңа жағдайлар жиі абыржып қалады. Ұзақ топсаяхатқа шыққан кезде балалар душар болатын табиғи жағдайдың өзгерістері сол жерде қажетті тіршілік бағдарын белгілеуді, табандылықты, батылдықты, жалпы төзімділікті қалыптастырады, өзара достық қатынасты нығайтуға көмектеседі. Сондықтан мұндай топсаяхатпен пен серуен белгілі бір топтың балаларының жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін, денсаулық жағдайын, жеке бастарының көрсеткішьерімен дәрігердің ұсыныстарын ескере отырып екінші кішкентайлар тобынан басталып жүйелі түрде жүзеге асырылуы керек. [3.162б]
Топсаяхаттың міндеттері мен жосапырын сәйкес балаларды топсаяхат алдында ол туралы ескерту, алдағы рақат сезімнен қуанышты көңіл күй туғызу, топсаяхаттың мақсаты туралы хабарлау керек. Естиярлар және ересектер топтарының балалары топсаяхат жиынына қатысулары керек. Олар тәрбиешімен бірге дене шынықтыру құралдарын іріктеп алады, оларды алып жүру бәріне де қолайлы болуы үшін өзара бөлісіп алады.
Топсаяхат және ұйымдастырылған оқу ісәрекеті баланың жалаңаш тәніне таза ауаның тікелей әсер етуі арқасында қимыл кезіндегі табиғи ауа ваннасы болып табылады.
Қыс айларында да топсаяхат жоспарланады: ол туралы балаларға алдын ала ескертіледі және тәрбиеші мен топсаяхатқа қажет нәрселерді дайындайды.
Жүйелі түрде серуендеу балалардың қимыл дағдыларын жетілдіреді, ағзаны шынықтырады, төзімділікті қалыптастырады, өмірлік сезімді жақсартады, айналадағыны танып білуге көмектеседі, саяхатқа деген қызығушылықты туғызады.
Топсаяхатты серуенмен шатыстыруға болмайды. өйткені, жолда кездескен объектілерге көңіл бөлгенімен, серуенге алдын – ала тақырыптық жүйелі мақсат қойылмайды. Көптеген авторлар топсаяхаттың атын атап, оның өтілу ретін, ұйымдастырылу шартын айтқанмен, мұны білім берудің түрінен гөрі оқыту әдісіне жатқызса, енді бірі – сыныптан тыс ұйымдастырылатын оқу – тәрбиелік жұмысқа жатқызады. Осындай пікірдің бірінде «......... экскурсия как форма обучения решает целый комплекс образовательно – развивающих и воспитывающих задач», - дей келіп, білім беру мақсатына қарай кіріспе, ағымдағы және қорытынды түрлерінің болатыны айтылады. Осы сияқты бастауыш сыныптағы білім берудің түрін сөз еткен әдістемелік әдебиетте «Экскурсия содействует развитию позновательных сил и способностей учеников – внимания, восприятия, наблюдательности, мышления, творческого воображения моторики. Они во многом способствуют овладению учащимися методом работы, в частности методом наблюдения» - десе енді бірінде «Экскурсия – это форма организации учебно – воспитательного процесса, которая позваляет провадить наблюдения, а также непосредственно изучать различные предметы, явления и процессы в естественных или искусственно созданных условиях», - дейді. Топсаяхатта білім берудің формасы ретінде мойындайтын әдіскерлер де баршылық, әсіресе, бастауыш сыныптардағы оқу процесін өздерінің түбегейлі зерттеуіне айналдырған Р.А.Мавланова мен Г.Д.Клепенина топсаяхаттың білімдік және тәрбиелік жағын баса көрсетеді. Осы пікірлердің бәрінде де топсаяхаттың білімділік, тәрбиелік мазмұнын жоққа шығарылмайды, қайта оның табиғи жағдайда, әр объектіні өз ортасында көретіні айқын айтылған. Бірақ, олар топсаяхатты сабақтың жеке түрі ретінде бөлмейді.
В.М.Пакулова мен В.И.Кузнецовалар табиғаттан білім беруде топсаяхаттың алатын орнының жоғарылығын және оның білім мен тәрбие берудегі маңызын айқын көрсетеді. Л.Ф.Мельчаков табиғатты танытатын көпетеген тақырыптарды табиғатқа ұйымдастырылатын топсаяхатсыз оқыту мүмкін емес деп айтып, айрықша атап көрсетеді, яғни топсаяхаттың дүниетану бойынша білім беру түрі екенін мойындайды. Алайда автор топсаяхаттың мәнін біліп берудің түрі ретінде көтергенмен, оны сабаққа материал жинап әкелу үшін ұйымдастырылатын жұмыс түрі есебінде ғана қарайды.
Біздің пікірімізше, сабақ үстінде, немесе топсаяхат кезінде алған білімді келесі сабақтарда қолдануға болады. Сол сияқты топсаяхаттың нәтижесінде, барысында меңгерілген білімді, жиналған деректер мен табиғи материалдарды келесі сабақтарға қолдануға мүмкіндік мол. Бірақ, топсаяхат тек деректі материалдарды жинаудың құралы ғана болып қоймай, білім беру түріне айналуға тиіс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет