1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар



Pdf көрінісі
бет7/17
Дата22.12.2016
өлшемі3,66 Mb.
#28
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

Мақта егіу. 
Астық  арасында  тамаққа  бійдайдың  қандай  керектігі  болса,  мата 
тоқұуға мақтаныңда сондай керектігі бар. Жер үстінде тоқылатұн матаның 
7/8-інен асыуы мақтадан жасалады.
Мақта деген не? – Мақта деген мақта өсімдігінің дəнін қоршап тұратұн 
нəп-нəзік жіңішке мамық. Кей мақта шөп сықылды, кей мақта бұта сықыл-
ды  болып  өседі.  Мақта  ыссы  ылғалды  жерге  егіледі.  Мақта  тыйланған 
құмақ йа құм мен сазы аралас жерге жақсы шығады. Саздың өзіне мақта 
шықпайды. Топырақ ылғалды тегіс өткізетін болсын. Сұу ійрілетүн жерге 

Бес томдық шығармалар жинағы
60
де мақта шіріп кетеді. Сондықтан мақтаны Əмерійкенің оң түстігінде, Мы-
сырда, Үндістанда егеді. Бұлардың ауасы ыссы, жана теңіз жақындығынан 
ылғалды  болады.  Ресейде  мақтаға  қолайлы  жер  Түркістен,  Түркбенстен, 
Қапқаздың оң түстігі. Бұларда ылғал аз. Сондықтан мақтаны қол мен суа-
рыу керек. 
Күн  бұрын  мақта  егетін  жерді  терең  алып  айдап  қойады;  көң  төгеді. 
Көңді  топыраққа  араластырып  күз  күні  тағы  айдайды.  Жазғытұры  ерте-
рек  тырмалап  мақтаның  тұқымын  себеді.  Тұқым  желі  тартқандай  қатар 
себіледі. Бір тұқым мен бір тұқым арасы да қатарларының арасы да қадам 
жарынан болады. Бір десетійнеге екі пұт тұқым кетеді. Жаз бойы мақта-
ның түбі көміліп тұрады. Жер жұмсатылып тұрады. Сүйтіп ылғалды ауа-
ға шығаратұн жер жарығын құртып тұрады. Тамырға ауа баратұн қылып 
тұрады. 
Мақта  піскенде  тұқымының  қабығы  жарылады.  Қабық  ішінен 
жұп-жұмсақ нəп-нəзік домаланған мамық шығады. Мақта тұқымын қол-
мен  йа  мəшійнемен  орып,  қапқа  толтырып  мақта  тазартатұн  зауыттарға 
жөнелтеді.  Зауытта  мамығын  айырып  жіп  ійіретүн  пəбрікке  жібереді  де 
тұқымынан  май  сығып  алады.  Май  тамақ  болады.  Бір  пұт  тұқымнан  он 
қадақ май шығады. Сыққаннан қалған шыжық бен мал асырайды. Бір де-
сетійнеден 15-30 пұт тұқым түседі. Ең жақсы мақта талының ұзындығы 
2½ біршүк, орташа мақта талының ұзындығы 1 біршүк, жаман мақта талы-
ның ұзындығы ½ біршүк болады. Талы ұзын жіңішке болған сайын мақта 
жақсы болады. Матаның түріне қарай əр түрлі мақта ұсталады. 
Мақтаны жұрт көптен егіп келеді. Көп еге бастағаны жіп ійретүн мəшій-
не шыққан соң 150 жылдан бері қарай. Мұнан он жылдай бұрын тұқымын 
далаға тастап жүрген жаңа да тұқымнан май сығып алатұн болды. Сүйтіп 
білім арқасында адам бұрын іске асырылмаған нəрсесін іске асырып ке-
леді. Біліу үшін оқыу керек. 
Б.Бартеніп. 

Бес томдық шығармалар жинағы
61
ІІІ. Кəператсійе.
Кəператсійе.
Кəперəтсійенің негізі не? – Кəперəтсійенің негізі – еңбекшілердің ша-
рыуасын оңалтыу. 
Кəперəтсійеге  жұмысшылар,  қара  шарыуалар,  шеберлер  кіреді. 
Кəперəтсійенің əлде-неше түрлері бар. Бір түрі түсініс кəперəтсійесі делі-
неді. Түсініс кəперəтсійесінің алды мен көздейтін мақсаты – еңбекшілер-
ге  жақсы  нəрсені  арзанға  сатыу.  Өндіріс  кəперəтсійесі  деген  де  болады. 
Оның  алды  мен  көздейтүні – нəрсе  жасап  шығаратұн  уақ  шарыуаларды 
дұрысырақ ұйымдастырып, өндірген нəрселерін тійімдірек сатқызыу. Бұл 
жағынан қарағанда, кəперəтсійе жай саудагерлер мен тартысады. 
Еңбекшілер көп кіріп кəперəтсійе ұлғайып өскен сайын, кəперəтсійенің 
мағазиндары көбейеді. Кесіп дүкендері молайады. Сол кезде кəперəтсійе 
капыйталшыл  мемлекеттің  құрыған  кедіргісіне  ұшырайды.  Кəперəтсійе 
келіп байлар үшін шыққан заңға келігеді. Ол заңдар кəперəтсійеге жағым-
сыз болады. Ақырында еңбекшілер ұйымы – ортақшылдар партыйасының 
жетегі мен кəперəтсійе капыйталға қарсы төңкеріске қосылады. 
Бірақ бұл күнде кəперəтсійе əлі шамалы мақсаттан əрі аттай алған жоқ. 
Ол шамалы мақсат дегеніміз – мүшелерінің тең шарыуасын оңалтыу. Бұл 
жағынан да кəперəтсійенің қызметі зор. Үйткені, бұрын тек қара жұмыс 
бен күні кешкен қалың еңбекшілдер мен жұмысшыларды кəперəтсійе сау-
даға,  өндіріске  үйретеді.  Сүйтіп  кəперəтсійе  капыйталшылдардың  істей 
білетүн жұмысын еңбекшілерге үйретеді. 
«Жасасын еңбек»
Тұтыныс кəперəтсійесі.
Тұтыныс  кəперəтсійесі – еңбекшілердің  ұйымы.  Кірген  мүшелер 
кəперəтсійеге  жарна  салады.  Еңшекшілдердің  кəперəтсійеге  кіріуге  əлі 
келіу  үшін  жəна  көп  ақша  салған  байлар  кəперəтсійеге  қожа  болып  кет-
пес үшін жарна мөлшері кішкене болады. Жарнадан түскен ақшаға тауар, 
тамақ сатып алынады. Кəперəтсійе тауарды, тамақты шыққан жерінен са-
тып алыуға тырысады; жай саудагерден гөрі тауарын арзанырақ сатыуға 
ұмтылады. 
Қалалы жердегі жалшылар мен кеңселердегі уақ қызметкерлердің тек 
жал ақыдан басқа табысы жоқ. Бұларға тұтыныс кəперəтсійесінің пайдасы 
өте-мөте зор. Сондықтан күн батыс еуропада кəперəтсійе мүшелерінің 75-
90% жалшылар мен уақ қызметкерлер болады. 
Ійталійе, Болғарыйа, Уенгерійе, Ресей, Қазақыстан сыйақты жерлерде 
қара шарыуа көп. Бұл мемлекеттерде тұтыныс кəперəтсійеге уақ жер ие-
лері де кіреді. Жарлы жана орташа қара шарыуаларға да тұтыныс кəперəт-
сійесі пайдалы. 
Бұрынғы замандарда əр шарыуа өз кезегін өзі жасаған; басқадан сатып 
алмаған.  Шарыуа  малының  етін  жеп,  жүнін,  терісін  кійім-құрал  қылған. 
Мұндай  шарыуаны  өзіндік  шарыуашылық  дейді.  Бері  келе  өзіндік  ша-
рыуашылық  жойылған.  Қара  шарыуалар  қалада  істелетүн  нəрсені  сатып 

Бес томдық шығармалар жинағы
62
алатұн болған. Ол нəрселерді қайдан сатып алады? – Ауылдағы саудагер-
лерден,  базардан,  жақын  қалалардан  сатып  алады.  Мұндай  сатып  алған 
тауарына  қара  шарыуа  қымбатырақ  төлейді.  Ауылдағы  қара  шарыуалар 
бірігіп тұтыныс кəперетійбін ашса, үйездегі, гүбірнедегі кəперетіптер мен 
қатынасып алыс-беріс жасаса, қара шарыуалар да, жұмысшылар сыйақты, 
тауарды арзанырақ алалады. 
Бірақ ескеретүн нəрсе мынау. Ауылдағылардың азды-көпті жері, малы, 
нəрсе жасайтын құралдары болады. Ең керек нəрсе – тамақ. Тамақ ауыл-
дағылардың өз шарыуасынан шығады. Сондықтан қара шарыуаға қала та-
уарын арзанырақ алыу тіймді болса, өзі сататұн ауыл шарыуасынан түсетін 
нəрселердің қымбатырақ сатылыуы тіймдірек болады.
Уақ шеберлер мен ұсталардың үйлері де осы сықлды. Нəрселерді тійм-
дірек  сатып  алыу  үшін,  уақ  шеберлер  тұтыныс  кəперəтсійесін  көтерме-
леуге ұмтылады. Бірақ, олар əсіресе ілтійпат салатұн нəрсесі – өз ара одақ 
йа артел болып бірігіп, нəрсені көбірек жасау, жасаған нəрселерін қымба-
тырақ сатыу. 
Капыйталшыл тұрмыс кезінде жəна осы күнгі капыйталдан сатсыйал-
дыққа көшіп келе жатқан кезде, шарыуаның бір жұмысына пұл керек бо-
лып қалады. Ол пұлды несійе алыу керек. Сондықтан несійе таратыушы  
кəперəтсійе  ашыу  керек  болады.  Сүйтіп,  шарыуа  түзеліуі  үшін  тұтыныс 
кəперəтсійесі мен қатар несійе кəперəтсійесі, шеберлер кесібінің кəперəт-
сійесі, ауыл шарыуасының кəперəтсійесі ашылыуы керек. 
Несійе  кəперəтсійесі,  өндіріс  кəперəтсійесі  өте-мөте  ауылдағыларға 
пайдалы. 
«Жасасын еңбек»
Ауыл шарыуашылық кəперəтсійесі
Ауыл шарыуаларының қолында егетүн егісі, шабатұн шабыны, бағатұн 
малы  болады.  Ауыл  шарыуалары  бақша  да  салады,  балық  та  аулайды, 
сүттен май да алады, май шайқаушылар, бақшашылар, мал бағыушылар, 
егіншілер, балықшылар сықылдылар өз ара бірігіп ауыл шарыуашылығы 
кəперəтсійесін ашады. Сүйтіп ауыл шарыуашылығы кəперəтсійесіне ауыл 
шарыуалары кіреді. 
Ауыл шарыуашылығы кəперəтсійесінің алдыңғы мақсаты – ауыл ша-
рыуаларының  жасаған  нəрселерін  бет-бетіне  саттырмай  біріктіріп,  бір 
жерден сатқызыу. Мəселен, мүшелерінің шарыуасынан түсетүн тері-тер-
сек, жүн-жұрқа, ауысқан астығын кəперəтсійенің өзі жыйнайды. Мүшелері 
бет-бетіне көрінген бақалшыға нəрселерін сатпайды. Ол жыйнаған нəрсе-
лерін кəперəтсійе саудегерге сатпай, көп қылып йа ірі сауда орындарына, 
йа  пəбрік  зауытқа  тіке  өзі  сатады.  Уақ  саудагерге  сатқаннан  көптеп  ірі 
орынға сатқан нəрсенің бəсі көтеріңкі болады. Уақ саудагер қолына жұғып 
қалатұн пайда кəперəтсійенің жанына қалады. Кəперəтсійе ауыл шарыуа-
ларының  өз  ұйымы  болған  соң,  ол  пайда  ақырында  мүшелерін  табады. 
Сүйтіп кəперəтсійе уақ, орташа саудагерлер мен тартысады. 
Ауыл шарыуашылығы кəперəтсійенің мұнан соңғы ісі – мүшелерінің 
шарыуашылығы  дұрыс  жүріуі  кəперəтсійеге  тіймді  болады.  Бірігіп  жер 
жыртыуға, шөп шабыуға, бөгет салыуға, арық қазып жер сыуарыуға бо-

Бес томдық шығармалар жинағы
63
лады. Ауыл шарыуасын көтеріуге істелетін жұмыстың көбін кəперəтсійе 
істеуге болады. Кəперəтсійенің қолынан май шайқайтұн, байпақ басатұн, 
бұлғары ійлейтүн, кійіз басатұн, өрмек тоқыйтын, мақта тазартып түтетүн 
тағы түрлі зауыттар ашыу келеді. Кəперəтсійелер құрал-сайман өңдейтүн 
дүкендер ашады. Елге тұқымдық тарататұн жақсы малдар ұстайды. Əрійне 
мұның бəрін жергілікті шарыуаға қарай істейді. 
Мұнан ауыл шарыушылығы кəперəтсійесі екі қойанды бірдей соғатұ-
ны көрінеді. Əуелі мемлекет шарыуасы дамыуға мықты жəрдем тійгізеді. 
Екінші бытыранды шарыуаның басын қосып, бірігіп жұмыс қылыуға дағ-
дыландырады. Сүйтіп, өндірісті ортақтасып жасауға үгітті болады. 
«Жасасын еңбек».
Кəперəтсійенің ашыу жайы. 
Осы күні гүбірнелік йа үйездік қалалардың бəрінде де кəперəтіптің кін-
дік ұйымдары бар. Ел ішінде кəперəтіп ашарда сол ұйымдар мен қатына-
сыу керек. 
Ең əуелі ауылдың кісілері жыйналады. Жыйылысында қаулы жасайды. 
Қаулының  мысалы  мынадай  деуге  болады: – Біз  пəлен  болыстың,  пəлен 
ауылдың азаматтары пəлен үй ійесі бірігіп, кəперəтіп ұйымын ашпақшы 
болдық. Ұйымға кіретүн адамдар мыналар: (кіремін дегендердің аты мен 
əкесінің аты жазылады).
Кəперəтіпке кіретүн адамдар ақша төлейді. Бұл ақшаны мүшелік жарна 
дейді. Мүшелік жарнаның мөлшерін ең алғашқы жыйылысында көптің өзі 
белгілейді. Үй басы бір теңгеден салыуға да, бас теңгеден салыуға да, он 
теңгеден салыуға да болады. Мүшелік жарнадан ұйымның түпкі қаражаты 
құралады. Мəселен ұйымға жүз үй жазылса, үй басы бес теңгеден салса, 
бес  жүз  сом  қажат  болады.  Осы 500 сом  мен  ұйым  жұмысын  бастайды. 
Тілеген адамдар ұйым ашылған соң артынан жазылыуға да болады. 
Көрсетілген тəртіп пен қаулы жасалып, жарна ақша жыйналған соң, ел 
ортасынан бір адамды сайлап қаладағы кіндік ұйымға жібереді. Ол адам 
кіндік ұйыммен сөйлесіп, сол ұйымның жəрдемі мен елде жасалған қау-
лыны бекіттіреді. Қаулыдан басқа ұйымның ұстаған жолын жазған жоба 
болады.  Ашылған  ұйымның  не  істейтүні,  қайда  тұратыны,  қалайша  сау-
да-саттық  жүргізетүндігі,  қалай  өмір  сүретүндігі  жазылады.  Бұл  қағазға 
елден сайланған адамдар қол қойып бір данасын кіндік ұйымда қалдырады 
да, екінші данасын елдегі ұйымда сақтайды. Ондай жобалардың үлгісі бұл 
күнде қазақша да, орысша да, тасқа басылып шыққан; керегінде қаладағы 
ұйымнан алыуға болады. Ұйымға мүше болып жазылған адамдардың бəрі 
бұл жобамен танысыу керек. Ұйымның ісін жүргізетүн басқарма сайлана-
ды. Басқармаға үш-бестен артық кісі сайлаудың керегі жоқ. Басқарма жыл-
ма-жыл  мүшелердің  жалпы  жыйылысына  есеп  беріп  тұрады.  Жақпаған 
адамды басқармадан шығарып, орнына басқа адамды сайлау мүшелердің 
еркінде. Басқарманың ісін зерттеп қарап тұрыуға тексеріуші кемесійе сай-
ланады.  Басқарманың  ұнамсыз  істері,  кемшілігі  тыуралы  тексеріуші  ке-
месійе ұйым мүшелеріне байандап тұрады. Тексеріу кемесійенің өзі қый-
сық жұмыс қылса, онда оның өзін түсіріп тастау, йа сотқа тартыу мəселесі 
мүшелердің жалпы жыйылысының ортасына түседі. Ауылдағы ұйым мен 

Бес томдық шығармалар жинағы
64
қаладағы  ұйым  ылғый  қатынасып  тұрыу  керек.  Іс  білетүн,  жөн  көрсете 
алатұн жігіттер қаладан ауылға келіп нұсқау беріп тұрыу керек. Мұнда қа-
тынас əсіресе алғашқы кезде өте-мөте керек. 
Садыуақасұлы С.
Қазағыстанда тұтыныс кəперəтсійесі.
Қазағыстан түкпір-түкпіріне кəперəтсійе əлі жайылып болған жоқ. Қа-
лық  кəперəтсійеге  бірте-бірте  ынтасын  салып  келеді.  Кəперəтсійе  маңы-
зы артып келеді. 1924 жылдың өктебірінің біріне қарсы Қазағыстанда 583 
кəперəтіп болған. Мұның 14 – жұмысшылардікі, 12- қаланікі, 557 – ауыл-
дікі. Ауылдағы 557 кəперəтіптің 116 қазақтікі; 97 кəперəтіпті қазағы-оры-
сы бар аралас ашқан. Барлық Қазағыстанда əлгі уақытқа қарсы кəперəтіп 
мүшелері – 126921 кісі. 1924 жылы  кəперəтіп  мүшесі  айына 10% өсіп 
отырған. Бүтін Қазағыстанда қала қалқының 8,5%, ауыл қалқының 2,9%, 
көшпелілердің 1,12% кəперəтсійеге кірген. Ауыл мен қала қалқын жамы-
ратса, бүтін Қазағыстан қалқының 3,2% кəперəтсійеге кірген болады. 
Бұлардың қорытынды балансына қарағанда қаражатының күйі мына-
дай:
1) Қара шарыуа – жұмысшылар кіндік кəперəтсійесі мен қала кəперəтіп-
терінікі 2,827015 сом – 17%
2) Ауыл кəперəтіптерінікі 4,734998 –«- 28%
3) Кəперетіп одағынікі 8,809643 –«- 52%
4) Қазағыстан аймақтық одағынікі 
(Кіркірайсійез) – 597,118 –«- 3%
Қорытынды балансы 16,984,774 –«- 100%
1924 жылдың бірінші ғыныуарынан бірінші өктебіріне шейін тоғыз ай 
ішіндегі  тұтыныс  кəперəтіптерінің  алып-сатқан  саудасы 15,302,302 сом 
болған.
«Қазақстан өкіметінің 5 кеңес тобына берген есебінен».

Бес томдық шығармалар жинағы
65
ІV. Сайасы сауат. 
Кеңес респүблійкесінің бійлеу жөні. 
Ресейлік кіндік атқарыу кəмійтет. 
Ресейлік кіндік атқарыу кəмійтеттің орысша бас əріптерін-ғана алсақ 
У.С.И.К. кіндік кəмиійтет бүтін Ресейде мықты заңдарды шығаратұн, істі 
тəртіпке салып тұратұн, қарап бақылап тұратұн жоғарғы орын. 
Кіндік  кəмійтет  жұмысшы  қара  шарыуалар  үкіметінің  жана  барлық 
кеңес  мекемелерінің  жұмысына  жалпы  бағыт  беріп  отырады.  Заң  шыға-
ратұн  ел  бійлейтін  жұмысты  дұрыстап  біріктіріп,  ұластырып  отырады; 
кеңестің негізгі заңының кеңестер сійезі қаулысының кеңес үкіметі кіндік 
мекелері қаулыларының іске асыуын қарап отырады. 
Кемесерлер кеңесі, йа бір кемесерійет жасап алып келген декреттері-
нің жобаларын йа басқа ұсыныстарын қарап бекітетүн кіндік кəмійтет бо-
лады. Кіндік кəмійтетөз бетінен де декірет йа бұйрық дазып таратыуға еркі 
бар. 
Кіндік кəмійтет жалпы ресейлік кеңестер сійезін шақырады. Ол сійезге 
есеп береді, жалпы сайасаты тыуралы байандама жасайды. Басқа мəселе-
лер жайында да байандама қылыуға болады. 
Бүтін Ресейді бійлеу үшін кіндік кəмійтет кемесерлер кесін жасайды, 
əр істі басқарыуға əр түрлі кемесерійеттерді жасайды. 
Кіндік  кəмійтет  мүшелері  кемесерійттерде  жұмыс  істейді,  йа  кіндік 
кəмійтеттің арнап тапсырған жұмысын орындайды. 
Кемесерлер кеңесі.
Бүтін  ресейді  бійлейтін  кемесерлер  кеңесі.  Ісін  орындау  үшін  кеме-
серлер кеңесі декірет, бұйырық, нұсқаулар шығарады. Қысқаша мемлекет 
жұмысы дұрыс тез жүріуіне қам қылады. Барлық қаулыларын кемесерлер 
кеңесі кешікпей кіндік кəмійтетке білгізіп тұрады. 
Кемесерлер  кеңесінің  қаулысын,  қарарын  тоқтатып  тастауға  кіндік 
кəмійтетінің еркі бар. Кемесерлер кеңесінің жалпы сайасатқа қатысы бар 
ірі мəселелері кіндік кəмійтеттің қарап бекітіуіне тапсырылады. 
Əр істі басқарыуға əр түрлі кемесерійеттер болады. 
Кемесерлер  кеңесі  бүтін  ресейлік  кеңестер  сійезінің  алдында  істеген 
ісіне жауапты болады. 
Қалық кемесерлері, кемесерійеттің алқалары кемесерлер кеңесі алдын-
да, кіндік кəмійтет алдында жауапты. 
Қалық  кемесері  деген  атақ  бүтін  респүблійкенің  жалпы  ісін  басқара-
тын тек кемесерлер кеңесінің мүшелеріне ғана беріледі. Кіндік те болсын, 
орындар да болсын бұлардан басқа кеңес үкіметінің қандай өкілі болса да 
қалық кемесері деген атақбен пайдалана алмайды. 
«Р.С.П.С.Р. негізгі заңынан»

Бес томдық шығармалар жинағы
66
Кеңестер одағы (СССР).
Кеңестер  одағын  жасауға  ұмтылыу  РСПСРде  басталған  жоқ,  уақ 
кеңесшіл респүблійкелерде басталды. РСПСРдың ХХ кеңес сійезі бұл іс 
басталған  кезде  шақырылды.  ХХ  сійезге  көрші  респүблійкеміздегі  қый-
мыл мен санаспасқа əрійне болмады. 
Мұның соңынан бүтін одақтың сійезі ашылды. Бұл сійез өзінің кіндік 
атқарыу кəмійтетін сайлады. Сүйтіп респүблійкелер арасында шарт жаса-
лып қол қойылды. Шарт ХХ сійез ұйғарып кеткен жолымен жасалды. Бұл 
шартқа Ұукрайна,Оң түстік Қапқаз, Белоросейе өз сійездерінде шығарған 
қаулылары кіргізілді. 
Шарттың  негізі  не?  Бұрынғыдан  айырмашығы  не?  Кеңес  респүблій-
келерінің  арасына  жаңа  шарт  үлкен  өзгеріс  кіргізген  жоқ.  Тек  бұрынғы 
араларын анықтады, кейде түзеді. Шарт бойынша барлық респүблійкелер-
де қызыл əскерді басқарып бійлеп тұратын орын біреу-ақ болады. Темір 
жол, сұу жолы, пошта, телграм, сыртқы сайасат, сыртқы сауда бір жерден 
басқарылады  респүблійкелердегі  кемесерійеттер  ақша,  азық-түлік,  ша-
рыуашылық  сайасаты,  жұмысшы  қара  шарыуа  бақылау,  еңбек  жағынан 
одақтың кіндік кемесерійеттеріне бағынады. Басқа жағынан одаққа кірген 
респүблійкелердің өз бійлігі өзінде 
Одақ  бір  біреуге  сеніштікке,  толық  бостандыққа  сүйеніп  жасалған. 
Бұлай екені əр респүблійке одаққа кіріуге де, одақтан шығыуға да ерікті 
екендігінен көрінеді. 
Одақтың  маңызы  зор.  Ресейде  респүблійкелердің  ұлттардың  ішінен 
жақындасып,  одақтасыуы  патса  үкіметіне  қарсы  тартысып  жүрген  кез-
де  шыққан.Жалшылар  респүблійкелерінің  одағын  орнатып  бітіу – бүтін 
дүнійеде кеңестер одағын орнатыудың басы, бүтін дүнійе жалшылар төң-
керісінің негізі. 
Ынғұлып. 
Еңбекшілер сайлау ұқыуқы.
Кеңеске өзі сайланыуға, йа біреуді сайлауға кеңестер одағының жасы 
18ге  толған  азаматтары  жарай  береді.  Сайлауда  дініне,  ұлтына,  қайда 
тұрғандығына, еркек əйеліне қарап айырмашық болмайды. Сайлауға кіре 
алатұн мынадай адамдан: 
1) Бір нəрсе өндірп йа қоғамға пайдалы жұмыс пен күн бұрын тамақ 
асырап  тұрғандар.  Нəрсе  жасауға  пайдасы  бар  үй  жұмысында  қызмет 
ететіндер,  бұлар  жұмысшлар,  түрлі  қызметтегілер,  пабрік  зауытта  сауда 
орындарында ауыл шарыуашылығында жұмыс қылыушылар, қара шарыуа-
лар, егінші атты-қазақтар. Бұлар пайда табыу үшін біреуді жалдамаулары 
шарт;
2) Кемеде, əскерде қызмет қылатұн кеңес əскерлерінің салдаттары. 
Кеңес респүблійкесінде сайлауға қатыса алмайтындар.
Жоғарғы адамдар қатарына кірсе де, өзі сайланыуға йа біреуді сайлауға 
жарамайтын адамдар мыналар: 

Бес томдық шығармалар жинағы
67
1) Пайда табыу үшін біреуді жалдайтында;
2)  Еңбекшсіз  пайда  табатындар,  мəселен  капыйталының  өсімі  мен, 
кесіп орынының түсімі мен мүлкінен түскен нəрсемен тұратұн сықылды 
адамдар.
3)  Өз  бетінше  сауда  қылатындар,  сауда-саттық  ісінде  ділдал  болып 
жүретінлер;
4)  Сопылар,  мешіт  бағып  отырған  молдалар,  дін  жолында  қызмет 
етіушілер;
5) Бұрынғы палытсыйада, жандарымда, ақраный атделенійеде қызмет 
еткендер; Ресейде патшалық қылған тұқым адамы. 
6) Ақылынан жазғандығы тйійсті іретбен анықтаған адамдар; өз бетімен 
тұралмайтұн болған соң, үстінен біреу қамқор болып тұрған адамдар;
7) Жаман қылмсы үшін сырокбен заң бойынша сот үкімі бойынша жа-
заға бұйырылған адамдар. 
«РСПСРдің негізгі заңдарынан»
Біздің сайасытымыз. 
Қалық  шарыуасының  қай  тарауы  болса  да,  өсіп  дұрысталып  келеді. 
біз өсіп келеміз. Бірақ төрт айағымызды тең басып өсіп келе жатқанымыз 
жоқ. Өсіп келе жатып дағдарыстан құтылалмай келеміз. Бұл дағдарыстан 
бір  тек  біз  қорытыу  шығарамыз:  қара  шарыуа  мен  жұмысшылар  арасын 
жақындастырыу жұмысын он ірет күшейтіу керек; ол жұмысымыз көзге 
түсерлік іс болып шығыуына лайықтап барлық кеңес мекемелерін қолдан 
келгенше дұрыстау керек. Бұл жақындық төңкеріс бен ауыз көпіртіп сөй-
леген былшыл сөз бен орынға келмейді. Бұл жақындық шытты арзанда-
тыу мен кəперетсійедегі қызметкерлердің істі жүргізгіштігі мен жермайды 
арзандатыу мен, жермайды ауылға алып барып бере біліуіміз бен орынға 
келеді. Дұрыс жақындық осы. Бұл шешілерлік жұмбақ. Барлық күшімізді 
жұмсасақ бұл жұмбақты шешеміз. Бұл жерде Ленійн өсійетіне қарсы ке-
терміз деп қорқпаңдр. Біздің үкіметіміздің сайасаты Ленійн сайасатының 
жалғасы. 
Л. Каменіп. (С.С.С.Р кеңестерінің ІІ сійезіне жасаған байандамасынан)
Партыйа деген не?
Партыйа деген не нəрсе? – Партыйа деген бір таптың бөлігі. Таптың бұл 
бөлімі  тапты  ұйымдастырады.  Тап  тартысын  басқарады.  Сайасат  күшін 
табы жаулап алып, қолында ұстап тұрыуна тырысады. Партыйа деген тап-
тың ең қырағы, ең саналы, ең іскер бөлімі. Əр таптың өз партыйасы бар. 
Бірақ партыйа бір күнде тұумайды. Партыйа неше жылдар бойы құра-
лып түзеледі, өзгереді.
Кейде кейбір адамдар йа топтар əлдеқалай бір партыйаға кіріп кетеді. 
Сонан соң ол партыйадан бұлар шығып, орнына басқалар кіреді. Тек тар-
тыс кезінде ғана партыйа өз табына сəйкес шығады деуге болады. 
«Жойылсын сауатсыздық» жорналы. № 36.

Бес томдық шығармалар жинағы
68
Ресей ортақшыл партыйасы.
Ресей  ортақшыл  партыйасының  орысша  бас  əріптерін  ғана  тізгенде 
БКП болып шығады. БКП жұмысшылар табының партыйасы, жұмысшы-
лар табының бөлімі, жұмысшылар табының басы. Онда мұнан да басқа 
жұмысшылар  партыйасы  болғаны  қалай?  Онда  меншіктер  партыйасы 
өзін жұмысшылар партыйасымыз деуі қалай? Есерлер партыйасының да 
жұмысшылар  табының  қамын  соғамыз  деуі  қалай?  Жұмысшылар  табы 
да,  басқа  партыйалар  да,  жұмысшылар  партыйасы  да  кенеттен  тұумай-
ды,  айағы  салбырап  аспаннан  түспейді.  Жұмысшылар  партыйасы  неше 
жылдар  құралып  жасалған.  Кейбіреулер,  мəселен 1905 жылғы  төңкеріс 
кезінде,  меншебектер  өздерін  жұмысшылардың  қорғаны  деп  есептеген. 
Тек мықтры мəселелер майданға қойылғанда бірте-бірте анықталып жұ-
мысшылар  табының  партыйасы  шыққан.  Ол  мықты  мəселелер – соғыс 
мəселесі,  құралданып  көтеріліс  жасау  мəселесі  сыйақтылар.  Мұндай 
мəселелер  тап  жігін  айырады.  Азамат  соғысын  шығарады.  Сондықтан 
бір неше жыл бəлшебектер меншебектер мен, есерлер мен тартысып кел-
ген. Сондықтан 1917 жылы өктəбір айында тар жол тайғақ кешуі кезінде 
меншебектер есерлер бұуыржұуаға қосылып, жұмысшылар табына қарсы 
шыққан. 
«Жойылсын сауатсыз» жорналы. № 36
Б.К.П. не үшін тартысады. 
Б.К.П.ге кіретүн кім? Жұмысшылар, жана ортақшыл партыйа ғана езіл-
гендерді, еңбекшілдерді қорғайды деп түсінген жарлы қара шарыуалар. 
Ортақшыл партыйа – еңбек партыйасы. Ортақшыл партыйа жер үстін-
де  бұуржуа  қожалығын  жойыуға  ұмтылады;  бұуржуа  қолынан  барлық 
пəбірікті, зауытты, жерді тартып алып барлық еңбекшілдер бійлігіне беріу-
ге тырысады; адамды адам қанауын, адамды адам езіуін құртыуға күш са-
лады.
Бұл күнде əр елдің ортақшыл партыйасы бар. Ортақшыл партыйа ғана 
еңбекшілдерге азамттық алып беріу үшін айанбай соғысатұнұн əр жердегі 
еңбекшілдер  де  түсінген.  Сондықтан  бұлар  ортақшыл  партыйа  тобының 
астына жыйналып жатыр. 
«Жойылсын сауатсыздық» жорналының № 36.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет