1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар



жүктеу 7.86 Kb.

бет1/17
Дата22.12.2016
өлшемі7.86 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Бес томдық шығармалар жинағы
1
ҚР Білім жəне ғылым министрлігі Ғылым комитеті
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Орталық мемлекеттік мұрағат
1
Бес томдық шығармалар жинағы
Телжан Шонан лы
Оқу құралдары, оқулықтар

Бес томдық шығармалар жинағы
2
Жауапты редакторлар:
ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор 
Р.Сыздық
ҚР ҰҒА корр. мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор 
Д.Қамзабекұлы 
Құрастырып, түсініктерін жазған – филология ғылымдарының докторы 
О.Жұбаева
Жауапты шығарушылар: техника ғылымдарының кандидаты
Р.Ниязова, Ə.Əбсаттар 
Шонанов Т.
Ш 79   Бес  томдық  шығармалар  жинағы. 1-том. – Алматы:
– Мемлекеттік тілді дамыту институты. – 2015. 
ІSBN 978-601-7822-26-2
Т. 1. – 2015. 248 б.
ІSBN 978-601-7822-27-9
Бес  томдық  шығармалар  жинағының  бірінші  ХХ  ғасырдың  басын-
дағы қазақ тіл білімінің қалыптасып, дамуына елеулі үлес қосқан томына 
алаштың  көрнекті  қайраткері  Телжан  Шонановтың  «Шала  сауатты  ере-
сектер үшін оқу құралы», «Орыстар үшін қазақша əліппе» (1931), «Қазақ 
тілінің оқу құралы» (1933) атты еңбектері еніп отыр. Еңбек тіл білімі мəсе-
лелерімен  айналысып  жүрген  мамандарға,  филология  факультеттерінің 
студенттеріне,  докторанттар  мен  магистранттарға,  жалпы  көпшілік  қа-
уымға  арналған.  Телжантану  бағытындағы  зерттеулер  енді  қолға  алына 
бастауына  байланысты  жинақ  зерттеушілердің  ізденістеріне  жол  ашады 
деген сенімдеміз.
Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі
Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің 
тапсырысы бойынша
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың
2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында шығарылды
УДК 811.512.122
ББК 81.2 Қаз
Ш 79
УДК 811.512.122
ББК 81.2 Қаз
©  Мемлекеттік  тілді  дамыту 
институты, 2015
ІSBN 978-601-7822-27-9 (орт)
ІSBN 978-601-7822-26-2 (Т.1)

Бес томдық шығармалар жинағы
3
Телжан Шонанов
(1894-1937)
Тəуелсіздік заманның бет-бейнесін өзгертетін жасампаз құбылысқа ай-
налып, ұлттық құндылықтарымызды танып-білуге мүмкіндік берді. Ұлт-
тық рухты серпілтіп, жандандыруда ұлттық дүниетаным қалыптастырып, 
ұлттық сананы оятуда, ұлттық тіл білімінің дамуы жолында аянбай еңбек 
етіп‚ өзіндік үлес қосқан‚ кейін репрессиялануына байланысты еңбектері 
аталмай қалған ғалымдар мұрасының ғылым дамуындағы орнын айқын-
даудың  маңызы  зор.  Қазақстанның  бүгінгі  жай-күйін  жəне  келешектегі 
даму бағытын сөз еткенде, өткен тарихын да əрдайым есте ұстап, тарих-
тан  тағылым  алған  абзал.  Бұл  орайда,  əсіресе  ХХ  ғасырдың  басындағы 
Қазақстанда  орын  алған  саяси-əлеуметтік  фактор  ел  зиялыларының  ұлт 
мүддесі жолында бірігіп, қазақ тілін бағдарға ала отырып, бірлесе еңбек 
етуінің  жарқын  үлгісі  болды.  Ұлттың  қамын  ойлаған  қазақтың  зиялы 
азаматтары адамзат тарихының көшінен қағаберіс қалып, бейқам жатқан 
елдің тығырықтан шығар жолын іздеді. Одан шығудың бірден-бір негізгі 
жолы өнер-білімге тартылып, алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосылу 
деп  білген  зиялылар  қалың  бұқараның  арасында  ағартушылық  идеясын, 
ұлттық сананы көтеру идеясын ұстанды. Бұл жолда ұлттық мəдениеттің, 
əсіресе  тілдің  алар  орны  ерекше  болатынын  терең  түсінді.  Осыған  бай-
ланысты  ұлт  көсемі  А.Байтұрсынұлы:  «Өзіміздің  елімізді  сақтау  үшін 
бізге  мəдениетке,  оқуға  ұмтылу  керек.  Ол  үшін,  ең  алдымен,  əдебиет 
тілін өркендету керек. Өз алдына ел болуға өзінің тілі мен əдебиеті бар 
ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз», – деп жазды. Енде-
ше, Қазақстанның болашағы қандай болуы керек? деген мəселеге келген-
де,  осы  ұстанымдарды  басшылыққа  алу  керек.  Елбасы  Н.Назарбаевтың: 
«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», – деген сөзінде терең мəн бар. 
Яғни  қоғам  дамуындағы  сабақтастық,  ұлттық  идеяның  əрдайым  тілмен 
байланысты екендігі, ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының ой-тұжы-
рымдарымен үндестік, сол идеялардың жасампаздығы, дамуы байқалады. 
Соңғы жылдары ғылыми танымда ХХ ғасырдың басында өмір сүрген
ұлттық  тіл  білімінің  қалыптасуына  елеулі  үлес  қосқан  ғалымдардың  ең-
бектеріне  ерекше  көңіл  бөліне  бастады.  Қазақ  тіл  білімінде  жаңадан  қа-
лыптаса бастаған когнитивті лингвистика, антропоөзектілік бағыт сияқты 
жаңа үдерістер ХХ ғасырдың басында ұлттық тіл білімінің көш бастауында 
тұрған ғалымдардың еңбектерінен басталады. Қазақ тіл біліміндегі жаңа 
бағыттар  мен  А.Байтұрсынұлы,  Қ.Кемеңгерұлы,  Т.Шонанов,  Қ.Жұбанов, 
Қ.Басымұлы  сынды  ғалым-зерттеушілердің  еңбектерінің  арасындағы  са-
бақтастық осы кезеңді зерттеуді қажет етіп отыр. 
ХХ  ғасырдың 20-30-жылдары  қазақ  тіл  білімінің  дамуында  өзіндік 
орны  бар,  қазақ  тілін  грамматикалық  тұрғыдан  сипаттау  қоғамда  үлкен 
талас тудырып, басылым беттерінде жиі көрініс тапқан кезең болды. Қа-
зақ тілінің мемлекеттік мəртебе алуы, қазақ халқының əлеуметтік-мəдени 

Бес томдық шығармалар жинағы
4
дамуы,  қоғамдағы  өзгерістер  жаңа  оқулықтар  мен  тың  бағдарламаларды 
керек етті. Қазақ зиялылары ана тілінде оқулықтар жазып, сөздіктер шыға-
рып, аударма ісімен айналысып, ұлттық ғылым тілін қалыптастыруға күш 
салды, халықтың сана-сезімін оятып, мəдениетті елдер қатарына қосылу 
жолында аянбай еңбек етті. Ұлттық тілді ұлтты, қоғамды дамытудың, іл-
гері бастырудың құралы ретінде пайдалана отырып (А.Байтұрсынұлының 
оқу құралдарының аты да «Тіл – құрал» деп аталды), халықтың санасына 
əсер етуге тырысты. 
Аз ғана ғұмырында соңына өлшеусіз мұра қалдырған ғалымдардың бірі 
– Телжан Шонанов. Қайраткер 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде 
Əлихан  Бөкейханов,  Ахмет  Байтұрсынұлы,  Міржақып  Дулатов  бастаған 
демократиялық  бағыттағы  алаш  зиялыларына  қолдау  көрсетті. 1917 
жылғы ақпан төңкерісі кезінде ұлттық автономия құруға атсалысты. Тел-
жан  Шонанов 1917 жылы  екінші  жалпықазақ  съезінде  А.Байтұрсынұлы, 
М.Дулатов, М.Жұмабаев, Е.Омаровтармен бірге Алашорда үкіметінің жа-
нынан құрылған оқу комиссиясының құрамында болған. Сондай-ақ Халық 
ағарту  комиссариаты  жанындағы  академиялық  орталықта  қызмет  еткен, 
1924 жылы Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезіне, Қазақ АССР ғылым 
саласы қызметкерлерінің съезіне, Қазақ АКСР ғылым саласы қызметкер-
лерінің  съезіне, 1926 жылы  Бакуде  өткен  Бүкілодақтық  түркітанушылар 
съезіне т.с.с. қатысты. 1929 жылы 2-4 шілдеде Қызылордада өткен ғылы-
ми-орфографиялық  конференцияға  төрағалық  етті  т.с.с.  Латын  əліпбиін 
насихаттайтын республикалық комитеттің құрамында болды. 
1926-29 жылдары Қазақ Халық ағарту институтында қызмет етті, Қа-
зақстандағы  алғашқы  жоғары  оқу  орны – Қазақ  педагогикалық  институ-
тында, Қазақ мемлекеттік университетінде оқытушы, доцент болып еңбек 
етті,  оқулықтар,  оқу  құралдары  мен  оқу  бағдарламаларын  құрастырды. 
Ғалым  орыстарға  қазақ  тілін  меңгертудің  теориялық  жəне  практикалық 
негізін  қалаушылардың  бірі  болды,  əліпби,  емле,  терминология,  грамма-
тика,  стилистика,  текстология  бойынша  еңбектер  жазды.  Білікті  əдіскер
А.Байтұрсынұлы, М.Жолдыбаевтармен бірігіп оқу құралдары мен оқулық-
тар жазды. Ғалымның «Самоучитель русского языка для русских» атты ең-
бегі көп жылдар бойы оқытылып, негізгі оқу құралдарының бірі болды. Оқу 
əдістемесіне  байланысты  «Оқыту  əдісі  мен  програм  жолындағы  дамуы-
мыз» («Жаңа мектеп». 1927, N10); «Диаграмдар, графиктер қандай бола-
ды, қалай салынады?» (Қызылорда, 1929); «Жаңалыққа» жетекші (Қызы-
лорда, 1929); «Сауаттан» (Қызылорда, 1929) т.с.с. еңбектері жарық көрді. 
Телжан  Шонанов – тіл  білімінің  бірнеше  саласы  бойынша  еңбектер 
жазған білікті ғалым. Л.Толстой (Күн //«Жас қазақ». 1923, N4), А.Богданов 
(Тұрмыс  жүйесі  білімінің  қысқаша  курсы.  Орынбор, 1924), Каминский 
(Ауылдағы  кооперация  туралы.  Орынбор, 1925), Н.Крупскаяның  (Ауыл 
арасында саяси-ағарту жұмысы. Орынбор, 1925) т.с.с. еңбектерін аудару-
мен қатар жазу, емле, терминология (Терминдер туралы //Бюллетень гос. 
терминологической комиссии при КазНКП. 1935, N4); Тағы да терминдер 
туралы //Социалистік  Қазақстан. 1935, 20 май)  мəселелерімен  де  айна-
лысқан. Ғалым термин сөздерді қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктеріне 
бағындырып жазу керектігін айта келіп, негізгі ұстанымдарын көрсеткен 
(Шет сөздер імлəсі жайында // Еңбекші қазақ. 1929, 25 март, 26 март).

Бес томдық шығармалар жинағы
5
Қоғам қайраткері, ағартушы, педагог, аудармашы Телжан Шонановтың 
бір  топ  еңбегі  өлкетану,  жер  мəселесі,  география,  қазақтарды  қоныстан-
дыру,  отырықшыландыру,  жер  бөлу  мəселелеріне  арналған.  Қайраткер 
1923 жылы «Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының» мүшесі, 1926-28 жылда-
ры  «Қазақ  өлкесін  зерттеу  қоғамында»  тарих-этнография  секциясының 
төрағасы  болды.  Т.Шонанов – «Қазақ  жер  мəселесінің  тарихы»  атты  ең-
бектің авторы. 
Ұсынылып  отырған  жинақта  Т.Шонановтың  ХХ  ғасырдың  басында 
оқытылып, бірнеше рет жарық көргенімен, ғалымның репрессиялануына 
байланысты кейін шықпай қалған оқулықтары, оқу құралдары, аудармала-
ры, мақалалары, мұрағат деректері беріледі. Соңғы жылдары əліпби алмас-
тыру  мəселесі  қолға  алынуына,  сол  себепті  емле  мəселесінің  жанданып,
у, и дыбыстарының таңбалануында, шет сөздердің игерілуіне қатысты көп-
теген таластардың өршуіне байланысты ХХ ғасырдың 20-30 жылдары бұл 
мəселе қай бағытта өрбігенін көрсету мақсатымен Телжан Шонанов еңбек-
терінде қосар дыбыстарды таңбалауда, шеттен енген сөздердің берілуінде, 
сөздердің  бірге,  бөлек  жазылуында  түпнұсқаны  сақтауға  тырыстық  (сөз 
соңындағы  п  дыбысының  орнына  б  келетін  тұстардан  басқа  жерлерде). 
Болашақта ғалымның қазақ тіліндегі еңбектерімен қатар мұрағат қорлары 
мен сирек қолжазбалар бөлімінен табылған еңбектерін толық қамтып, то-
лық шығармалар жинағын шығаруды мақсат етеміз. 
Қазіргі  кезде  ғылыми  білімнің  даму  заңдылықтарына  ерекше  мəн 
берілуіне байланысты жаңа концепциялардың пайда болу жолдары арнайы 
зерттеуді қажет етіп отыр. Антропоөзектік бағыттағы ізденістер жеке тұлға-
лардың тіл білімінің дамуындағы, ғылым тарихындағы орнын айқындауға 
бағытталған. Осыған байланысты жаңа бағыттардың қалыптасып, дамуына 
байланысты ХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы зерттеушілердің ой-тұжы-
рымдарына  басқа  қырынан  үңіліп,  қайта  қарау  қажет.  ХХ  ғасырдың 20-
30  жылдарындағы  мектеп  грамматикасы  мен  ғылыми  грамматикалардың 
арақатынасын  сипаттау  қазіргі  кездегі  ғылыми  теориялардың  талаптары 
үдесіне  сəйкес  келе  бермейтін  қазақ  тілі  оқулықтарының  мазмұнын  сын 
тұрғысынан қарастыруға да мүмкіндік береді. Орта мектеп оқулықтарының 
негізінде логика-грамматикалық, құрылымдық-грамматикалық теориялар-
дың өзара қатынасын талдау арқылы лингвистика ғылымы мен оқулықтар 
арасындағы байланысты жандандыруға, қазіргі қазақ тілі ғылымының даму 
үдерістеріне сəйкес баламалы қазақ тілі оқулықтарын құрастырып, бүгін-
гі таңда ерекше сұранысқа ие болып отырған қазақ тілді сөйлермендердің 
лингвистикалық құзыреттілігін қалыптастыруға жол ашады.
Еліміздің ертеңі туралы ой қозғап, ұлттық қоғам құруды мақсат еткен 
қазіргі кезде ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының еңбектерінен 
тағылым алар тұстары, үлгі, тəжірибе боларлық дүние мол. Алаш зиялы-
ларының  ұлт  мүддесі,  тəуелсіздік  жолындағы  күресі  егеменді  Қазақстан 
үшін тағылымы мен ғибраты мол жол болмақ. Алаш зиялыларының азат-
тық жолындағы істерінің байыбына барған сайын бүгінгі тəуелсіздігіміздің 
мəнін сезінеріміз анық. 
Орынай Жұбаева 
филология ғылымдарының докторы 

Бес томдық шығармалар жинағы
6

Бес томдық шығармалар жинағы
7
Қазақ оқыу кемесійесінің білім ордасы
Жер жүзінің еңбекшілері, бірігіңдер!
Шала сауатты ересектер үшін
ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Шонанов Т.
 Хрестоматия для малограмотных взрослых
Типография Казакстанского государственного издательства
г. Кзыл-орда, 1926

Бес томдық шығармалар жинағы
8
Жазыушыдан 
Бұл кітап сауатсыздықты жойатұн алты айлық мектепті бітірген, шала 
сауаттылар  мектепте  оқитын  ересектерге  арналып  жазылған.  Кітап,  қол-
дан келгенше, комплекс жолымен жазылған. Комплекске келерлік ірі теме 
жеті:  мал  бағу,  егіншілік,  кəперетсійе,  саяси  сауат,  Ленин  өмірі  мен  ісі, 
төңкеріс мыйрамдары, есеп білдіргіш. Бұл ірі темелерді ұсақтап бөлуге де 
келеді. Əр теменің ішінде керекті жерлерінде есеп, табиғат тану жайынан 
мағлұматтар қыйыстырылып отырады. Сонда да кітабымыз таза комплекіс 
жолына дəл үйлеседі дей алмаймыз. Оған түрлі себептер болды. 
Шала  сауаттыларға  қымбаты  із – жолын  білу  (справочное)  мағлұмат; 
қарта  тану,  пылан,  маштабтарды  жақсы  білу.  Қарта  сықылды  нəрселерді 
салуға теқнійке жағы көтермейтүн болы. Кітап тым қымбатқа түсетүн бол-
ды. Сондықтан жағырапиядан алғашқы мағлұматты мұғалім үйретер деп 
ойладық. Класта ілуге Қазақстан қартасы быйыл басылып шығады. Кітап-
та  жер-су  аттары  кездескен  сайын,  сол  қартамен  мұғалім  соларды  іздеп 
оқыушыларға таптырып отырыу керек: мың жер атын білгеннен бір жерді 
қартадан таба білу артықтығын мұғалім есінде тұтсын. Сандар кездессе, 
есептетіп, диағырамдар салдырып отырыу керек. Сандардан тұрмысқа ке-
рек қорытыу шығарып отыру керек. 
Кітап қарамы кішкенелігінен керекті тағы бір-екі темені кіргізе алма-
дық. Іс істеп жүрген мұғалымдар кітаптың оңдайтұн жерін көрсетсе, алғыс 
айтып қайта басыларында түзетіуге тырысамыз. 
Қызылорда. 1925 жыл, ағұс
Жазыушы

Бес томдық шығармалар жинағы
9
1. Мал бағыу 
Мал бағыудың керектігі.
Осы күнгі жер үстіндегі үлкен мемлекеттер шарыуашылығының басты 
түрлері үшеу: 1) пабірік-зауыт кесібі. Мұны өнерлі кесіп деп де атайды; 2) 
ауыл шарыуашылығы; 3) өнерлі кесіп бен ауыл шарыуашылығы қатар тең 
жүріп тұрған жерлер. 
Өнерлі  кесібтің  гүлденіп  тұрған  жері – Аңглілійе,  Белгійе,  Герменійе 
сықылдылар.  Өнерлі  кесіб  бен  ауыл  шарыуасын  тең  жүргізіп  тұрған – 
Арқалық Американың қоспалы ыштаты. Ауыл шарыуасының күшті жері 
– Ресей, Қытай, Үндістан сықылды мемлекеттер. 
Ауыл шарыуасының осы күні екі мықты түрі бар: 1) егіншілік бен 2) 
мал  бағыу.  Ресейде  мал  бағыудан  егіншілік  күшті.  Сүйтіп,  Ресей  қалқы 
егінші,  Ресей  қалқының 70% егіншілік  кесібтен  күн  көреді.  Малды  көб 
бағатұн елдер – Аргентине, Ұрағбай (Əмерикеде), Абыстралие, Жаңа Зе-
ландия деген арал қалқы, Қазақстан сықылдылар. 
Ресейдің  мықты  кесібі  егіншілік  болған  соң,  малсыз  күні  жоқ.  Мал 
құрыса,  Ресейде  егін  салынбайды;  егін  салынбаса,  Ресейдің  барлық  ша-
рыуасы күйрейді. Егін салған елге малдың не керегі бар? – малдың керегі 
мынау: егінді көліксіз салатұн машыйна Ресейде жоқ; болса өте аз. Сон-
дықтан  егінді  көлік  пен  саламыз.  Көлікті  Ресей  қара  шарыуасы  машый-
на орнына жұмсайды. Ресейде егіншілік көлігі өліуі – əкесі өлгенмен тең. 
Машыйнасыз  елдің,  егінші  елдің  көліксіз  күні  қаран.  Малдың  мынанда 
басқа керек орны бар. Мал көңі мен тозған егіндікті жаңғыртыуға болады. 
Басқа мəденійетті елдерде мал көңінің орнына қолдан ғылым мен жасап 
егістігін  жаңғыртады.  Ресейде  ғылым  мен  мал  кезегінің  орнына  қолдан 
нəрсе жасап егін жаңғыртыу əлі нашар. 
Сөйтіп,  мал  əрі  жер  жыртыу,  əрі  жер  жаңғыртыуға  керек.  Жана  қол-
дан  ғылым  мен  тыйландырғаннан  мал  кезегі  мен  тыйландырыудың  ар-
тықшылығы болады. Мəденійеті төмен, машыйнасы жоқ егінші ел малсыз 
күн көре алмайды. Бұл малдың егіншіге керектігі. 
Жері егінге қолайсыз, өнерлі кесібі жоқ қазақ сықылды елдер малсыз 
бір күнде өмір сүріп тұра алмайды. Мұндай жерлерде малды егін салыу 
үшін ұстамақ түгіл, егін салмасада амалсыз ұстайды. Малдан ет, сүт, май, 
тері,  жүн,  қыл  алады.  Отарбасыз  парақұтсыз  Қазақыстан  сықылды  жер-
де көлік машыйна орнына жүк тасыйды, адам тасыйды, көлікпен ғана қа-
тынас болады. Отындық ағашы жоқ қазақ Қазақыстанда мал тезегі отын 
болады. Мал тезегі болмаса, отынды қазақ басқа жерден сатып алар еді. 
Басқа  жерден  отынға  сатып  алған  ағаштың  бұрауы  алтынға  түсер  еді. 
«Малдының беті жарық, малсыздың беті көн-шарық» деген сөзді осы күнгі 
Қазақыстанға келгенде ғылым да дұрыстайды. 
Қай ел малды.
Малдың  ұзын  санын  алғанда,  соғыстан  бұрын  Ресейдің  малы  тек  əр 
қалық Əмерекенің қосбалы ыштанынан кем еді; басқа елдің малынан көп 

Бес томдық шығармалар жинағы
10
еді. Соғыстан бұрын жер жүзіндегі ірі он мемлекет малының ұзын саны 
мынадай болған:
Ел
Малының ұзын саны
Жылқы
Сиыр
Қой
Шошқа
Барлығы
Қоспалы штат 20,277,000 60,502,000 53,633,000 69,620,000 204,032,000
Ресей 34,555,000 51,622,000 66,025,000 14,088,000 166,290,000
Аргентійне
9,400,000
28,786,000 80,401,000 2,900,000
121,487,000
Бразійлійе 2,278,000
11,100,000 93,003,000 800,000
107,181,000
Абстралійе
7,289,000
30,705,000 10,550,000 18,401,000 66,945,000
Керменійе 4,524,000
20,182,000 5,803,000
21,294,000 51,803,000
Англійе 2,253,000
11,866,000 30,480,000 3,700,000
48,299,000
Пырансійе 3,236,000
14,436,000 16,425,000 6,720,000
40,817,000
Ійталійе
956,000
6,199,000
11,162,000 2,508,000
20,825,000
Қанада
2,596,000
6,533,000
2,175,000
3,610,000
14,914,000
Соғыстан  соң  бұлардың  бəрінің  малы  азайған.  Соғыстан  соңғы  ма-
лының  ұзын  санын  алғанда  жоғарғы  елдердің  орны  болай  өзгерген 
(1921-жылғы сан):
Елі 
Малының ұзын саны
Жылқы 
Сиыр 
Қой 
Шошқа 
Барлығы 
Қоспалы штат 19,208,000
65,587,000 37,452,000 56,097,000 178,344,000
Ресей 26,956,000
39,403,000 54,502,000 15,396,000 136,2570,00
Абыстралійе 2,421,000
1,956,000
75,554,000 1,169,000
91,100,000
Аргентійне
9,366,000
27,392,000 45,309,000 3,227,000
85,294,000
Бразійлійе 6,065,000
28,262,000 7,205,000
17,329,000 58,861,000
Керменійе 3,683,000
16,840,000 5,882,000
15,876,000 42,281,000
Англійе 2,213,000
11,893,000 24,273,000 3,627,000
42,006,000
Пырансійе 2,635,000
13,217,000 9,406,000
4,942,000
30,209,000
Қанада
2,814,000
10,206,000 3,676,000
3,905,000
20,601,000
Ійталійе 690,000
6,240,000
10,754,000 2,339,000
20,023,000
Малының  ұзын  саны  көп  болғанмен  Ресейдің  елі  де  көп.  Сондықтан 
малын жанға бөлгенде Ресей малға онша бай елге қосылмайды. 
Əр елдің малға байлығын көрсеткенде төмендегідей болады. 1921 есеп 
бойынша, əр елде мың жанға мынадай малдан келеді. 
Ел
1000 жанға келетін малы
Жылқы
Сиыр
Қой
Шошқа
Барлығы
1913 
ж
.
1921 
ж
.
1913 
ж
.
1921 
ж
.
1913 
ж
.
1921 
ж
.
1913 
ж
.
1921 
ж
.
1913 
ж
1921 
ж
.
Абыстралійе 511
445
1750 1777 20876 13897 122 128 23259 16247
Аргентійне
1114 1098 3855 3149 10766 5209
388 371 16153 9827
Қоспалы штат 221 182
658
620
583
354
714 531 2176
1687

Бес томдық шығармалар жинағы
11
Қанада
360 435
907
1164 302
419
501 445 2070
2463
Ресей
269 198
428
320
681
376
166 116 1544
1010
Англійе 50
47
262
251
674
513
85
66
1071
877
Прансійе
82
67
365
337
415
240
170 126 1032
770
Германійе
70
62
311
281
89
98
338 265 808
706
Ійталійе
27
27
179
170
322
320
172 66
620
581
Бразійлійе
--
--
1279 945
439
235
766 566 -
-
Борыйсұптың «Шарыуашылық жағырапыйасынан» алынды. 
Оқыушыға  жұмыс:  Көрсетілген  он  мемлекет  соғыстан  қанша  мал 
зыйан  көргенін  есептетіу  керек  (төлінен  басқа).  Əр  елдің  малы  соғыс 
салдарынан  неше % кемігенін  шығартыу  керек.  Сыйыр  қайда,  қой  қай-
да, жылқы қайда, шошқа қайда көбірек екенін аңғартыу керек. Соғыстан 
бұрынғы, соңғы елдің малына дыйағырам салдырыу керек. 
Ресейдің қай ауданы малға бай.
Соғыстан бұрын да, соң да Ресейдің малға ең бай ауданы – Қазағыстан. 
Ресейде басқа мемлекеттердей мал санын анық біліу қыйын. Бұрын ізбор-
дан қашып қазақ сықылды елдер малын тіпті аз көрсететүн еді. Алты-жеті 
жүз  жылқылық  үйлер  көбінесе  жүзге  толмайтұн  жылқы  жаздыратұнұн 
білеміз. Пересилен мекемесінің он екінші жылғы санағында ырғыз уйезін-
дегі  бір  ауыл  елдің  жылқысы  мыңнан  кем  жазылған.  Жылы  дұрысында 
сол ауылда сол алты-жеті жүз жылқы айдаған он шақты үй бар еді. Сол 
ауылдың жартысындай үйлерде орташа салғанда жүз шамалыдан жылқы-
лары болған еді. Осындай азайтылған сандарға қарағанда да Қазақыстан 
малы  əр  кентіне,  Абстралійе,  қоспалы  іштат  сықылды  малды  жерлерден 
көп қалыспайтұн еді. Қазақ малы ол кезде толық жазылып жүрген болса, 
Қазағыстан  жер  жүзінде  малға  ең  бай  жер  болыуы  даусыз. 1916-жылғы 
есеп бойынша, Ресейдің əр ауданында ауылдағы əр бір жүз жанға мынадай 
малдан келеді:
Аудандары
Əрбір 100 ауыл жанына келетін малы
Жылқы
Сыйыр
Қой
Шошқа
Бəрін 
сыйырға 
аударғанда
1
1) Қара топырақты аудан
26,1
39,3
54,5
16,8
78,7
2) Қара топырақсыз аудан
19,9
40,7
51,1
15,2
72,9
3) Арқалық Қапқаз
36,3
68,2
137,6
28,9
134,6
4) Сыйыр
63,7
99,7
97,3
36,2
189,0
5) Қазақстан
67,9
96,9
229,9
11,9
205,9
6) Бүтін Ресей
30,1
51,7
80,7
18,1
99,8
1
 Жылқы мен сыйыр тең, алты қой бір сыйырға, төрт шошқа бір сыйырға тең 
қылып алынған.

Бес томдық шығармалар жинағы
12
Малды адам йə жүніне, йə сүтіне, йə етіне, йə күшіне бола ұстайды. Қа-
зақ малы Ресейде етке жақсы, күшке тəуір саналады; бірақ жүнімен (түйе-
ден басқасы) сүтке олқы соғады.
(Сандар  прапессұр  Ағанұбыскій  «Шарыуашылық  жағрапыйасынан» 
алынған).


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал