1. Бәсекелестік бұл



бет1/5
Дата28.09.2022
өлшемі37,63 Kb.
#40554
  1   2   3   4   5

1.Бәсекелестік бұл

  • 1) биологияда [1] - туыстық жағынан жақын бір немесе әр түрге жататын организмдердің тірі қалу мүмкіндігі үшін бір-бірімен күресуі. Ол үшін өсімдіктерге күн сәулесі түрінде алатын, ал жануарларға әртүрлі қоректік материалдартүрінде алатын энергия қажет. Бұл күресте жеңіп шыққандар ұрпақ қалдыру мүмкіндігіне ие болады, жеңілгендер жойылады. Сөйтіп, түр ішіндегі бәсекелестіктің негізгі нәтижесі таралымдық түрдің қалыптасуымен аяқталады (қ. Дивергенция). Түр ішіндегі бәсекелестік көп жағдайда жекелеген жануарлардың немесе олардың топтарының өз танаптарын қоруынан байқалады. Сондай-ақ, ұя салу және жұптасу, яғни, жұптасатын серігі үшін Б. болады. Ал өсімдіктер арасында бәсекелестік негізінен жарық үшін жүреді. Тым жиі өскен өсімдіктер бірін-бірі көлегейлейді. Бұл құбылыс кейбір ауыл шаруашылықдақылдарынан (сәбіз, қызылша, т.б.) анық байқалады;

  • 2) психологияда - жеке адамдар мен топтар арасындағы қарым-қатынастың түрі. Бәсекелестік белгілі бір мақсатқа жету жолындағы жарыс, тартыс түрінде көрінеді. Ол өзара ынтымақтастыққа, ізгі ниеттілікке негізделмеген жағдайда ашық соғысқа, бақталастыққа ұласады. Бәсекелестік адамның жетістікке жетуіне өз септігін тигізіп, пайдалы қызмет те атқарады;

  • 3) экономикада, қазақша Бәсеке.

2.Бәсекелестіктің креативті түрі
Жетілген бәсекеӨңдеу
Еркін бәсеке жеке меншікке және шаруашылықтың оңашалуына негізделеді. Өндірушілер бір-бірімен тек нарық арқылы байланысады.
Жеке фирма өз өнімін өткізуде іс жүзінде нарықтағы айырбас жағдайларына ешқандай әсер ете алмаса, онда осындай болмыс – бәсекелік қабілеттің ең жоғарғы дәрежесі болып табылатын жетілген бәсеке деп аталады.
Жетілген бәсеке нарығы төменде аталған шарттардың орындалуын тілейді:

  • жеке фирманың өндіріс мөлшері елеулі болмайды және ол сол фирма сататын тауардың бағасына әсер етпейді;

әр өндірушілер сататын тауарлар біртекті тауарлар болады;

  • сатып алушылардың баға туралы информациясы толық болады. Егер біреу өз өнімінің бағасын көтерсе, онда ол сатып алушыларынан айырылады;

  • сатушылар өзара баға туралы келісім жасаспайды және әрекеттерін бір-бірімен келіспей жеке жүргізеді;

  • өндіруші фирмалардың салаға кіруі мен шығуына жол ашық болады.

Осындай сату-сатып алу шарттарының орындалуы өндірушілер мен тұтынушылардың өзара қатынастарына еркіндік сипат береді. Жетілген бәсеке баға белгілену механизмнің және тепе-теңдік болмысы арқылы экономикалық жүйенің өзін-өзі реттеуінің қалыптасу шарты болып табылады. Осының нәтижесінде жеке индивидтердің экономикалық жетістікке жетуді көздейтін өзіндік жеке дара қимылдары бүкіл қоғамдық жетістіктерге жол ашады.
Нарықтық бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет