1-Билет: 1-Сұрақ: Д. И. Менделеевтің периодтық заңы және периодтық жүйе. Элемент атомдарының электрондық құрылысының ерекшелігі. Жай заттардың, оксидтер мен гидроксидтердің қасиеттерінің период және топ бойынша өзгеруі



бет24/29
Дата04.06.2023
өлшемі304,73 Kb.
#98581
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Бейіндік пәндер бойынша - 30

Химиялық қасиеттері


Алкандар орынбасу, айырылу, изомерлену және тотығу реакцияларына түседі. Алкандардың басқа көмірсутектермен салыстырғандағы бір ерекшелігі — олардың құрамындағы көміртек атомдарының валенттіктері толығымен сутек атомдарымен қаныққан. Сондықтан алкандар қосылу реакцияларына түспейді.
Алкандар құрамындағы тағы бір ерекшелік — оларда едәуір берік коваленттік σ-байланыстың болуы. Бұл байланыстың полюстігі төмен, сондықтан алкандар, негізінен, SRмеханизмі бойынша реакцияларға түседі. С—С байланыс едәуір қатаң жағдайда үзіліп, реакцияға қиын түседі. Алкандардың парафиндер деп аталу себебі осы. Алкандар химиялық реакцияларға энергия берген (қыздыру немесе ультракүлгін сәулелердің әсерінен) жағдайда ғана түседі. Реакция барысында көміртек пен сутек С—Н арасындағы байланыс үзіліп, сутек атомы басқа атомдар мен атом топтарына алмасады немесе көміртек атомдарының С—С араларындағы байланыстар үзіледі. Алкандар полюссіз қосылыстар болғандықтан, байланыстардың үзілуі негізінен радикалдар түзе, гомолиттік механизм бойынша жүреді.

Алкандардың жеке өкілдері және олардың қолданылуда


Алкандар жанған кезде көп жылу бөлінетіндіктен, отын ретінде кең түрде қолданылады.
Метан СН4— түссіз, иіссіз, ауадан екі еседей жеңіл, жанғыш газ. Суда нашар ериді.
Табиғи газ құрамындағы метан тұрмыста және өндірісте отын ретінде кеңінен пайдаланылады. Оттекпен немесе ауамен қоспасы қопарылғыш келеді. Газдың бөлінгенін байқау үшін оған (газ баллоны, т.б.) иісті заттар қосады. Метанды айыру арқылы алынған күйенің, сутектің, ацетиленнің қолданылу аялары да үлкен (3-сызбанүеқа). Күйе каучук пен резеңке өндірісінде, типографиялық бояу ретінде қолданылады. Түзілген сутек экологиялық таза отын ретінде, аммиак және азотты тыңайтқыштар алуға қолданылады. Ацетиленнің қолданылуымен "Алкиндердің жеке өкілдері және олардың қолданылуы" деген тақырыпта танысасыңдар. Метан — химия өнеркәсібінің бағалы шикізаты. Одан галогентуындылар, метанол, формальдегид, синтез-газ, т.б. көптеген заттар алынады. Этан С2Н6, пропан С3Н8, бутан С4Н10, пентан С5Н12— сәйкес қанықпаған көмірсутектерді алуға қолданылады. Пропан мен бутанның қоспасын баллондарға құйып, отын ретінде тұрмыста пайдаланады. Изооктпан (2,2,4- триметилпентан) — жоғары сапалы іштен жанатын қозғалтқыштардың жанармайларының (бензиннің) негізгі құрамды бөлігі. Автокөліктердің іштен жанатын қозғалтқыштарында бензин буы жанған кезде жоғарғы температурада қызған газдардың көп мөлшері түзіледі. Бұл газдар цилиндрдің поршенін итеріл, айналмалы біліктерді қозғап жұмыс істеткізеді. Жану энергиясын толық пайдалану үшін бензиннің ауамен қоспасын тұтату алдында сығады. Осы кезде қозғалтқыштағы жанатын қоспа өздігінен тұтанып кетпейтін, яғни жанармайлар детонацияға тұрақты болулары керек. Қоспа өздігінен тұтанып, детонация болса, цилиндрде қысым күрт көбейеді де, поршеньге соққы беріліп, мотор сартылдап, қозғалтқыштың дұрыс жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Тармақты көмірсутектер детонацияға тұрақты болады. Детонацияға тұрақтылық стандарты ретінде изооктанның (2,2,4-триметилпентанның) тұрақтылығы 100-ге тең деп қабылданған, ал өте оңай детонацияланатын н-гептанның СН3СН2СН2СН2СН2СН2СН3 октан саны нөлге тең деп есептеледі. Бензиннің сапасы "октан санымен— изооктанның проценттік үлесімен сипатталады. Мысалы, бензиннің құрамында 76% изооктан мен 24% гептан болса, ондай бензиннің октан саны 76-ға тең деп есептеледі. Бензиннің 72, 76, 80, 85, 91, 93, 96, т.б. маркалары болады. Тармақталмаған көмірсутектердің детонациялануын төмендеткіш қасиеттері бар заттар антидетонаторлар деп аталады. Тетраэтил- қорғасынның Рb(С2Н5)4 (ТЭҚ) антидетонаторлық қасиеті болғандықтан, оны бензинге қосады. Цилиндрдің ішкі жағына қорғасын оксиді жабысып қалмас үшін ТЭҚ-пен бірге бензинге 1,2-дибромэтан ВгСН2СН2Вг қосылады. Нәтижесінде, пайдаланылған қорғасын ұшқыш тетрабромидке айналып, автокөліктен бөлінетін газбен бірге атмосфераға тарап, қоршаған ортаны ластайды. Организмде қорғасынның аз мөлшерінің өзі адамды депрессияға ұшыратып, көңіл күйін төмендетеді. Қоршаған орта мен адам организміне қорғасынның қосылыстары зиянды болғандықтан, тармақты көмірсутектерден тұұатын бензин өндірудің маңызы зор. Алкандардың гомологтық қатарының ортаңғы мүшелері (С7—С16), негізінен, еріткіштер ретінде қолданылады. Қасиеттері ұксас заттар бір-бірінде жақсы еритіні белгілі. Сұйық алкандардың молекулалары әлсіз полюсті. Майлар, табиғи шайырлар, каучук сияқты әлсіз полюсті заттар сұйық алкандар мен олардың қоспаларында (бензин, керосин, т.б.) жақсы ериді. Сонымен қатар сұйық алкандар мотор отыны ретінде қолданылады. Жоғарғы алкандардан (С17-ден жоғары) спирттер, карбон қышкылдары, синтетикалық майлар, сабын, жағармайлар, қанықпаған қосылыстар, т.б. заттар алынады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет