2-сұрақ:Ацетилен көмірсутектерінің гомологтық қатары. Изомериясы, номенклатурасы, алыну
әдістері, электрондық құрылысы. (sp, гибридтелу, табиғаты). Этиленді және ацетилендік көмірсутектердің электрофильдік қосылу реакцияларындағы химиялық қасиеттерін Ацетилен (латынша acetum — сірке және грек. nyle — ағаш, орман, зат), HC≡CH — түссіз газ, қайнау температурасы — 83,8 °С, тығыздығы 1,0896 г/л. Оны 1836 жылы ағылшын химигі Э. Дэви ашқан, 1862 жылы француз химигі Бертоле синтездеп алған. Ацетилен сутегісінің қышқылдық қасиеті -электрондарболғандықтан сілтілік металдармен ацетиленидтер түзеді, ал бұлтының қатысуы арқылы әр түрлі элементтермен комплекстер құрайды. Ацетиленге қосылу реакциясы тән. Ол екі сатыда жүреді: алдымен этилен, одан кейін алқан туындылары түзіледі. Ацетиленді галогендеу реакциясы тетрахлорэтилен, трихлорэтилен, винилхлорид т.б. галогенді туындылар өндіруде қолданылады. Ацетилен әр түрлі катализаторлар көмегімен сумен әрекеттесіп сірке алдегидін түзеді. Ацетиленге спирт қосу арқылы әр түрлі бағалы полимерлер және сополимерлер алу үшін қолданылатын мономерлер өндіріледі. Ацетиленді ĕ-пирролидонға қосқанда N-винилпирролидон, ал оны полимерлеу арқылы жасанды қанның негізін құрайтын зат алынады. Ацетиленнің карбонилді қосылыстармен әрекеттесуінен ацетиленді спирттер, ал олардан әр түрлі биология активті және микроэлектроникаға қажетті заттар өндіріледі. Ацетиленнің циан қышқылымен әрекеттесуінен акрилонитрил, ал көміртек тотығымен, спирттермен не аминмен әрекеттесуінен акрил қышқылының эфирлері мен аминді түзіледі. Бұлар өте құнды полимерлер алуға жұмсалатын мономерлер. Ацетилен кальций карбидін сумен өңдегенде алынады. Ацетиленді табиғи газды электрокрекингтеу, термототықтыру крекингі, пиролиздеу арқылы және плазмохимиялық жолмен де өндіреді. Ацетилен 5000°С температурада немесе 0,2 МПа қысымда жарылғыш келеді. Басқа газдармен араластырса (азот, метан, пропан т.б.) жарылу қаупі азаяды. Ацетиленді инертті керек заттармен толтырылған (ағаш көмірі) болат баллондарда, ацетондағы ерітінді түрінде 1,5 — 2,5 МПа қысымда сақтайды және тасымалдайды. [1] Молекулаларында бір және екі қос байланысы бар көмірсутектерден басқа да қанықпаған көмірсутектер болады. Қарапайым өкілі ацетилен болып табылатын тағы бір қосылыстар тобы болады.
Ацетиленнің құрылысы
Ацетилен қатарындағы бірінші мүше түссіз газ, суда аздап ериді. Ацетилен молекуласының құрылысын зерттеу, көміртегі және сутегі атомдарының бәрі бір түзу сызық бойына орналасқанын көрсетеді, молекула сызықтық құрылысты болады. Жүйелеу номенклатурасына сәйкес, үш байланысты көмірсутектер атаулары өздеріне сәйкес қаныққан көмірсутектердегі –ан жұрнағын –ин жұрнағына алмастыру арқылы шығады. Ацетилен көмірсутектерінің изомері бутиннен басталады. Осы қатардағы көмірсутектердің қасиеттерін практикалық маңызы зор ацетилен мысалында қарастырамыз. Ацетиленнің метаннан және этиленнен айырмашылығы – ол күйелі жалын шығарып жанады. Ацетиленнің қанықпаған қосылыс екенін анықтау үшін ацетилен толтырылған цилиндрге калий пермаганаты ерітіндісін құямыз. Ерітінді тез түссізденеді. Сөйтіп, этилен сияқты, ацетилен де оңай тотығады.Алкиндердің аталуы алкендердің аталуына ұксас. Халықаралық номенклатура бойынша алкиндерді атағанда, алкандардың -ан жұрнағын -ин жұрнағына алмастырады. Үш байланыс негізгі тізбекке кіруі керек. Көміртектерді еселі байланыс жакын орналасқан шеттен бастап нөмірлейді. Молекулада қос және үш байланыстар болса, немірлегенде қос байланыс шешуші рөл атқарады. Алкиндерге де алкендер тәрізді көміртек қаңқасына, еселі байланыс орнына сәйкес изомерлер тән. Сонымен қатар алкиндердің де көмірсутектердің басқа кластарынан изомері болады. Алкиндер мен жалпы формулалары бірдей (СnН2n-2) алкадиендер арасында класаралық изомерлер бар. Өнеркәсіпте ацетиленді көп кездесетін химиялық шикізат — табиғи газдан алады. Метанды пиролиздесе (жоғары температурада қыздырса), ол көміртек пен сутекке айырылатынын білесіңдер. Реакцияны жүргізу жағдайына байланысты метанды айырғанда, ацетилен аралық өнім ретінде түзіледі:
2СН4 → С2Н2 + ЗН2 Егер түзілген ацетиленді реакция жүретін ортадан тез алып кетіп салқындатпаса, ол әрі қарай көміртек пен сутекке айырылып кетеді.
2. Алкиндерді сәйкес алкандарды дегидрлеп алуға болады. Мысалы, этанды 1200°С-қа дейін қыздырғанда, ацетилен мен сутекке айырылады:
С2Н6 → С2Н2 + 2Н2 3. Лабораторияда және күнделікті тұрмыста ацетиленді кальций карбидін сумен әрекеттестіріп алады. Ал кальций карбидін электрпеште сөндірілмеген әк пен коксті жоғары температурада (2000°С) әрекеттестіру арқылы алады:
СаО + ЗС → СаС2 + CO
СаС2 + 2Н2О → Са(ОН)2 + С2Н2[1]