1-Билет: 1-Сұрақ: Д. И. Менделеевтің периодтық заңы және периодтық жүйе. Элемент атомдарының электрондық құрылысының ерекшелігі. Жай заттардың, оксидтер мен гидроксидтердің қасиеттерінің период және топ бойынша өзгеруі



бет29/29
Дата04.06.2023
өлшемі304,73 Kb.
#98581
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Бейіндік пәндер бойынша - 30

3-сұрақ: Екі араласпайтын сұйықтық арасындағы үш компоненттің таралуы. Нернст –Шиловтың таралу заңы. Таралу коэффициенті, константасы және олардың айырмашылығы мен байланысы.
Экстракция.Экстрогентті таңдау.

Егер өзара ерімейтін екі сұйықтықты араластырсақ, онда таза сұйықтардан екі бөлік түзіледі. Енді осы жүйеге екі сұйықта да еритін үшінші бір компоентті қоссақ, онда тепе-теңдік орныққанда, ол сұықтардағы ерігіштігі бірдей болмағандықтан екі түрлі концентрация көрсетіп таралады. Үшінші заттың бірінші заттағы концентрациясының екінші заттағы концентрациясына қатынасы тұрақты шамаға тең. Осы тұрақты шама таралу константасы Кт-у деп аталады.
С/3//3= Кт-у
Сұйытылған ерітінділерде бірнеше зат болса, олардың әрқайсысы екі фазада әр заттың таралу коэффициентіне байланысты таралады. Жеке заттың таралу коэффициенті басқа заттардың болу-болмауына тәуелсіз шама.
Таралу заңы сол еріген затты бөліп алуға мүмкіндік береді. Егер еріген заттың екінші еріткішпен ерігіштігі көп болса, ерітіндіге сол еріткішті қоса отырып, барлық затты осы еріткішке ауыстыруға болады. Кендерді байытудың бір тәсілі – экстракция, осы таралу заңына негізделген. Мысалы, суда еріген органикалық заттарды эфирмен экстракциялағанда оған күшті қышқыл немесе күшті негіз қосады. Сонда оның ерігіштігі артады. Себебі органикалық қышқылдар мен оның тұздары суда аздап болса да иондарға диссоцияланады. Ал эфирде тек диссоциацияланбаған молекулалар ғана ериді. Өте күшті қышқыл не негіз қосқанда органикалық қышқылдар мен оның тұздарының диссоциациялануы кеміп, эфирде еруі артады. Сулы ерітіндіге тұздарды қосып та экстракцияның тиімділігін арттыруға болады.
Нернст-Шиловтың таралу заңын еске салсақ, ол В.Нернстпен 1891 ж. термодинамикалық негізделген, ал Бертло мен Юнгфлейшпен 1871ж. эмпириялық бекітілген. Таралу заңы былай айтылады: берілген температурада өзара араласпайтын екі сұйыққа таралатын заттың концентрациясының қатынасы - оның әртүрлі концентрациясындағы тұрақты шама. Көріп тұрғанымыздай, бұл заңның экстракцияға тура қатынасы бар. Соған сәйкес, С'орг/С'сулы = С"орг/С"сулы = С"'орг/С'"сулы = ... =cont; Сорг/Ссулы =D (таралу коэффиценті) Осылайша, таралу коэффициенті еріткіштің табиғатына және таралатын
затқа, температураға тәуелді болады, бірақ заттың концентрациясына тәуелсіз. Нернст-Шиловтың таралу заңы - жеткілікті сұйылтуларда дәл орындалатын шектеулі заң. Концентрацияны жоғарылатқанда бұл заңнан ауытқулар байқалады: таралу коффициенті тұрақты болмайды, өйткені фазадағы активтілік коэффициенттері өзгереді. Тепе-теңдік кезде әртүрлі фазада берілген компоненттің химиялық
потенциалының теңелуінен таралу заңы шығады.
23 Бірінші топтың қосымша
топша элемент
атомдарының, жай және
күрделі заттарының
құрылысы мен
қасиеттерінің
салыстырмалы сипатта-
масы. Мыс (II) және
күміс (I) иондары-ның
физиологиялық ролі

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет