1-Билет: 1-Сұрақ: Д. И. Менделеевтің периодтық заңы және периодтық жүйе. Элемент атомдарының электрондық құрылысының ерекшелігі. Жай заттардың, оксидтер мен гидроксидтердің қасиеттерінің период және топ бойынша өзгеруі


Оттегі (латынша Oxygenium), O – элементтердің периодты жүйесінің VI-тобындағы химиялық элемент. Реттік нөмірі 8, атом массасы 15,999



бет7/29
Дата04.06.2023
өлшемі304,73 Kb.
#98581
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29
Оттегі (латынша Oxygenium), O – элементтердің периодты жүйесінің VI-тобындағы химиялық элемент. Реттік нөмірі 8, атом массасы 15,999. Оттегін өнеркәсіпте ауаны қысып сұйылтады да, азот пен оттегінің қайнау температураларының айырмашылығына қарай буландырып бөліп алады. Осылайша алынған оттегі көгілдір түсті баллондарда сақталады, себебі сұйық оттегі ашық-көгілдір түсті болады.
Оттегінің қасиеттері
Физикалық қасиеттері
Оттегі (O2) түссіз, суда аз еритін (20°С-та судың 100 көлемінде 3,1 көлем O2 ериді) газ күйіндегі зат. Қалыпты жағдайда (0°С, 1 атм=101,3 кПа) 1 л оттегінің салмағы 1,43 г, ал 1 л ауа — 1,29 г болады. Химиялық қасиеттері
Оттегі қыздырған кезде көптеген заттармен әрекеттеседі, бұл үдеріс жану деп аталады, ол жылу мен жарықты бөле жүреді. Бейметалдармен әрекеттесуін көру үшін оттегі толтырылған сынауыққа көмірдің түйірін салсақ, ол жарқырап жана бастайды:С + O2 = СO2
Түзілген көмір қышқыл газын әк суына жіберсек оның лайланатыны сендерге белгілі. Бұдан басқа күкірт, фосфор, т.б. бейметалдар да оттегінде жанады:
S + O2 = SO2
4Р + 5O2 = 2Р2O5
Кейбір металдар да оттегінде жанып оксидтер түзеді. Мысалы, оттегімен толтырылған сынауыққа магний ұнтақтарын сепсек, оның жарқырап жанғанын көруге болады. 2Mg + O2 = 2МgО
Болат сымның ұшына кішкентай көмір түйірін шаншып алып, оны тұтатып оттегімен толтырылған ыдысқа салсақ жанған көмірден бөлінген жылудың әсерінен темір жана бастайды .ЗFе + 2O2 = Fе3O4 (FеO•Fе2O3)
Элементтер оттегімен әрекеттесіп оксидтер түзеді, бұл тотығу үдерісі.
Оксидтер дегеніміз молекула құрамы екі элементтен тұрып, оның бірі оттек болатын күрделі заттар.
Күрделі заттармен әрекеттесуі
Кейбір күрделі заттар да оттегінде жанып оксидтер береді, мысалы, тамақ пісіргенде ас үйдегі газ пешінде қолданылатын пропанның (С3Н8) жануы:
С3Н8+ 5O2 = ЗСO2+ 4Н2O
Автогендік әдіспен металдарды кесу мен жалғауда мына реакция жүреді:
2С2Н2 + 5O2 = 4СO2+ 2Н2O
Металлургия өндірісінде өртеу пештерінде күрделі заттардың тотығу реакциялары жүреді:
2ZnS+3O2 = 2ZnO + 2SO2
Cu2S + 2O2 = 2CuO + SO2
Сонымен, оттегі жай және күрделі заттармен әрекеттескенде жану реакциялары жүріп, нәтижесінде әр түрлі оксидтер түзіледі.
2-сұрақ Бензолдың химиялық қасиеттері. Электрофильді орын басу реакциялары, механизмі. Бензол сақинасындағы орын басу бағыттау ережесі. Бірінші және екінші ретті орын басушылар. Галогеннің басқа басушылардан айырмашылығы. Сәйкес емес бағыттау.
Бензол, С6Н6 — ароматты көмірсутек; түссіз, қауіпті, өзіне тән иісі бар, буланғыш сұйық зат, балқу t 5,5°С, қайнау t 80,1°С, буы ауамен араласып, қопарылғыш қоспа түзеді. Ол органикалық еріткіштерде (эфирлерде, спиртте, ацетонда, сірке қышқылында) ериді. Бензол полярлы емес қосылыстар үшін жақсы еріткіш болып табылады, майларды, резеңке, каучук, күкірт, йодты ерітуде қолданылады. Бензол ежелден бері келе жатқан органикалық қосылыс, бензолды алғаш рет 1825 жылы Майкл Фарадей ашқан. бензолдың эмпирикалық формуласы - CH және "сутек бикарбуреті " деп те аталады.
Кейіннен, Эйлхард Митчерлич бензой қышқылы мен әктасты қыздыру арқылы бензолды синтездеді. Ол бензолдың химиялық формуласы С6Н6 екендігін тапты.
С6H5COOH + CaO --> C6H6 + CaCO3
Фридрих Кекуле бензолдың молекуласы алтыбұрышты пішінді екенін тапты. Алты көміртек атомы бір-бірімен бір және қос байланыстар арқылы байланысады. Алты сутек атомдары сәйкесінше көміртек атомдарымен байланысады.
Химиялық қасиеттері
1. Галогендермен :
C6H6 + Br2 -(FeBr3)-> C6H5Br + HBr
2. Азот қышқылымен:
C6H6 + HNO3 --> C6H5-NO2 + H2O
Жалпы формуласы СnН2n -6 болғандықтан, бензолды өте қанықпаған қосылысқа жатқызуға болар еді. Бірақ бензол бромды сумен және калий перманганатының ерітіндісімен әрекеттеспейді, яғни қанықпаған қосылыстарға тән реакцияларға түспейді. Осылай бензолдың құрамы мен қасиеттерінің арасында біздің түсінігімізше сәйкессіздік туады. Бензол буы мен сутек газының қоспасын катализаторы бар қыздырылған түтік арқылы өткізсе, бензолдың бір молекуласы сутектің үш молекуласын қосып алып, құрылысы бізге таныс циклогексан түзіледі екен: 
Бензол бұл қасиетті тек циклді құрылысты болғанда ғана көрсете алады деп тоқтам жасауға болады. Молекула құрамындағы көміртектің алты атомы цикл жасап тұйықталады және олар өзара қос байланыс пен дара байланыс арқылы кезектесіп жалғасады деп, бензолдың құрылымдық формуласын ең алғаш неміс ғалымы А. Кекуле ұсынды (1865 ж.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет