1-билет 1,Ацетилен өндірісі және оны қайта өңдеу


Пластмассалар 4 топқа бөлінеді



бет7/13
Дата05.05.2023
өлшемі100,78 Kb.
#90387
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Пластмассалар 4 топқа бөлінеді:
Табиғи және мұнай асфальттары мен шайыр негізіндегі пластмассалар
Хим. модификацияланған табиғи полимерлер негізіндегі пластмассалар (протеин, целлюлоза, галалит);
Полимерлену өнімдері пластмассалар (полиэтилен, полистирол, т.б.) негізіндегі пластмассалар;
Поликонденсациялану (полиамидтер, полиэфирлер, т.б.) негізіндегі пластмассалар;
Сонымен қатар термопластикалық және термореактивті пластмассалар болады.


6-билет
1.Микробиологиялық синтез.
Микробиологиялық синтез - микробтық жасушаларға тән биологиялық қасиеттерге негізделген химиялық қосылыстарды, биологиялық белсенді заттар мен басқа да өнімдерді алу тәсілі. Микробиологиялық синтездеуде микроорганизмдердің ферменттік жүйелерінің жұмыс істеуінің нәтижесінде қарапайым заттардан кешенді заттар пайда болады.
Микробиологиялық синтез үшін пайдаланылатын микроорганизмдер (бактериялар, саңырауқұлақтар) жоғары жылдамдықпен көбеюге және микробтық жасушаның талаптарынан асатын белгілі бір өнімдердің артық мөлшерін синтездеуге қабілетті. Өнімдерді синтездейтін, табиғат көздерінен немесе мутагенез және іріктеу нәтижесі бойынша алынған, адамдарға пайдалы реакцияларды жүзеге асыратын бірнеше жүз типті микроорганизмдер бар.
Микробиологиялық синтез үшін шикізат ретінде ең арзан азот және көміртегі көздерін пайдаланады.
Әдетте микробиологиялық синтез ферментерлерде жүзеге асырылады. Микробиологиялық синтез бірқатар дәйекті кезеңдерді қамтиды. Ең бастылары - өндіруші микроорганизмнің қажетті культурасын дайындау, өсіру , биомассаны сүзу және бөлу, қажетті өнімді оқшаулау мен тазалау, кептіру секілді кезеңдер болып табылады.


7-билет
ЖМҚ туралы жалпы мәліметтер: ЖМҚ классификациясы, қасиеттері.
Жоғары молекулалық қосылыстар (полимерлер) - бұл өте үлкен молекулалық массасы бар заттар, олардың молекулаларында мономер атомдарының қайталанатын топтары болады.
Жіктелуі:Химиялық құрамы бойынша полимерлер органикалық бейорганикалық және Элементоорганикалық болып бөлінеді.
Шығу тегіне байланысты полимерлер табиғи, жасанды және синтетикалық болып табылады.
Полимерлердің мономерлі байланыстарының құрамы бойынша жіктелуі полимерлерді гомополимерлер мен гетерополимерлерге бөледі.
Негізгі тізбектің құрылымына байланысты мыналар бөлінеді: гомо және гетеро тізбекті полимерлер.
Макромолекулалардың құрылымы бойынша полимерлер: сызықты, тармақталған және торлы.
Қасиеттері:
-төмен және жоғары температураларға төзімділік, сілтілер мен қышқылдарға жоғары қарсылық, электроөткізгіштік, жылуөткізгіштік.
Механикалық қасиеттері:
•​серпімділік - салыстырмалы түрде аз жүктеме (резеңке) кезінде жоғары қайтымды деформациялану қабілеті);
•​шыны тәрізді және кристалды полимерлердің (пластмассалар, органикалық шыны) аз сынғыштығы);
•​қаттылық •​жұмсақтық
Полимер ерітінділерінің қасиеттері:
•​төмен полимерлі концентрациядағы ерітіндінің жоғары тұтқырлығы;
•​полимердің еруі ісіну сатысы арқылы жүреді.
Медицинада қолдану бойынша 3 топқа жіктеледі:
-Ағзаға енгізуге арналған полимерлер: ішкі протездер, пломбылар, желімдер,
қан алмастырғыштар, дезинтоксикаторлар, антидоттар;
-Ағзамен және оған енгізілетін заттармен түйісетін полимерлер: хирургиялық құралдар, шприцтер, медициналық аппараттар мен приборлардың тетіктері;
-Ағзаға енгізілмейтін және ағзаға енетін заттармен түйіспейтін полимерлер: лабараториялық ыдыс, штативтер,операция бөлмелері жабдықтары



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет