бірлескен Жеке кәсіпкерлік - ҚР дара кәсіпкерлік туралы заңнамасында айқындалған уәкілетті тұлғаның тұрғылықты жері бойынша; салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеушілер болып табылатын резидент жеке тұлғалар-тұрғылықты жері бойынша Салық комитетінде; жеке кәсіпкерлік қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес жеке тұлғалар-Қазақстан Республикасында болатын жері бойынша Салық комитетінде;
30 билет 1. Салық механизмінде қалыптасқан қатынастар саласын бөлуге болады:
В) жоспарлау, реттеу, бақылау 2. Салықтардың маңызды функциясы келесідей:
С) реттеуші 3. Салық саясатының келесі түрлері бар:
А) төмен салық саясаты, орташа салық саясаты, жоғары салық саясаты 4. "Салық төлеуші" ұғымын ашыңыз:
В) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға 5. Салықтық бақылау-бұл:
С) салық органдарының қызметін тексеруге бағытталған іс-шаралар, әдістер жиынтығы
2 Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары туралы түсініктеме беріңіз
Салық органдары салық төлеуші заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың салық берешегіне мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады. Мәжбүрлеп өндiрiп алу шаралары қолданыла бастағанға дейiн салық төлеушiге (салық агентіне) осы Кодекстiң 84-тарауына сәйкес салық берешегін өтеу туралы хабарлама жiберiледi.
1) салық төлеушіде (салық агентінде) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 6 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аз мөлшерде салық берешегі болған кезде - осындай берешек пайда болған күннен бастап;
2) салық төлеушіні сот банкрот деп таныған жағдайда - банкроттық туралы іс бойынша іс қозғалған кезден бастап;
3) салық төлеушіге қатысты оңалту рәсімі енгізілген жағдайда - оңалту рәсімін қолдану туралы сот ұйғарымы күшіне енген күннен бастап қолданылмайды