3.ХІІІ –ХV ғғ. жер иелену түрлерінің мағынасын кестеге толтырыңыз.
Інжу
Шыңғыс ұрпақтарының жасау ретінде алған жерлері.
Вақфтық жерлер
Дін иелерінің жерлері
Сойырғал, иқта
Әскери немесе мемлекеттік басқару ісінде ханға адал қызмет істегендерге берілген жерлер
Шаруалардың мүліктік жерлері
Отырықшылық аудандардағы егіншілік жерлер
11-Билет С.Датұлы бастаған көтерілістің алғышарттары мен себептері.
Адам баласының биологиялық даму эволюциясы мен әлеуметтік ұйым формалары қалыптасуын сәйкестендіріңдер. Эндогамия, экзогамия деген ұғымдарды ажыратыңдар.
Қыпшақ мемлекетінің астаналарын картаға белгілеңіз.
Жауабы: 1.С.Датұлы бастаған көтерілістің алғышарттары мен себептері XVIII ғасырдың 70 – 80-жылдары елдің экономикасына кіші жүздегі хандық биліктің әлсіреуі, орыс помещиктерінің, Жайық казак әскерлерінің зорлық-зомбылығы, ішкі өзара тартыс халықтың жағдайына нұқсан келтірді. Шекаралық істер комиссиясы да патша үкіметінің нұсқаулары жүзеге асуын қамтамасыз етуді бақылады. Казак әскерлерінің жергілікті халыққа қысымы, алауыздықтың күшеюі, кіші жүздегі саяси жағдайды шиеленістіріп жіберді. Көшпенділердің жайылымдарын өз қалауынша бөліп, халыққа заңда қарастырылмаған салық салған Нұралы ханның салық саясатының да зардапты салдарларының болғандығын атап өткен жөн. Осындай жағдайда тарихи аренаға Пугачев қозғалысына қатысушы, батыр, шешен Сырым Датұлы шықты. Оған Еділ жағалауынан Арал теңізіне дейінгі барлық қазақ даласы үн қосты. Көтерілістің басты қозғаушы күші –қазақ шаруалары, старшындар, билер, ру басшылары болды. Сырым батырдың соңынан ерушілердің саны туралы нақты мәлімет жоқ. Жалпы алғанда көтерілісшілер саны 3 500 адам деп айтады. Бірақ көтерілісшілер санының одан көп болғандығы да анықталуда
С.Датұлы бастаған халық қозғалысының алғашқы мақсаты патша үкіметінің отарлауына шек қою және казактарға қарсы соққы беру болды.