2. Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ пен Батпақ ескерткішін салыстырып, қай кезеңге жататынын анықтаңдар. Қазақстан аумағында палеолит кезеңі ескерткіштерінің екі түрі табылған.Бірінші түрі-бірнеше мәдени қабаттардан тұратын ескерткіштер. Оларды тек археологиялық қазбалар барысында зерттеуге болады. Осындай ескерткіштерге Қаратаудағы Ш.Уәлиханов есімімен аталған көп қабатты қоныс Түркістан маңындағы Қосқорған, Қарағанды облысындағы Бетпақ пен Шығыс Қазақстандағы Шульбинка жатады. Екінші түрі - ашық жер бетінде орналасқан ескерткіштер.
Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ: Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыстанды мекенінен табылған қалыңдығы 7метр, мустье кезеңіне жататын тұрақтардың ең күрделісі. Ежелгі адамдар бұл тұрақты бірнеше рет қоныстанған. Қазба жұмыстары кезінде қоныстың әр түрлі қабатынан үшкіртас және құрал жасаудан қалған тас сынықтар табылған. Әсіресе, өте жақсы өңделген қырғыштар көп кездеседі.
Батпақ тұрағы: Орталық Қазақстан жерінен табылған кейінгі палеолитке жататын ең көрнекті ескерткіштердің бірі. Оның мәдени қабаты жер бетінен 6 метрдей тереңдіктен табылған. Тұрақтың жас мөлшері – б.з.б. 30-25 мыңыншы жыл.Бұл жерден барлығы 300-дей тас құралдар шықты. Табылған құралдар сопақша келген қырғыштар болып табылады. Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ пен Батпақ тұрағы мустье және кейінгі палеолиттің ең көрнекті ескерткіштеріне жатады, бірнеше мәдени қабатты ескерткіштерге жатады, сол заман адамдарының өмірі, тұрмысы туралы көрнекі ақпарат бере алады.
3.«Қасым ханның қасқа жолы» бойынша енгізілген ережелерді кесте бойынша толтырыңыз және оның маңызын түсіндіріңіз. Қасым хан мемлекеттің қоғамдық өмірінде қарама-қарсы қайшылықтарды болдырмау үшін бір қатар заңдар шығарды. Оның «Қасым ханның қасқа жолы » деген атаумен осы күнге дейін ел аузында айтылып келеді. Қасым хан Қазақ хандығының қоғамдық өміріне лайықсыз ескі заңдарды алып тастап, сол кездегі заманның талабына сай жаңа құқықтық заңдар шығарған. Қасым хан сол бойынша мемлекеттік билік жүйесін орнықтырып, күшті мемлекет құрды. Академик Ә. Х. Марғұланның айтуына қарағанда елдегі саяси жағдайдың шиеленіскен кезінде заң туған. Бұл заңға мына ережелер енген:
Мүлік заңы(жер дауы, мал-мүлік дауы);
Қылмыс заңы(кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық істеу);
Әскери заң (аламан міндеті, қосын жасақтау, қара қазан,ердің құны, тұлпар ат):
Елшілік жоралары(майталман шешендік, халықаралық қатынастағы сыпайылық, ибалылық, әдептілік).
Жұртшылық заң (шүлен тарту, ас, той, мереке, думан үстіндегі ережелер, ат жарыс, бәйге ережелері, жасауыл)