3.Шағатай ұлысына қараған аумақтарды картаға белгілеңіз. Шағатай – Шыңғысханның екінші баласы. Оған Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Қазақстан (Жетісу аймағы) мен Орта Азия жерлері берілген. Ұлыстың орталығы – Алмалық қаласы, Шағатайдың жазғы ордасы Іле өзені бойындағы Құяш деген жерде болған. Ұлысқа Шығыс Түркістанның жерлері де кірген.
5-Билет Мыс-тас ғасырының ерекшелігі.
Әбу Насыр әл-Фарабидің екінші ұстаз аталуының мәнін түсіндіріңіз және атқарған жұмыстарына жан-жақты тоқталыңыз.
1920-1924 жылдары Қазақ АКСР-ң құрамына біріктірілген Қазақ жерлерінің аумақтарын картаға белгілеңіз.
Жауабы: 1.Мыс-тас ғасырының ерекшелігі. Энеолит сөзі - мыс-тас ғасыры дегенді білдіреді. Бірақ металл тасты қолданыстан мүлдем шығарып тастаған жоқ. Тас сол кезде де ең негізгі құрал ретінде пайдаланылды. Мыс-тас ғасыры қоғамында екі ірі өзгеріс орын алды: еңбек бөлінісі пайда болды және аталық ру үстемдігі калыптасты. Ең алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі шаруашылықтың - егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінуі еді. Бірақ, энеолитте бірыңғай егіншілікпен айналысатын тайпалар әлі қалыптаспады. Өйткені теселі егіншілік адамды тамақпен толық камтамасыз ете алмады. Сондықтан бұл тайпалардың мал шаруашылығымен де, аң және балық аулаумен де айналысуына тура келді. Ал мал шаруашылығымен шұғылданғандардың көп бөлігі егіншілікпен мүлдем айналыспады. Мал бағу егіншілікке карағанда өнімді көп беретін. Мыс-тас ғасырының ескерткіштері. Қазақстан аумағында энеолит кезеңінің ерекше ескерткіші - Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағы. Ботай тұрағы б.з.б. 3-2 мыңжылдықтармен мерзімделеді. Бұл тұрақ 15 гектар жерді алып жатыр. Тұрақты қазу барысында 158 тұрғын үй табылды. Үйлердің кабырғалары жануарлар терісімен қапталған, ортасына ошақ орнатылған. Қазба жұмыстары барысында тастан жасалған кұралдар - садактың ұштары, найзалар, пышақтар мен балталар табылды. Сүйектен жасалған ине, біздер және қыштан жасалған бұйымдар да ұшырасты. Жылқы сүйектері өте көп табылды. Ботайлықтар жылқы малын қолға үйреткен. Энеолиттік ескерткіштер Маңғыстау жерінде де табылды. Шебір елді мекені маңынан тас пен қыштан жасалған еңбек құралдары табылған. Шебір тұрағының тұрғындары теңіз моллюскаларының қабықтарын моншақ етіп таққан. Шебірліктер негізінен аң аулаумен айналысқан.