1-билет Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


Қазақ хандығының XVI ғ. басындағы əлеуметтік-экономикалық жəне саяси жағдайы



Pdf көрінісі
бет2/40
Дата18.05.2023
өлшемі0,53 Mb.
#94118
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
31.Қазақ хандығының XVI ғ. басындағы əлеуметтік-экономикалық жəне саяси жағдайы. 
Қазақ хандығының XVI ғ. Басындағы əлеуметтік-экономикалық жəне саяси жағдайы. 
ХVІ-ХVІІ ғасырларда Қазақ Ордасы нығая түсті, оның шекарасы қазақтардың этностық аймағының негізгі бөлігін қамтыды. Күмəн 
келтірмейтін деректерге қарағанда 1695 жылы Қазақ Ордасына 32 қала кірген. XVI ғасырда қазақ хандығы нығайып, территориялық 
жағынан ұлғая түсті. Қасым ханның тұсында қазақ хандығында ішкі қайшылықтар жойылып, саяси жəне экономикалық жағынан күшейіп, 
шекара ұлғая бастады. Алғашқы қазақ заңы – «Қасым ханның қасқа жолы» жасалды. XVI ғасырдың екінші жартысында əлсірей бастаған 
хандықты біріктіруде Ақназар ханның үлесі зор болды. Тəуекел ханның тұсында қазақ хандығы мен Ресей арасында дипломатиялық қарым-
қатынастар нығайып, Орта Азияның сауда орталықтарына шыға бастады. 
61. Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімді басылымдар. 
Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімді басылымдар. 
Бірінші болып 1870-1882 жылдар аралығында Ташкентте басылып тұрған «Түркістан уалаятының газеті» дүниеге келді. Бұл мерзімді 
басылым Түркістан генерал-губернаторының ресми үнқағазы – «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде айына төрт рет қазақ 
жəне өзбек тілдерінде алма-кезек шығып тұрды.Басылым жабылған соң, 1888 жылы Дала генерал-губернаторының Омбыдағы кеңсесі 
жанынан «Дала уалаятының газеті» деген атаумен екінші басылым жарық көре бастады. Жаңа газет 1894 жылға дейін «Особое прибавленіе 
къ «Акмолинскимъ областнымъ ведомостямъ» басылымына, 1900 жылға дейін – «Акмолинскимъ, Семипалатинскимъ и Семиречинскимъ 
областнымъ ведомостямъ» басылымының «Киргизская степная газета» атауымен басылып тұрған үнқағазына, ал біржола жабылған 1902 
жылға дейін «Акмолинскимъ областнымъ ведомостямъ» газетіне қосымша ретінде жарық көріп тұрды. 
Мерзімді қазақ баспасөзінің ресми тарихнамасы бойынша, аталған екі басылым мерзімді қазақ баспасөзінің басы деп саналады.Көп 
ұзамай өзге басылымдар шыға бастады. 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс төңкерісі тұсында шығып, қазақтың қоғамдық-саяси өміріне 
онша ықпал ете алмай ғайып болған «Серке» жəне «Қазақ газеті» солардың қатарында. 
1911 жылы шыға бастаған өзге екі басылым – «Қазақстан» газеті мен «Айқап» журналы əлдеқайда салмақты көрінді жəне дəуірі ұзағырақ 
болды. Газетті кадет корпусының түлегі, белгілі ақын əрі ағартушы Шəңгерей Бөкейұлы ашты, ал журналды шығаруға белгілі қоғам 
қайраткері, публицист əрі педагог Мұхаметжан Сералин мұрындық болды əрі өзі редаторлық етті. 
15 нөмірі жарық көрісімен отаршыл биліктің күштеуімен жабылған «Қазақ» газетіне қарағанда, түрлі дерек бойынша таралымы 500-ден 1 
мыңға дейін жеткен «Айқап» журналының тұрақты оқырмандары болды. 
Тарихи деректерге қарағанда, «Қазақ» деген атаумен қазақ газетін Орынборда басып шығаруға ресми рұқсат басылымның меншікті иесі 
ретінде Мұстафа Оразайұлына жəне бас редакторы есебінде Ахмет Байтұрсынұлына 1905 жылғы желтоқсанның 9-ы күні берілген. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет