1-билет Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


 Тəуелсіз Қазақстанның конфессионалдық саясаты



Pdf көрінісі
бет39/40
Дата18.05.2023
өлшемі0,53 Mb.
#94118
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
сессия тарих билет

88. Тəуелсіз Қазақстанның конфессионалдық саясаты. 
29-билет 
29. Қазақ жүздерінің қалыптасуының этносаяси жəне шаруашылық факторлары. 
Жүз — орда, қазақ халқының үш рулық-тайпалық бірлестіктерінің ортақ атауы. Дəстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта 
жүз, Кіші жүз. Дəстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз жəне Кіші жүз. Жүздердің шыққан уакыты, шығу себептері, 
ішкі мазмұны жөнінде ғалымдардың арасында əлі ортақ пікір жоқ. Ш. Уəлихановтың пікірі бойынша, “Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы 
кезінде қазақтар өздері көшіп жүретін жерлердегі өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін осындай үлкен одақтар құрған”. Н.А.Аристовтың 
ойынша, “жүздерге бірігу жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан”. Василий Владимирович Бартольд: “Қазақ жүздерінің пайда болуына 
географиялық фактор əсер етті, табиғи-географиялық жағдайға икемделу жəне аумақтық оқшаулану жүздердің мəдени-шаруашылық 
ерекшеліктерін қалыптастырды”, — деп есептейді.Михаил Порфирьевич Вяткин В.В.Бартольдпен келісе отырып: “Жүздердің құрылуына 
табиғи-географиялық себептермен қатар саяси оқиғалар əсер етті, жекелеген ордалар ерекше саяси одақтар ретінде XVI ғасырдың аяғында 
қалыптасты”, — дейді. 
59. Жəдидшілдік ағартушылық идеяларының ықпалы. 
Жəдидшілдік (араб.: ةﺪــﯾﺪــﺟ ﺔﻘــﯾﺮــط— жаңа əдіс) — 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Ресей империясындағы түркі тілдес мұсылман 
халықтары арасында өріс алған қоғамдық-саяси жəне мəдени-ағартушылық қозғалыс.[1] Алғаш 19 ғасырдың 80-жылдарында Қырым, Еділ 
бойы татарларының арасында қалыптасты. Кейіннен Жəдидшілдік Орталық Азиядағы барлық дерлік түркі халықтары (қазақ, қырғыз, өзбек, 
т.б.) арасында жалғасын тауып, өрістей түсті. Жəдидшілдіктің ірі өкілдері қатарында И.Гаспралы, Ш.Маржани, А.Ибрагимов, 
М.Абдурашидханов, М.Бехбуди, А.Фитрат, Ф.Ходжаев, т.б. болды. Ағартушылық сипатта жүрген.Жəдидшілдік қозғалыс қоғамдық өмірдегі 
рухани тоқыраушылықты сынға алып, оны жаңғыртуды көздеді. Жəдидшілдік патша өкіметінің отарлық саясатына қарсы бағытталды. Түркі 
халықтарының ерікті əрі өркениетті болуын қалады. Мұсылмандық хадими (ескіше) мектептердегі ғасырлар бойы өзгеріссіз сақталып 
келген оқу-тəрбие жұмыстарының жүйесін жаңа заман талабына сəйкестендіріп, қайта құруды ұсынған ілгерішіл бағыт ұстанды. Мектеп-
медреселердегі өз беделдерінен айырылып қалғысы келмеген кейбір дін иелері Жəдидшілдікті шариғатқа қарсы əрекет ретінде бағалады. 
Жəдидшілдікке патша өкіметі тарапынан да қысым көрсетілді. Жəдид мектептері оқушыларының басым көпшілігі Қазан, Орынбор, Уфа 
қалаларында білім-тəрбие алған татар, башқұрт жəне қазақ жастары болды. Олардың арасында Стамбұл, Мысыр, Бағдат оқу орындарының 
түлектері де кездесетін. Патша өкіметі оларға өзінің Орталық Азия мен Қазақстандағы отаршылдық саясатына зиянын тигізетін саяси 


сенімсіз адамдар ретінде қарады. 19 ғасырдың соңында Ресей мұсылмандары хадимшілдер жəне жəдидшілдер болып, іс жүзінде бір-біріне 
қарсы екі топқа бөлінді. Хадими бағытты қолдаушылар “Сират əл-мустақим” (“Тура жол”) атты партия құрып, 1907 жылы Орынбор 
қаласындағы баспахана иесі, бай Ұ.Хұсайыновтың қаржысына “Дін уа мағишат” (Дін жəне өмір”) деген журнал шығарды. Бұл журнал 
Гаспралы басшылық еткен, Бақшасарайда (Қырым) 1883 жылдан бастап шығып отырған “Тəржіман” газетінің Жəдидшілдік көзқарасына 
қарсы күрес жүргізді. Жəдидшілдік бағыт пен хадимшілдер арасындағы тартысты патша өкіметі əдейі қоздырып, біріне-бірін өшіктіріп, 
айдап салып отырды. Мұндай кедергілерге қарамастан, Жəдидшілдік қозғалысы екпін алып, жер-жерлерде аталмыш бағыттағы мектеп-
медреселер ашыла бастады. Мұндай оқу орындарында жаратылыстану пəндеріне, түркі халықтарының төл тарихы мен əдебиетіне ерекше 
көңіл бөлінді. Уфадағы “ұалия”, Орынбордағы “Хусеиния”, Қазандағы “Мұхаммедия”, Қырғызстандағы “Шабдания” секілді мектеп-
медреселер Жəдидшілдіктің ірі ошақтарына айналды. 1913 жылы бүкіл Түркістан өлкесінде Жəдидшілдік бағыттағы 92 мектеп-медреселер 
қызмет етті. Қазақстандағы Жəдидшілдік бағыттағы мектептердің ең ірілерінің бірі — “Мамания” мектебі болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет