сенімсіз адамдар ретінде қарады. 19 ғасырдың соңында Ресей мұсылмандары хадимшілдер жəне жəдидшілдер болып, іс жүзінде бір-біріне
қарсы екі топқа бөлінді. Хадими бағытты қолдаушылар “Сират əл-мустақим” (“Тура жол”)
атты партия құрып, 1907 жылы Орынбор
қаласындағы
баспахана иесі, бай Ұ.Хұсайыновтың қаржысына “Дін уа мағишат” (Дін жəне өмір”) деген журнал шығарды. Бұл журнал
Гаспралы басшылық еткен, Бақшасарайда (Қырым) 1883 жылдан бастап шығып отырған “Тəржіман” газетінің Жəдидшілдік көзқарасына
қарсы күрес жүргізді. Жəдидшілдік бағыт пен хадимшілдер арасындағы тартысты патша өкіметі əдейі
қоздырып, біріне-бірін өшіктіріп,
айдап салып отырды.
Мұндай кедергілерге қарамастан, Жəдидшілдік қозғалысы екпін алып, жер-жерлерде
аталмыш бағыттағы мектеп-
медреселер ашыла бастады. Мұндай оқу орындарында жаратылыстану пəндеріне, түркі халықтарының төл тарихы мен əдебиетіне ерекше
көңіл бөлінді. Уфадағы “ұалия”, Орынбордағы “Хусеиния”, Қазандағы “Мұхаммедия”, Қырғызстандағы “Шабдания” секілді мектеп-
медреселер Жəдидшілдіктің ірі ошақтарына айналды. 1913 жылы бүкіл Түркістан өлкесінде Жəдидшілдік бағыттағы 92 мектеп-медреселер
қызмет етті. Қазақстандағы Жəдидшілдік бағыттағы мектептердің ең ірілерінің бірі — “Мамания” мектебі болды.
Достарыңызбен бөлісу: