3.Алаш» қозғалысы және ұлттық мемлекет идеясы. Алаш қозғалысы — ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласында Ресейлік басқару жүйесінің күшейе түсуі, Ресейден көшіп келушілердің күрт артуы, қазақтардың құнарлы жерлерден ығыстырылуы бел ала бастады. Ендігі жерде қазақ халқының өзін-өзі сақтап қалуы үшін күресті күшейту мәселесі туындады. Бірақ енді зардабы көп қарулы көтеріліс жолымен емес, ұтымды саяси жолмен күрес жүргізу қажет еді. Осылайша Бірінші орыс төңкерісі жолдарында қазақ халқының мүддесі үшін күресті бастаған қазақ зиялыларның әрекеттері кейініректегі Алаш қозғалысының бастамасы болды.
Бұл құрылым 1917 жылдың 21-26 шілдесінде Орынбор қаласында өткен бірінші Бүкілқазақтық съездің шешімімен дүниеге келген тұңғыш ұлттық-демократиялық «Алаш» саяси партиясы болған еді. Қазақ қоғамының сол кездегі саяси ойының бірден-бір жарқын көрінісіндей, халқымыздың төл тарихында терең із қалдырған «Алаш» сияқты партияның сая-си сахнаға шығуы патшалық Ресейдің Қазақстанды отарлау саясатының терең дағдарысын көрсететін, сондай-ақ, қазақ қоғамын жаңа саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және рухани негізде қайта құрудың қажеттігін танытатын факторлар болатын. Оның бағдарламасының жобасы 1917 жылдың қараша айының 21-де «Қазақ» газетінде жарияланды.Алаш идеясының негізгі өзегі болып табылатын мемлекеттілік дәстүрін жаңғырту, ұлт тарихын, тілін, мәдениетін сақтау мәселелері қазақ зиялыларының ұранына айналды. Сондай-ақ батыс мәдениетіне назар аудара отырып, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің тәжірибесіндегі ең үздік әлеуметтік-экономикалық және саяси жетістіктерін қабылдауды жақтады. Алаш зиялылары қазақ елін Батыс Еуропа өркениеті деңгейіне жеткізуді мақсат етті.
Алаш идеясының негізгі ұстанымдары: біріншіден, Алаш зиялылары «жер жекеменшікке де, қоныстанушыларға да берілмесін. «Жерсіз Отан жоқ» деді. Екіншіден, елдегі барлық игілік халыққа қызмет етуі керек. Үшіншіден, Қазақстан Ресей империясының құрамына енуінен бастап қалыптасқан экономиканың шикізаттық сипатынан бас тартып, «қазақ елі толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге ұмтылуы тиістігі» айтылды. Төртіншіден, қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, діл, дін үстемдігі болуы керек. Бесіншіден, ғылымға, ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, ұлттық демократиялық мемлекет құру еді. Алтыншыдан, қазақ жеріне түрлі жағдайларда келген барлық ұлт өкілдері үшін ортақ Отаны Қазақстанда тұруға барлық кепілдіктер мен құқықтары сақталынады. Мемлекет ғылымға негізделіп дамыған елдердің жетістіктерін үлгі тұтуы қажет. Дін істері мемлекеттен бөлінген, зайырлы біртұтас демократиялық мемлекет құру қажеттігі айтылды.