1-Билет Қазақстандағы тас ғасырына тән арх ескерткіштер


-Билет 1.Ертетемір тайпаларының этносаяси және әлеуметтік тарихы (сақ, сармат, үйсін шаруашылығы)



бет12/32
Дата29.09.2023
өлшемі100,95 Kb.
#111481
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32
Байланысты:
тарих ответ

6-Билет
1.Ертетемір тайпаларының этносаяси және әлеуметтік тарихы (сақ, сармат, үйсін шаруашылығы)
2.Құтлымбет Қоштаев мен Сейітқұл Қойдағұлов басқарған хан Әбілқайыр елшілігі
Тевкелев елшілігі – Ресейдің 1731 жылы Кіші жүзге жіберген елшілігі. Бұл елшілік 1730 жылы Әбілқайыр ханның атынан Санкт-Петербургке барған Құтлымбет Қоштаев бастаған елшілікке жауап ретінде жіберілді. Күзетпен қамтамасыз етілген елшілікті А.И. Тевкелев басқарды, оның құрамында қазақ жерін картаға түсіру жүктелген геодезиттер А.Писарев пен М.Зиновьев болды. Тевкелев елшілігіне патша өкіметі 12 тармақтан тұратын “Нұсқау” тапсырды. Онда Кіші жүздің билеуші тобынан Ресейдің қол астына өту жөнінде ант қабылдау, бодандықты мойындағандарға Анна Иоановнаның атынан сыйлық тарату (қылышқанжарбұлғын тонбөрік, т.б.), қазақтар туралы мәлімет жинау, Кіші жүзге көршілес жерлердің Ресей бодандығын қабылдауына негіз қалау, т.б. мәселелер қамтылды. Тевкелев елшілігі 1731 жылы 5 қазанда Ырғыз өзені жағасындағы Майтөбе сайында орналасқан Әбілқайыр хан ордасына келді. Тевкелев елшілігінің Ресей бодандығын қабылдату жөніндегі миссиясы Кіші жүздегі көрнекті ақсақалдардың, сұлтандардың үлкен тобының ашық қарсылығына ұшырады. Олар Тевкелев елшілігін мұндай пиғылы үшін жазалауға талпынды. Қалыптасқан осындай ахуал жағдайында Әбілқайыр Тевкелев елшілігін алып жүруді және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді өзінің баласы Нұралыға тапсырды. 1731 жылы қазанда Тевкелев елшілігіне Ресей бодандығын мойындайтыны жөнінде бірінші болып Әбілқайыр хан ант берді, оған БөкенбайЕсет батырлар мен Құдайназар Қарпықұлы мырза қосылды. Сол арада бодандыққа 27 ақсақал ант берді. Бұдан соң Тевкелев елшілігі “Нұсқауға” сәйкес көршілес елдердің бодандыққа ант беруіне негіз қалауға кірісті. 19 желтоқсанда Тевкелев елшілігі Әбілқайырды Нұралы сұлтанды Хиуаға жіберуге көндіріп, ол елдің бодандыққа деген көзқарасын білуге тырысты. 1732 жылы 2 наурызда Хиуадан оралған Нұралы сұлтан Тевкелев елшілігіне Хиуаның бодандық мәселесіне наразылығы мен ашу-ызасын білдірді. Тевкелев елшілігі 1733 жылы қаңтарда Санкт-Петербургке қайтты. Тевкелев елшілігімен бірге Әбілқайыр Санкт-Петербургке Ералы Сұлтан бастаған жауап елшілігін аттандырды. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың 1730 ж. Ресей императоры Анна Иоановнаға Құлымбет Көштайұлы бимен бірге жіберген елшілік басшысының бірі.1730 ж. қыркүйекте Уфа арқылы Санкт-Петербургке келген қазақ елшілері Анна Иоановнаға Кіші жүз ұлыстарын қорғауға алып, Ресей бодандығына қабылдауын сұраған Әбілқайыр ханның өтінішін жеткізген. Бұл хатта Әбілқайыр: «Аса құрметті падиша, Мен, Кіші жүз қазақтарылың ханы Әбілқайыр, өзімнің қол астымдағы бүкіл жұртыммен Сіздің императорлық ұлы мәртебеңіздің қол астында болғым келеді. Ресей мемлекетіне әрдайым адал боламыз...»—деп жазған.Қойдағұлов бастаған елшілік Кіші жүздің Ресейге өз еркімен қосылу процесі барысында, сонымен қатар қазақ-орыс қарым-қатынастарының нығаюында айтарлықтап


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет