1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


жылы аталған әдістемені 2, 5, 7 сыныптарға да енгізу жоспарлануда. Тиісінше, ағылшын тілі мұғалімдері біліктілік арттыру курстарынан өтеді



бет56/81
Дата29.05.2022
өлшемі343,45 Kb.
#35857
түріСабақ
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   81
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары (1)

2017 жылы аталған әдістемені 2, 5, 7 сыныптарға да енгізу жоспарлануда. Тиісінше, ағылшын тілі мұғалімдері біліктілік арттыру курстарынан өтеді.
Орыс тілінде оқытатын мектептерде 2017 жылға қарай «Қазақ тілі» пәні бойынша деңгейлік оқулықтар пайдаланылатын болады. Тұжырымдамалық негіз ретінде Еуропа елдерінде қолданылатын деңгейлік тіл үйрену жүйесі алынды. Бұл жүйе пәнді тиімді меңгертуге және оқушылардың мемлекеттік тілді білуін дәл анықтауға мүмкіндік береді.
Үштілді оқытуды енгізудегі ең басты мақсат – жаңа деңгейлік оқулықтарды енгізу, жаңа әдістемелерді пайдалану, «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті» пәндерін қазақ тілінде оқыту арқылы мемлекеттік тілді дамыту болып табылады.
Білім беру мазмұнын жаңарту – ата-аналар мен педагогикалық қауымдастықтан жоғары деңгейдегі ұйымдастыруды, жауапкершілікті, ұтқырлықты, тұтастықты, өзара қолдау мен түсіністікті талап ететін зор міндет және ауыр сынақ. Осы және өзге де мәселелер 26 тамызда Қарағанды облысы әкімінің төрағалық етуімен өтетін дәстүрлі алаң – педагогикалық тамыз кеңесінде қарастырылатын болады. Аталған конференцияда Мемлекет басшысының тапсырмасы – «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары мен «5 институционалдық реформа» және «Мәңгілік Ел» идеясы тапсырмаларын орындау туралы міндеттемелер қойылады.
74. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» (31.01.2017 ж.). Жолдауының тарихи маңызын сипаттаңыз.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталғандығы барлығымызға аян. Елбасымыздың үшінші жаңғыруымен кеңірек таныспастан бұрын, бірінші және екінші жаңғыруларына кішігірім тоқталып, еске түсіре кеткеніміз жөн.
Қазақстанның Бірінші жаңғыруы - 25 жыл бұрын КСРО-ның қирандысынан шығып, өз жолымызды қалай бастағандығымызбен тығыз байланысты. Сол кезде біздің аға буын өкілдеріміз еліміздің іргетасынан бастап қолға алып, әлем картасында болмаған жаңа мемлекет құрды. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу жүзеге асырылды.
Ал, Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда - Астананың салынумен басталды. Оның нәтижелі болғаны күмәнсіз. Еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет