11-билет.Қазақ мемлекеттілігін жаңғырту идеясы (Түркістан және Алашорда автономиялары) мәні мен мазмұны. XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі Алаш партиясының құрылуы оның тарихы негіздері саяси-әлеуметтік сипаты және қазақ тарихында алатын орны. Түркістан Автономиясы немесе Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. Түркістан автономиясының төеғасы болып М.Шоқай тағайындалды.Қоқаннан М.Шоқай келіп ол Қазақ автономииясының жеке құрылуына арсы болып Түркістанмен бірігуге үгіттеді және Түркістан үкіметінің құрамына өзі және М.Тынышбаев кіргенін айтты.Сол себепті осы облыстағы қазақтардың қазақ автономиясына қосылу жөніндегі пікірлерін білу үшін Сырдария облыстық сьезін шақыру туралы қаулы қабылданған болатын. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш автономиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды. Осы кезеңде кез-келген уақыттаМ.Шоқайдыда тұтқындайтынын біліп М.Шоқай қашып құтылады.
Алаш автономиясы (1917—1920) — 20 ғ. басында қазіргі Қазақстан Республикасы жерін мекендеген қазақ-қырғыз республикалық мемлекеті. Алаш автономиясының үкіметі — Алашорданың төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. Сайлау жасырын түрде болды сайлауға Ә.Бөкейханов, Б.Құлманов, А.Тұрлыбаев қатысты. Ә.Бөкейханов 40 дауыс, А.Тұрлыбаев 20 дауыс, Құлманов 19 дауыс алды. Алаш автономиясы 25 адамнан тұруы тиіс болды. Сьезде үкіметтің 15 мүшесі ал басқа ұлт өкілдерінен 10 адам сайлану керек болды. 1917 жылда Алаш партиясының қазақ зиялыларымен құрылып, 1920 жылда Кеңес үкіметі басқарып отырған партияның жұмысына тыйым салғанда таратылған. Автономияның мақсаты - Ресейден тәуелсіздік алып, ұлтшылды-демократиялық мемлекетті құру. Ел солтүстігінен және батысынан Ресей аумақтарымен, оңтүстігінен Түркістан Автономиясымен, ал шығыстан Қытаймен шектеседі.