2.Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңделуі және басты мәселелерінің өзектілігін айқындаңыз.
Бірінші кезең 1914-1945 жылдар:
1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс болды. Көтерілістің шығу себебі отарлық езгі, 19-43 жас аралығындағы ер азаматтарды соғысқа шақыру.
1917 жылы 25 қазанда Петроградта болған ірі әлеуметтік саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды.
Азамат соғысы 1918 жылы ақтар большевиктерге қарсы бастады. Ақ гвардиялық "Сібір үкіметін" ресми түрде тағынан Алашорда үкіметі атаман Дутовпен бірігіп, Кеңес өкіметіне қарсы шықты.
Жаңа экономикалық саясат құрылды 1921 ж наурыз айында . Нәтижесінде мал саны 40,5 миллионға жетті. Голощекин "ауылды кеңестендіру" ұранымен "жаңа революция" жүргізді.
1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы болды. Бұл соғысқа Қазақстан үлкен үлес қосты.
Екінші кезең 1945 жылдан бүгінгі күнге дейін:
Ауыл шаруашылығы дамыды.
1954 жылы көктемде тың жерлерді игеру туралы шешім қабылданды. 1954-55 жылдары тың жерлерді игеру есебінен егістік аумағын 13 млн га-ға арттыру, 1100-1200 млн пұт астық, соның ішінде 800-900 млн пұт тауарлы астық алу көзделді.
1960 жылдардың соңында ауыл шаруашылығын интенсивтендіру шаралары жүргізілді. 50 ден астам кәсіпорын ауыл шаруашылығы техникасы мен қосалқы бөлшектер шығарды. Қуатты тракторлар мен өздігінен жүретін комбайндар алынды. Ауыл шаруашылығының энергетика қуатымен жабдықталуы төмен болатын. Ірі жылу орталықтары мен СЭС салудың нәтижесінде ауыл шаруашылығын электрлендіру ісі жақсы жүрді.
1988 жылдан бастап, Балтық бойындағы ұлттық демократиялық қозғалыстар тарапынан жаңа одақтық шарт жасау туралы мәселе қойылды.
1989 жылғы маусымда КСРО халық депутаттарының бірінші съезінде Кеңес қоғамының дағдарысқа ұшырау себептерін талқылады.
1990 жылдың күзінде КСРО құрамындағы республикалар өз егемендіктерін жариялай бастады.
1991 жылдың жазына қарай егеменді республикалар Одақтық шарт қабылдау мәселесіне келіп тірелді. 1991 жылы 20 шілдеде Қазақстан Компартиясы ОК кеңейтілген IV пленумы болып, жаңа одақтық шарттың жасалуын жақтаған баламасыз шешім қабылдады. Республикалар өкілдерінің шартқа қол қоюға жиналуына үш күн қалғанда мемлекеттік төңкеріс әрекеті жасалды. Тарихта “тамыз бүлігі” деп аталған бұл акцияны ұйымдастырушылар өздерін “Кеңес басшылығы” деп атап, КСРО-ны қайта қалпына келтіруді мақсат етіп қойғандарын мәлімдеді.
1990 жылжың басында сайланған Жоғары Кеңестің ХII шақырылымының құрамы заң шығарумен тұрақты айналыса бастады. 1992 жылдың шілдесінде “Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы” және “Қазақстан Республикасының ішкі істері әскерлері туралы”, желтоқсанда “Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы” заңдар қабылданды.
1992 жылы 2 шілдеде “Қазақстан Республикасының Конституциялық сотын сайлау туралы” ҚР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы шықты. Сонымен Қазақстанда үш тармақты билік пен басқару жүйесінің негізі қаланды.
1992 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы қабылданды. Желтоқсан айында Әнұран бекітілді.
1992 жылдың тамызында “Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы” заң шықты. Өзі өмір сүрген 4 жылға жуық уақыт ішінде Жоғарғы Кеңес 250-ден астам заңдар мен құжаттар шығарды.
1993 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды.
Қазақ мемлекеті өзінің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының заңдылықтарын қалыптастырып үлгерді. Біздің бүгінгі бастағалы отырған кезеңіміз Қазақстанның қазіргі заман тарихы, яғни жаңа дәуір.
Қазақстанның қазіргі заман тарихының басты мәселелері:
1.Қазақ зиялыларының ұлттық мемлекет құру идеялары:
2.1986 жылдың желтоқсан оқиғасы ‒ тәуелсіздік жаршысы;
3.Мемлекеттік рәміздердің қабылдануы;
4.Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу кезіндегі қиыншылықтар;
5.Азаматтық қоғам қалыптастыруға талпыныстар. Рухани жаңғыру
1. Қазақстан тарихының басты мәселелерінің өзектілігі мынада деп білеміз. XX ғасырдың басында ұлт зиялыларының ұлттық мемлекет құруға ұмтылулары заңды үрдіс еді. Сол кездегі Ресейдегі қалыптасқан тарихи жағдай ‒ төңкеріс алдындағы психологиялық ахуал ұлт зиялыларына үміт отын жаққандай еді.
2. XX ғасыр басындағы ұлт зиялылары қол жеткізе алмаған тәуелсіздік қазақ халқының көкейінен кетпеуі заңды үрдіс еді. Ол XX ғасырдың II жартысында да жалғасын тапты. В.И. Лениннің өзі айтқанындай “Әр ұлтқа өз көсемі басшы болуы керек” деген пікір 1986 жылғы желтоқсан айында да күн тәртібінен түскен жоқ.
3. Мемлекеттік Рәміздерді қабылдауға да қазақстандықтар үлкен энтузиазммен атсалысты. Оның жүзеге асырылуы ғасырлар бойы мақсат еткен асқақ армандардың орындалуының айғағы еді. Ол Махамбеттің жырында , Исатайдың күйінде, Сырым батырдың әні мен хан Кенесары және өте сансыз көп батырлардың жүзеге асырылмай қалған ойларында төгілер еді.
4. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу алдын-ала ойластырылмай , асығыс жүзеге асырылды. Бұл үрдісте де қиыншылықтар кездесті. Бұл шараның әлі зерттеліп, зерделенетін тұстары бар деп ойлаймыз.
5. Бүгінгі күні азаматтық қоғам қалыптастыруға талпыныстар орын алып отыр. Бұл рухани жаңғыруға алып келуі мүмкін. Қазақ халқы рухани жаңғыру үшін алдымен ұзақ уақыт бойы отар ел болғанын мойындап ‒ отарсыздану үрдісін жүзеге асыруы қажет, бұл ф.ғ.к., абайтанушы Омар Жәлелұлы мырзаның пікірі, біз осы пікірді қолдаймыз. Мұндай қомақты шараны жүзеге асыру үшін мемлекет арнайы қаражат бөліп, мақсатты бағытталған бағдарламалар жүзеге асырылуы қажет. Міне осындай шаралар нәтижесінде рухани жаңғырған қоғам қалыптасары анық. Қазақстанның қазіргі заман тарихында мәселелер көп. Біз олардың ішінен бастыларын ғана айқындадық
1995 жылы Президент жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық Кеңестің “Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы” қабылданды. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін мынадай міндеттерді атқару керек:
‒ тарихи ілім-білімнің негізгі-негізгі нысаналарын анықтау;
‒ тарих ғылымының өтпелі кезеңдегі басты мәселелері мен оны шешудің ықтимал бағдарларын айқындап алу;
‒ тарихи білім беру мен ағарту ісін реформалаудың жолдарын белгілеу.
Сондай-ақ, тұжырымдамада тарихтың, әсіресе, қоғам дамуының өтпелі кезеңдерінің ерекше маңызы көрсетілген. Тарихи білімнің негізгі басымдықтары, тарих ғылымының осы уақытқа дейін толық зерттелмеген, тарихшылардың тарапынан толық баға берілмеген оқиғалары, тарихи білім беру мен ағарту ісінің келешегі белгіленді.
Достарыңызбен бөлісу: |