Тақырып: Жер құқығының Қазақстандағы өзге де құқықтармен байланысын талдау



бет1/3
Дата01.05.2023
өлшемі473,9 Kb.
#88633
түріҚұрамы
  1   2   3

Тақырып: Жер құқығының Қазақстандағы өзге де құқықтармен байланысын талдау

Оқытушы: Орынбасар Байтурбай

Студент: Құрамысов Ұлар

  • Жер құқығы түсіінгі:
  • Адам қоғамының барлық өмiрiнде, оның қалыптасуы мен дамуында жер өте маңызды роль атқарған. Жер – табиғаттың берген сыйы ретiнде, адам қоғамының пайда болуына дейiн болған. Бiрақ, жер өзiнiң еңбектiң жалпы заты қызметiн атқаруы үшiн мiндеттi түрде оны бiреу иемденуi қажет және өндiрiстiк процесiн жүзеге асыруы қажет.
  • Мемлекетіміздің басты байлығы – оның экономикалық және әлеуметтік қолайлы негізі болып табылатын жер ресурстары. Қазақстан Республикасындағы саяси және экономикалық құрылысты реформалау процессі жер қатынастарын түбегейлі өзгерту және мемлекеттің тікелей бақылауы мен басқаруы арқылы жер реформасын жүргізу қажеттілігін туындатып отыр. Сонымен қатар, нарықтық экономикаға өту жердің негізгі өндіріс құралы, аумақтық кеңістіктің негізі және маңызды табиғи объект ретінде жердің басты функцияларын сақтай отырып, жерге әртүрлі меншік нысандарын, жер пайдалану құқығының ақылығын енгізу және жерді заңды түрде азаматтық және шаруашылық айналымның объектісі ретінде тану қажеттілігін объективті түрде туындатып отыр.
  • Қазіргі кезде жердің экономикалық маңыздылығы өте жоғары деңгейде. Жер адам қоғамының кез-келген шаруашылық қызметінің және өмірінің негізі. Жердің экономикалық қасиетімен қатар, экологиялық маңыздылығында ескеру қажет. Жер – қоршаған ортаның ажырамас бөлігі, табиғи ресурс.
  • Жер – тұтастай алғандағы адамзат үшін қажетті және басты материалдық ресурс болып табылады. Аталған бұл термин көп қырлы болып табылады және бірнеше мағынада қолданылады:

Жер кең мағынада алғанда Жер шары ретінде түсініледі.

  • Жер кең мағынада алғанда Жер шары ретінде түсініледі.
  • Жер адамның өмір сүретін ортасы және табиғи байлықтардан, жер бедерінен, ландшафттардан құралатын Жер шарының қабаты ретінде.
  • Жер жер құқығының реттеу пәні ретінде. Бұл тұста біз жер деген түсініктің астарынан табиғи ресурстарды, ауыл және орман шаруашылық өндірістерінің басты өндіріс құралы, құрылыстар, құрылымдар және басқа да объектілер салу үшін қажет болып табылатын кеңістіктің базис деген мағыналарды көре аламыз.
  • Заң ғылымында құқық нормаларын жекелеген салаларға өзара ажырату үшін келесідей алғышарттар қолданылады: бұл құқықтық реттеудің ерекше пәні, ерекше реттеу әдісі, құқықтық реттеудің жүйеленген қайнар көздері, өзіндік қағидалары және жеке құқық саласына бөліп шығаруға деген қоғамның мүдделігі. Жер қатынастарының экономикалық, әлеуметтік және экологиялық мәні жер қатынастарының ерекше құқықтық реттеу пәні ретінде тануға негіз болады. Жер қатынастары тек жер құқығының нормаларымен ғана емес, сонымен қатар, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қаржылық құқық және өзге құқық салаларының нормаларымен реттеледі. Сәйкесінше, аталған жер құқық қатынастар тобын реттеу әдісінің ерекшелігі, яғни, жер қатынастарының субъектілеріне әсер етудің ерекше үйлесімдігі бар. Жер құқығының жүйеленген қайнар көзі 20 маусым 2003 жылы қабылданған Жер кодексі және жер заңнамасының жүйесін қалыптастыратын нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы бар. Жер құқық қатынастарын реттеу барысында басшылыққа алынатын құқық қағидалары осы аталған заңнама жүйесінде тікелей көрініс тапқан. Ал енді жер құқығының дербес құқық саласы ретінде қызмет етуі – тұрақты даму жағдайында, жерді азаматтық айналымға енгізу жағдайында тұрған қазіргі уақытта еліміздің жерін ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етудегі қоғамның мүдделілігін айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет