1 билет Қазақстанның өсімдік ресурстарының қазіргі жағдайына сипаттама беріңіз


Қорғалжын мемлекеттiк табиғи қорығына сипаттама беріңіз



бет47/82
Дата25.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#126748
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   82
Байланысты:
1.Қазақстанның өсімдік ресурстарының қазіргі жағдайына сипаттама-emirsaba.org

2.Қорғалжын мемлекеттiк табиғи қорығына сипаттама беріңіз
Ақмола облысы Қорғалжын ауданында 1968 жылы 16 сәуірде құрылған аумағы бойынша Қазақстан Республикасының ең ірі қорықтарының бірі болып табылады. Қорық заңды тұлға мәртебесіне иеленіп табиғи процестердің, үлгілі және бірегей экологиялық жүйелердің, өсімдік және жануарлар дүниесінің биологиялық алуантүрлігі мен генетикалық қорының жаратылыс қалпы мен дамытуда сақтау және зерделеу бойынша қызметтерін жүзеге асыруға бағытталған. Осы үшін Қазақ КСР Министірлер Кеңесінің № 214 Қаулысымен ұйымдастырылған. Қору аумағы 543 171 га, қорғау аумағы 89360 га, жалпы көлемі 632531 га құрайды. Жер аумағы 258,9 мың га (2003). Қорық аумағында 123 үлкенді-кішілі, ашылы-тұшылы көлдер бар. Олардың ішінде әйгілі үлкен, кіші Теңіз көлдері, Керей, Қыпшақ болса, тұсшы Қорғалжын, Есей, Сұлтанкелді, Қоқай, Асаубалық, Жаманкөл, Жабай, Табанқазы, үлкен, кіші Қаракөл, Манат, Суберген, Тоқтамыс, Базар, Сары және Қызыл көлдер болады. Осы көптеген көлдерді атақты Нұра, Құланөтпес, Көн, Жаман Көң, Жақсы Көң өзендері суландырады. Оның ішінде Теңіз көлдерінің гидрологиялық режимін сақтайды. Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесі Орталық Азия-Үнді және Сібір-Шығыс Африка құстардың (ұшып өтетін) көші-қон жолдары айрығында орналасқан.[1]. Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесі Қазақстандағы және барлық Азиядағы ұшып өтетін құстардың ең маңызды сулы-батпақты алқаптары болып табылады. Берілген аумақтың биоалуан түрлілігі бірегей. Оның ішінде Қазақстанның ұсақ таушықтарының флорасының бірден төрт бөлігін құрайтын 60 тұқымдастан тұратын өсімдіктер флорасының 443 түрі және сулы, құрлықты жануарлардың 1400 түрі кездеседі. Қорықта құстың 347 түрі көрсетілген, оның ішінде ұя басатыны 126.Қазақстанның Қызыл кітабына құстардың 41 түрі, ал Халықаралық Қызыл кітапқа 26 түрі енгізілген. Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінде сулы-батпақты кешенді құстардың 112 түрі кездеседі, ол барлық Қазақстанға танымал 130-дан 87% құрайды. Қорықта сүт қоректілердің 42 түрлі, 14 балық түрі тіркелген. Құрт-құмысқалар толығымен зерттелмеген, дегенмен 700 түрі анықталған, бірақ олардың түр тұқым әртүрлігі 5000-ға жетуі мүмкін. Қорық аумағында Халықаралық Табиғат Қорғау Одағының және Қазақстан Республикасының Қызыл кітаптарына енгізілген сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің 60-таң астам түрі белгіленген. Санақ бойынша бұйра бірқазанның дүниежүзілік популяциясының 20% және сирек кездесетін қызыл кітапқа енген қоқиқаздың, ақбас үйректің, дала қыранының, қарабас өгіс шағаланың, жалбағайдың т.б. 10-20% қорық көлдерінде жиналады. Қоқиқаз Қазақстан жерінде тек Теңіз көлінде де ұя салып, жұмыртқа басады. Түсі қызғылт қанатты қоқиқаздар топталып аспанға көтерілген кезде бүкіл көл айдыны қызыл алау өрттей лаулап, ерекше шұғылаға бөленеді. Сондықтан оны кейде “Қызылқанат” деп те атайды. 1960 жылдары қорықта қоқиқаздың саны 45 – 60 мыңдай болса, 2000 жылдары 10 – 15 мыңдай ғана қалды.[2]. Көп жылдан бері “Табиғат шежіресі” күнделігі жазылады. Қазір қорықта экологиялық туризм саласы дамып келеді. Қорық орналасқан аумақта қыста ауаның температурасы –41 – 42ºС суық болса, шілдеде температура 38 – 39ºС-қа жетеді. 125 – -30 күндей аязсыз жайма шуақ болады. Жылына 200 мм шамасында жауын-шашын түседі.
3.Бәсекелестік қағидасына анықтама беріңіз, оның экологиялық мәнін түсіндіріңіз

Биологияда [1] - туыстық жағынан жақын бір немесе әр түрге жататын организмдердің тірі қалу мүмкіндігі үшін бір-бірімен күресуі. Ол үшін өсімдіктерге күн сәулесі түрінде алатын, ал жануарларға әртүрлі қоректік материалдар түрінде алатын энергия қажет. Бұл күресте жеңіп шыққандар ұрпақ қалдыру мүмкіндігіне ие болады, жеңілгендер жойылады. Сөйтіп, түр ішіндегі бәсекелестіктің негізгі нәтижесі таралымдық түрдің қалыптасуымен аяқталады (қ. Дивергенция). Түр ішіндегі бәсекелестік көп жағдайда жекелеген жануарлардың немесе олардың топтарының өз танаптарын қоруынан байқалады. Сондай-ақ, ұя салу және жұптасу, яғни, жұптасатын серігі үшін Б. болады. Ал өсімдіктер арасында бәсекелестік негізінен жарық үшін жүреді. Тым жиі өскен өсімдіктер бірін-бірі көлегейлейді. Бұл құбылыс кейбір ауыл шаруашылық дақылдарынан (сәбіз, қызылша, т.б.) анық байқалады;






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет