1 билет Қазақстанның өсімдік ресурстарының қазіргі жағдайына сипаттама беріңіз



бет80/82
Дата25.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#126748
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Байланысты:
1.Қазақстанның өсімдік ресурстарының қазіргі жағдайына сипаттама-emirsaba.org

Калифорниялық қояны [1]( лат. Sylvilagus bachmani ) - Солтүстік Американың Тынық мұхит жағалауы бойында мекендейтін қоян тұқымдас сүтқоректілер. Латын атауы американдық натуралист Джон Бахманның (1790-1874) құрметіне берілген
Сипаты
Калифорниялық қоянның ұзындығы 50 см дейін және салмағы 4 кг жетеді. Құйрық, құлақ және аяқтары салыстырмалы түрде қысқа.

Таралуы
Түрдің таралу аймағы Колумбиядан оңтүстікке қарай американдық тынық мұхиты жағалауының бойымен Орегон және Калифорния арқылы Калифорния түбегіне дейін созылып жатыр. Ареалдың шығыс шекарасы Сьерра-Невадаға дейін жетеді.[2]

Тамақтану

Калифорния қояндары көбінесе шөп және өсімдіктердің басқа да жасыл бөліктерімен, сондай-ақ жидектермен қоректенеді. Азық-түлік іздеуде олар шағын бұталар мен ағаштарға шығуға қабілетті. [3]


Көбеюі
Көбею кезеңі жыл мезгілінің ерте немесе кеш ауысуына байланысты. Солтүстік Орегонда ол әдетте ақпанда басталады және тамыз айында аяқталады, Калифорнияда ол желтоқсан-мамыр немесе маусым аралығында жалғасады. Жүктілік кезеңі 27-32 күнге созылады.
Кәдімгі түлкі әлде жирен түлкі (лат. Vulpes vulpes) – жыртқыштар отрядының иттер тұқымдасына жататын аң.
Вулпини тайпасы

Түлкі (Vulpes) тұқымдасы


Бенгал түлкі (Vulpes bengalensis)
Ауған түлкі (Vulpes cana)
Оңтүстік Африка түлкі (Vulpes chama)
Қарсақ (Vulpes corsac)
Тибет түлкі (Vulpes ferrilata)
Арктикалық түлкі (Vulpes lagopus)[1]
Американдық түлкі (Vulpes macrotis)
Африка түлкі (Vulpes pallida)
Таралуы
Кәдімгі түлкі Еуропаның барлық территориясында,Солтүстік Африкада,Азияның көптеген аумағында және Солтүстік Америкада кездеседі. Кәдімгі түлкі Аустралияда акклиматизациядан өтіп,содан бастап сол материкте кең таралған.
Сыртқы түрі

Түсі жирен, сұрғылт сары. Құлағының сырты қара не қара қоңыр, құйрығы ұзын (ұзындығы 60 см-дей), қысқа сирақты. Жүні тығыз әрі жұмсақ. Реңі жыл маусымына қарай өзгеріп отырады (түлейді): жоны мен бүйірі көбінесе сарғыш жирен, бауыры мен құйрығының ұшы ақшыл тартады.[1] Тұрқы 70 – 77 см, салмағы 6,5 – 6,8 кг. Селдір орманды ашық жерлерді, өзен-көл жағалауларын, аңыз, тау баурайларын мекендейді. Күндіз інінде жатып, түнге қарай қорегін іздейді. Әдетте ұсақ жәндіктермен, көбінесе тышқандармен қоректенеді, қорегінің құрамында 300-ден астам жәндік пен ондаған өсімдік түрлері болады. Моногамды. Қаңтар – ақпан айларында ұйығып, 49 – 58 күннен кейін 4 – 6 (кейде 15) күшік туады.


Шаруашылық маңызы мен зияны

Терісі бағалы аң, әсіресе, қарабурыл Түлкінің терісі жоғары бағаланады. Кеміргіштерді жеп, ауылы шаруашылығына пайда келтіреді. Құс шаруашылығына зиян келтіреді, құтыру ауруының вирусын таратады.


Мінез-құлықтары

Негізінен, түлкілер – түнгі жануарлар, яғни олар күндізге қарағанда түнде белсендірек болады. Олардың көру, иіс сезу және есту мүшелері өте жақсы дамыған. Түлкілер тамақ талғамайтын жануарларға жатады. Олар қояндар,тышқандар,құстар және жәндіктер секілді ұсақ жануарларды аулайды. Олар аңға жалғыз шығады, өздерінің құрбандарын аса қулықпен және төзіммен байқатпай аңду арқылы алады. Көптеген түлкілердің қорегі олардың өмір сүрген орталарына байланысты әр түрлі болып келеді. Кейбір түлкілер жемістерді, көкөністерді, балықты және жұмыртқаны да жей береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет