1 билет Қазіргі Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық еңбектері



Pdf көрінісі
бет18/43
Дата16.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#34527
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43
Байланысты:
1 билет азіргі аза стан жазушылары мен композиторларыны шы ар

 

2) Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін елде көппартиялық 

жүйе қалыптасты. Қазақстанның социал-демократиялық партиясы (1990 ж. 

26 мамыр), Қазақстанның социалистік партиясы (1991 ж. 7 қыркүйек), 

Қазақстан халық конгресі партиясы (1991 ж. 5 қазан), Қазақстанның 

республикалық («Азат») партиясы (1991 ж. 4 қыркүйек, 1999 ж. 29 мамырда 

«Алаш» ұлттық партиясы болып өзгерді), Қазақстан коммунистік партиясы 

(1991 ж. қазан), Қазақстан халық бірлігі партиясы (1993 ж. 6 ақпан), 

Қазақстан халықтық-кооперативтер партиясы (1994 ж. 15 желтоқсан), 

Қазақстан дәуірлеу партиясы (1995 ж. 27 қаңтар), Қазақстанның 

демократиялық партиясы (1995 ж. 1 шілде), Республикалық еңбек саяси 

партиясы (1995 ж. 18 қыркүйек), т.б. құрылды. 

Көппартиялықты құқықтық жағынан реттеу Қазақстан Республикасы 

Конституциясының 5 бабында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 

«Қоғамдық бірлестіктер туралы» (31.5.1996) және «Саяси партиялар туралы» 

(2.7.1996) Заңдарында қамтамасыз етілді. Қазақстанның көппартиялық жүйе 

дамуының келесі кезеңінде Қазақстанның азаматтық партиясы (1998 ж. 17 

қараша), Қазақстан республикалық халықтық партиясы (1998 ж. 17 

желтоқсан), Қазақстанның аграрлық партиясы (1999 ж. 6 қаңтар), 




Республикалық  «Отан» партиясы (1999 ж. 19 қаңтар), «Азамат» 

демократиялық партиясы (1999 ж. 27 наурыз), Қазақстан әйелдерінің 

демократиялық паартиясы (1999 ж. 21 маусым), Қазақстан патриоттарының 

партиясы (2000 ж. 1 шілде) құрылды. 

Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер әлеуметтік 

әділдік, демократиялық құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам, ұлтаралық 

және азаматтық келісім орнатуға жәрдемдесіп, Қазақстанның тұрақты 

дамуына, өзекті қоғамдық мәселелердің шешілуіне үлесін қосып келеді. 

Саяси партиялардың көпшілігі Республика президентінің алған бағытын, 

оның жүргізіп отырған саясатын жақтайтындар болып саналады. 

Қазақстанның тәуелсіздікке қол жетуімен қазақ халқының рухани өмірінде 

жаңа мәдени процестер кеңінен өріс алды. Халыққа білім беру, ғылым мен 

мәдениет өз дамуының даңғыл жолына шықты. Олар бұрынғы Кеңес Одағы 

кезеңіндегі партиялық идеология мен саяси қағидалардың қыспағынан 

құтылды. 

 

3) Әл-Фараби мұраларын зерттеуге еліміздің атақты ғалымдары Ә.Марғұлан, 

А.Көбесов, Р.Бердібай, А.Қасымжанов, Ә.Дербісәлі, тағы басқаларыда ат 

салысты. 1975 жылы Мәскеу қаласында белгілі шығыстанушы ғалым 

Б.Г.Ғафуров пен А.Х.Қасымжановтың орыс тілінде шыққан «Әл-Фараби 

мәдениет тарихында» атты кітабы араб-мұсылман философиясы мен 

мәдениетін зерделеп, фарабитанумен шұғылданушы ғалымдар арасында 

үлкен серпіліс тудырды. Сондай-ақ белгілі жазушы қоғам қайраткері Әнуар 

Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты романын қазақ оқырмандары үлкен 

ықыласпен қарсы алды. 

Әл-Фараби бабамыздың мұраларын зерттеу, насихаттау, оларды келесі 

ұрпаққа жеткізуде көптеген іс-шаралар атқарылуда. Әл-Фараби сияқты 

ғұлама бабамыздың еңбектерін толық, жан-жақты зерттеп, оны қазақ, орыс, 

ағылшын тілдеріне аудару орайында, әлі де көп тер төгуге тура келеді. 2020 

жылы тойланатын Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық 

мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде, әлемдік мәдениеттің ұлы мерекесі 

дәрежесінде өзінің туған жері Қазақстанда өтуі тиіс. Сонау қиын 

тоталитарлық жүйе кезінің өзінде Әл-Фараби бабамыздың Отырардан 

шыққанын дәлелдеп, өз Отанына қауыштыру, 1100 жылдық мерейтойын 

өткізу аға ұрпақ өкілдерінің теңдесі жоқ ерлігі болды. Енді, еліміз тәуелсіздік 

алып, дамыған мемлекеттер қатарына қосылып жатқан кезде Елбасымыздың 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында тарихымызға терең бойлап, біз 

мақтанатын, дүние жү¬зі өркениетіне өлшеусіз үлес қосқан бабамыздың 1150 

жылдық мерейтойын өткізу бәріміз үшін үлкен сын, ол жан-жақты 

дайындықты керек етеді. Ол үшін 2020 жыл Әбу Насыр әл-Фараби жылы 

болып жарияланып, республика Үкіметі әл-Фараби бабамыздың 1150 

жылдық мерейтойын өткізу туралы іс-шараларды қамтитын арнайы қаулы 

қабылдауы қажет. Ол қаулыда әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған 

халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізу, бабамыздың асыл 

мұраларын дүние жүзі кітапханаларынан жинақтап, қазақ, орыс, ағылшын 




тілдеріне аудару, Астана, Алматы, Шымкент, Түр¬кістан, т.б. қалаларда 

ескерткіштер орнату, көше, мектеп, ауыл, аудан, қала аттарын беру, көп 

сериялы көркем фильм түсіру, әл-Фараби мұраларын зерттейтін арнайы 

ғылыми-зерттеу институтын ашу, т.б. іс-шаралар қамтылуы тиіс. Мерейтойға 

дейін 1,5 жыл ғана уақыт қалды. Осы уақытта қыруар жұмыстар атқарылуы 

керек. 


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет