аспаған, сондықтан “Кіші Қазан” революциясын жасау керек деп байбалам
салды. Голощекин мен оның төңірегіндегілер жергілікті әлеуметтік-
экономикалық дамудың ерекшелігін түсінбегендіктен, қазақтарда әлі де
рулық құрылыс өктемдік етуде, байлар жойылмаған, тіпті капиталистік
қатынастар өмір сүруде деп көрсете отырып, оларды жою қажет деп
жариялады. Голощекин түсінбеген, немесе түсінгісі келмеген мәселесі мынау
еді. Қазақтардың негізгі байлығы мал болып есептелетін. Көшпелі мал
шаруашылығының негізгі талабы жайылымдықтарға ие болу еді. Малы
жоқтарға жайылым да қажет емес, керісінше, малы барларға ғана жайылым
керек болды. Сондықтан да байлар рулық меншік деп есептелетін
жайылымдар мен шабындықтардың иесі болатын. Малдан айырылса оларға
да жер көп қажет болмай қалатын. Мұны түсінуге өресі жетпеген Голощекин
мен оның жандайшаптары қазақ байларына қарсы күресті малды бөліп
беруден емес, жерді қайта бөлуден бастады. Бұл қате науқан 1926 ж. 20
мамырда қабылданған “Жерге орналаспай жер пайдаланатын көшпелі және
жартылай көшпелі аудандардың шабындық және егістік жерлерін уақытша
қайта бөлу туралы” заңы негізінде басталды.
“Кіші Қазан” науқанын дұрыс жүргізе алмаған Голощекин қолындағы билікті
пайдаланып, халықты қырғынға ұшырататын жаңа, тікелей күшпен тәркілеу
бағытын ұстай бастады. Бұл “Кіші Қазаннан” да қатерлі бағыт еді. Қазақ
ауылына алапат аштық апаты жақындап келе жатты.
Отырықшыландыру, тәркілеу: мәні, барысы және салдарлары. 1927 ж.
ақпанда БОАК төралқасы көшпелі, жартылай көшпелі қазақтарды жерге
орналастыру туралы шешім қабылдады. Голощекин Қазақстандағы егістікке
жарамды жерлерге орыс шаруаларын қоныстандыру мақсатын бірінші
кезекке қоюға тырысты.
Достарыңызбен бөлісу: