1 билет Қазіргі Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық еңбектері



Pdf көрінісі
бет25/43
Дата16.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#34527
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43
 

18 билет 

1. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы. М.Шоқайдың 

мемлекеттік қызметі. 

2. 1960-1980 жж. Қазақстандағы экономикалық реформалар: 

қиыншылықтар мен ерекшеліктері. 

3. Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің тарихи 

маңызы. 

 

1) 1)Түркістан Автономиясы немесе Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі 

халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 

қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. 

Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі 

басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің 

құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл 

кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. 

Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар 

"Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-

Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге 

созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп 

жариялады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, 

оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған 

депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұратын 

Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар болатын. 

Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып 

Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер 

Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне 

Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы 

үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының 

құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы 

алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы 

қаңтарда Түркістан қаласында өткен Халық зор үміт артқан Түркістан 

автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, 

оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды. 

2)Мемлекеттік Думада жұмыс істеуі 

Ақпан төңкерісіне дейін Алаш көшбасшысы Ә.Бөкейханмен бірге Ресей 

Мемлекеттік Думасының мұсылман фракциясында хатшы қызметін 




атқарады. 1916 жылғы дүрбелең кезінде Түркістан және жалпы қазақ 

жеріндегі бассыздықтарды әшкерелеп, Мемлекеттік Думаға арнайы құжатты 

мәліметтер ұсынады. Сөйтіп, осыған байланысты комиссия құруға себепші 

болады. 1917 жылы төңкерістер тұсында мықты Түркістан мемлекетін құру 

идеясын ұстанады. Ташкентте «Бірлік туы» газетін ашады. Орынбордағы 

Алаш қайраткерлерімен тығыз байланыс ұстайды. Алаш партиясы 

құрылатын бірінші жалпықазақ сиезінің де, Алаш автономиясы 

жарияланатын екінші жалпықазақ сиезінің де ұйымдастыру және өткізу 

жұмысына белсене қатысады. Алғашқы сиезде «Шора-и-ислам» жұмысына 

қатысатын 8 қазақ өкілінің бірі болып сайланады. Екінші сьезде Алашорда 

үкіметі - Ұлт кеңесіне Сырдария атынан кіреді. 1917 жылы Жаңа Марғұланда 

өткен өлкелік мұсылмандар кеңесінде қайраткер Бүкілтүркістандық 

мұсылмандардың құрылтайын Қоқан қаласына шақыру туралы бастама 

көтереді. Қарашада Қоқанда Түркістан автономиясын жариялау шарасына 

бастан-аяқ қатысады. 

Мұсылмандарының IV төтенше құрылтайына қатысуы 

Түркістан аймағы үшін осы ерекше жиын - 1917 жылы 26 қараша күні 

Қоқанға шақырылған өлке мұсылмандарының IV төтенше құрылтайы еді. 

Оған 36 түркістандық және 18 өзге ұлт өкілдері енді. Халық кеңесінің 

төрағалығына - Серәлі Лапин, кеңес басшылығы құрамына - Мұстафа Шоқай, 

Убайдулла Хожаев, Махмұтқожа Бехбуди сайланады. 

Түркістан автономиясының үкімет басшысына сайлануы 

1918 жылы қаңтарда Түркістан автономиясының алғашқы үкімет басшысы 

М.Тынышбаев өз еркімен жұмыстан босағанда, М.Шоқай осы қызметке 

сайланады. 1919 жылы ақпанда Түркістан мемлекеті бағдарын одан әрі 

қозғау үшін Бұхар әмірлігі мен Закаспийдегі ағылшын корпусы 

басшылығымен келіссөзге Ашхабатқа келеді. Сол жылы Баку мен Тифлисте 

сәл аялдап, (гүржі жерінде «Яни дүния», «Шафак» атты газеттер шығарысып, 

«Вольный горец» басылымына атсалысады) Ыстамбұлга аттанады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет