1 билет Қазіргі Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық еңбектері



Pdf көрінісі
бет27/43
Дата16.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#34527
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43
Байланысты:
1 билет азіргі аза стан жазушылары мен композиторларыны шы ар

 

3) 2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының 

(ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске Қазақстан 

Республикасының ресми өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің 

республикамыз Астанада ЕХРО-2017  көрмесін өткізу жөніндегі сайлау 

науқанына ресми тұрғыда кірісті. 

2012 жылғы 14 наурызда Мемлекет басшысы Қазақстанның елордасында 

ХКБ-нің сарапшылар комиссиясымен кездесу өткізіп, оның аясында ЕХРО-

2017  көрмесін өткізу біздің еліміз үшін ұлттық жоба болып табылатынын 

ерекше атап өтті. 



2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас 

ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы 

болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы 

бейнеүндеуі жолданды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Астана жеңіп 

шыққан жағдайда, жобаның табысты жүзеге асырылуы үшін барынша күш-

жігерін жұмсайтынына жеке кепілдік берді. Астана ұсынған көрменің 

тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия 

көздеріне және «жасыл» технологияға арналған.   

2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс 

беру барысында Астана EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған 

көрмесі өтетін орын болып таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. 

ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ. 

Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған 

әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 5 

миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр. 

ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік 

энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су 

тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер 

мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең 

үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналуы 

мүмкін. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын 

технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін 

қуатты серпін береді. 

Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу шағын және орта бизнестің дамуына 

елеулі серпін береді. Көрме елорданың көрмелер объектілері құрылысы мен 

инфрақұрылымына едәуір жеке меншік инвестицияны тартуға мүмкіндік 

туғызады. 

ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір-

түкпірінен келген түрлі мәдениеттер үніне толады. Көрменің аумағында күн 

сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары 

өтетін болады. 

Қазақстан 1997 жылдан бастап Халықаралық көрмелер бюросына мүше ел 

болып табылады және ЕХРО көрмелеріне 2005 жылдан бастап қатысып 

келді. Испанияның Сарагоса ЕХРО-2008 көрмесінің қорытындысы бойынша  

«C» категориялы 104 қатысушы ел ішінде, біздің еліміздің павильоны 

сыртқы және ішкі рәсімдеу өлшемдері бойынша қола медальмен 

марапатталды. 

2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралық 

мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі 

мемлекеттік комиссия құру туралы» №436 Жарлыққа қол қойды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет