1 билет Қазіргі Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық еңбектері



Pdf көрінісі
бет4/43
Дата16.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#34527
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
1 билет азіргі аза стан жазушылары мен композиторларыны шы ар

 

 

3 билет 

1. Қазақстанға депортацияланған халықтар: экономикалық, 

демократиялық салдарлары. 

2. «Қазақстан республикасының рәміздері туралы» 04 маусым 1992 

жылғы Конституциялық Заңы. 

3. «Мәңгілік Ел» патриоттық Актісінің тарихи маңызы. 

 

1) Социалистік заманда Кеңес Одағын мекендеген халықтардың қай-қайсысы 

болсын сталиндік зорлық-зомбылықтан, геноцид пен этноцидтен, саяси 

қуғын-сүргіннен аман қалған жоқ. 

Кеңес үкіметі жылдарында жекелеген партия, кеңес, комсомол қызметкерлері 

ғана емес, тұтас бір халықтар — сенімсіз де сатқын ұлттар қатарына 

жатқызылып, тарихи атамекенінен күштеп жер аударылды. 

Депортация латынша deportatio — «қуғындау», «көшіру» деген мағынаны 

білдіреді. Халықтар депортациясын белгілі бір ұлт өкілдерінің белгілі бір іс-




әрекеттеріне байланысты елден қуылуы деп түсіну қажет. Ал шетел тіліне 

енген сөздер сөздігінде «депортация» — қылмыстық және әкімшілік жаза 

ретінде мемлекеттен қуылу, көшіру, жер аудару деп көрсетілген. 

1920—1950 жылдары тұрғындарды күштеп көшіру — сталиндік қуғын-

сүргіннің негізгі құрамдас бір бөлігіне айналды. Жалпы КСРО- да 

депортацияға ұшырағандардың саны 1920 жылдан 1949 жылға дейін 3,2 млн 

адамға жетті. КСРО-да ең көп орын алған жаппай қуғын-сүргіндік көші-

қондардың төмендегідей түрлері қолданылды: 

Этностың белгілері бойынша депортация «жазаланган халықтар», 

«шекараларды тазалау»,«сенімсіз халықтар». 

Саяси мүдде негізіндегі 1934—1944 жылдары көшірілгендерді «еңбек 

қоныстарындағылар» деп атады. 1944 жылдан бастап «арнайы қоныс 

аударылғандар» деген атау қолданылды. 

Жоғарыда аталған күштеп жүргізілген депортациялардың ішінде мерзімі 

жағынан большевиктік әлеуметтік-таптық геноцид бірінші болып жүзеге 

асырылды. Кубань казактары, зиялылар, діни адамдар алғашқы большевиктік 

тәжірибенің құрбанына айналды. Одан кейін кулақтар мен байларды тап 

ретінде жою басталды. Оларды үш санатқа бөлді. Солардың ішінен екінші 

санатқа жататындарды КСРО- ның алыс аудандарына жер аудару көзделді. 

Жоспарлы түрде әкімшілік күшпен алып келіп қоныстандырудың мұндай 

ауқымы этностардың гендік қорына нұқсан келтірді, миллиондаған шаруалар 

ұжымдастыру жылдарында аштан қырылды. Жаппай ату жазаларына 

ұшырады және лагерь капастарына қамалды. 

Қазақстандағы байларды тәркілеу барысында шамамен 5500 отбасы сыртқа 

көшірілсе, Қазақстанға Орта және Төменгі Еділ бойы, Орталық 

қаратопырақты және Мәскеу облыстары, Солтүстік Кавказ өңірінен 1932—

1933 жылдары мыңдаған адамдар жер аударылды. Қазақстан «Сібір» сөзінің 

синониміне айналды. Осылайша халықтарды күштеп көшіру соғысқа дейінгі 

кезеңде басталып, әр түрлі әлеуметтік топтар мен сословиелерді, этностық 

топтарды КСРО-ның орталық аудандарынан 20—30-жылдары Қазақстан, 

Орал, Орталық Азия, Сібір, Қиыр Шығысқа жаппай көшіріп-қондыру қызу 

жүргізіліп жатты. 

Кулак деп аталған миллиондаған таңдаулы шаруалардың көзін құртқан 

этнодемографиялық дағдарыс халықтарға зор зиянын тигізді. Қазақстанда 

ұжымдастыру науқаны кезінде жер аударылған кулактардан тұратын арнайы 

көшірілгендердің 100-ге тарта қоныстары болды. Олар арнайы 

комендатураларда есепте тұрды. ГУЛАГ қызметі жүйесіне күшпен тартылып, 

көмір өндіру, металл өндірісі, темір жол мен электростанциялар, НКВД (Ішкі 

істер Халық Комиссариаты) құрылыс объектілерінде, мақта өсіру, қызылша, 

қант өндірістерінде және т.б. жұмыс күші ретінде пайдаланылды. 

Арнайы қоныс аударылғандардың азаматтық құқығы сақталды, қоныстанған 

әкімшілік аудан көлемінде жүріп-тұруына рұксат етілді. Бірақ қоныстанған 

жерінен кетуге құқығы болмады. Олардың тұрмыстық-шаруашылық 

мәселелерін шешу НКВД-ның, ГУЛАГ басшыларына жүктелді. 




1930 жылдардың ортасында жаппай саяси қуғын-сүргіннің тереңдеуіне 

Сталиннің «Троцкий-Зиновьев» топтарымен және оңшыл оппортунистермен 

күресі түрткі болды. Орталықтағы болып жатқан бұл оқиғалар ұлт 

республикасында, өлкелерде тұрғындарды жаппай саяси кудалауға жол ашып 

берді. Осы үлгімен мұнда да «халық жауларын» — «ұлтшыл-фашистерді» 

әшкерелеу қолдан ұйымдастырылды. Елде сталиндік жаппай қуғын-сүргіннің 

кең етек  алуына негіз қаланды. 

 

2) Назарбаев 1992 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының 

Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының елтаңбасы туралы» 

және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық 

редакциясы туралы» Заңға қол қойды. Сол күні Президент резиденциясы мен 

ҚР Жоғары Кеңесінің алдына Мемлекеттік ту тігіліп, елтаңба ілінді. 1992 

жылдың 11 желтоқсанында Мемлекеттік әнұранның мәтіні бекітілді. 

Сонынан мемлекеттік рәміздер туралы ереже 1996 жылғы 24 қаңтардағы 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» арнайы 

конституциялық заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің 

Жарлығымен айқындалды. Тудың авторы — суретші Ш. Ниязбеков, 

елтаңбаның авторлары — Ж Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов. Қазакстан 

Республикасынын мемлекеттік негізгі рәміздерінің бірі - әнұран, мемлекеттік 

ту мен мемлекеттік елтаңбаның поэтикалық музыкалық баламасы. Әнұран 

салтанатты рәсімдерде, мемлекеттік органдарда өткізетін өзге де шараларға 

байланысты орындалады. Алғашқы мемлекеттік әнұранды жазу үшін 

шығармашылық байқау жарияланды. Оған Қазақстан ақын, композиторлары 

қатысты. Мемлекеттік рәміздер жөніндегі үкіметтік комиссияның шешімімен 

ақындар: М. Әлімбаев, Қ.Мырзалиев, Т. Молдағалиев, Ж. Дәрібаева 

шығарған өлен сөзі бекітілді. Әуені — кеңестік кезеңде М. Төлебаев. Е. 

Брусиловский, Л. Хамиди жазған бұрынғы мемлекеттік әнұран болып 

белгіленді. 2006 жылдың 6 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламенті 

Мәжілісі мен Сенатының бірлескен отырысында жаңа әнұран қабылдау 

туралы айтылды. Заң жобасына талқылау барысында бірқатар депутаттар 

(«Менін Қазақстаным») жаңа әнұранның авторлар құрамына 

Н.Ә.Назарбаевты ресми түрде қосу туралы ұсыныстарын білдірді. Парламент 

депутаттары жаңа әнұран мәтінінің авторлары Ж. Нәжімеденов пен 

Н.Ә.Назарбаевты бір ауыздан қолдады. Ал әні бұрынғы қалпында сақталды. 

2006 жылдың 10 қаңтар күні Қазақстанның тарихына еліміздің жаңа 

әнұранының туған күні ретінде кірді. Алғаш рет жаңа әнұран ресми түрде 11 

қаңтарда, Ақордада Президент Н.Ә. Назарбаевтың кезекті президенттік 

сайлауда жеңіске жетуіне байланысты ұлықтау рәсімінде орындалды. 

 

3) Елбасымыз Н.Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтарында жолдаған 

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 

жолдауында айтылған «2017-2020 жылдарға арналған Діни экстремизм мен 

терроризмге қарсы әрекет жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы». Осы 

бағдарлама нәтижесінде біз еліміздің тыныштығын нығайтып, өскелең 



ұрпақты рухани-адамгершілік рухында тәрбилеп, діни қарым-қатынас 

саласындағы радикалдық көзқарастардың алдын аламыз. Идеяның негізгі 

философиясы, дамудан жаңылмау, өзгеруге ұмтылу. Ел бірлігін сақтап қалу 

үшін ұлттық идеямыздың мән-мағынасын балабақшадағы бүлдіршіндерден 

бастап мектеп оқушылары мен жоғарғы оқу орындарының студенттеріне 

дейін жете жеткізу үшін кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет