1 билет Қазіргі Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық еңбектері



Pdf көрінісі
бет5/43
Дата16.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#34527
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
1 билет азіргі аза стан жазушылары мен композиторларыны шы ар

 

билет 

1. Қазақстан территориясындағы сталиндік қуғын-сүргін: әлеуметтік-

мәдени, демографиялық салдарлары. 

2. Қазақстан Республикасы Президентін тұңғыш бүкілхалықтық сайлау. 

3. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның экономикалық дамуы. 

 

1) 1990 жылдың 13 тамызы күні Совет Одағының тұңғыш әрі соңғы 

президенті Михаил Горбачев Сталиндік қуғын-сүргін құрбандары болған 

миллиондаған адамдарды ақтау туралы жарлық берді. Сталиндік репрессия 

зобалаңы 1937-38 жылдары өзінің шырқау шыңына жеткен болатын, бұл 

кезеңді бүгінде ұлы зұлмат-зобалаң жылдары деп атайды. «Азаттық» 

радиосы осы террор кезеңіне арналған бірнеше бөліктен тұратын сериялы 

хабарларында Сталиндік репрессия саясатының құрбандарына айналған 

отбасылардың тағдырлары жайында сөз етеді. 

Сталиндік режим әр ұлттың оқыған, көзі ашық азаматтарына қырғидай тиді. 

1992 жылы археологтар Қырғызстанның астанасы Бішкекке жақын жерде 

құрбандар жаппай жерленген бейітті тапты. Онда құпия жағдайда атып 

өлтіріліп, жасырын жерленген 138 адамның көмілген екен, олардың бәрі де 

сол кезде жоғары дәрежелі қызметтер атқарған, ұлттың зиялы өкілдері 

болған. 


Сталиндік репрессия кезеңінде шешендер Орта Азияға жер аударылып, аман 

қалды десе болады. Этникалық шешендер 1944 жылы күштеп көшірілсе, 

корейлер 1937 жылы қоныстарынан көтеріле көшуге мәжбүр болған еді. 

Советтік Қиыр шығыста күн кешкен 170 мың корей 1937 жылы-ақ жер 

аударылған, ал олардың басшылары ұсталып, атылып кеткен. Оларға 

тағылған негізгі айып - "жапон шпионы" деген атақ болатын. Қырғызстандық 

заңгер Роман Шиннің ата-анасы осы депортация жасалған корейлердің 

қатарында болған. 

Бұрынғы Совет одағының құрамында болған елдер өз құпия мұрағаттарын 

ашып жатқандықтан құрбандарды ақтау процесі баяу болса да жүруде. Ал 

миллиондаған адамның тағдырына өзінің жарасын салған сталиндік зұлмат 

жылдары олардың естерінен ешқашан шықпайды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет