3) "Қазақстан-2050" Стратегиясы - 2012 жылы желтоқсанда Мемлекет
басшысының ел халқына Жолдауында таныстырылды. Оның басты мақсаты
– мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің
негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің
қатарында болуы.
Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті
ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:
•
Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен
бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел
қамтитын экономикалық прагматизм;
•
Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты
қолдау;
•
Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және
жеке жауапкершілік;
•
Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр
даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары;
•
Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны
дамыту;
•
Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету
мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту;
Жаңа Қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялы
қоғамымыз табысының негізі.
Жалпы, Елбасының бұл жолғы жолдауы жаңа Қазақстанның жаңа саяси
бағытын қамтыған міндеттердің жаңа парадигмасынан тұрады. Оның ішінде
жаңа саяси бағыттың мақсаттары айқындалып, елдік дамудың барлық
салаларын қамтып отыр. Жолдаудың соңы ұлтқа арналған үндеумен
аяқталады.
14 билет
Достарыңызбен бөлісу: |