1 билет Қазіргі Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық еңбектері



Pdf көрінісі
бет26/43
Дата16.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#34527
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43
Байланысты:
1 билет азіргі аза стан жазушылары мен композиторларыны шы ар

 

2) 1965 ж. басталған экономикалық реформа бастапқы кезде экономикалық 

дамуға белгілі дәрежеде серпін берді. Тоғызыншы бесжылдықта жоспарлау 

жүйесі бойынша Қазақстанда 1578 кәсіпорын жұмыс істеді. Тоталитарлық 

жүйе оның өмір сүріп отырған экономикалық құрылымының шеңберінен 

шығуына жол бермеді. Осының салдарынан 1970ж. басында экономикалық 

реформаның қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған 

идеялары бұрмаланды. Реформаның негізгі мақсаты – кәсіпорындардың 

шаруашылық дербестігін жоспарлы кеңейту-тек көрсеткіштерді кемітуге 

және коллективтердің көтермелеу қорларын қалыптастыру болды. Көптеген 

кәсіпорындар пайда табудың қызығына беріліп, өз өнімдерінің бағасын 

қолдан жоғарлату жолына түсті. Бағаның өсуі есебінен алынған пайда 

жалақыны көбейтуге мүмкіндік берді, оның өсуі еңбек өсімділігінің өсуін 

басып озды, мұның өзі 1970ж. бас. ақпараттық процестердің басталуының 

себебі болды, бұл экономиканың дамуына теріс ықпал жасады. 




Кәсіпорындардың дербестігін кеңейте отырып, министрліктер мен 

ведомстволардың әкімшілік және экономикалық өкілеттілігін күшейтті. 

Реформаның сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі саяси саладағы 

демократияландыру процесінің тежелуі болды. Ол тек экономикалық 

ұйымдық-техникалық саласымен ғана шектеліп, қоғамның саяси 

құрылымына, меншік қатынасына соқпады, мемлекеттік меншіктің 

монополиясын сақтады, нарықтық қатынастарды теріске шығарды. Л.И. 

Брежнев пен оның төңірегінділер реформа негізінде экономиканы терең 

қайта құруға қарсы болды. 70ж. бас. Реформаны жүргізу тоқтатылды. 

«Тоқырау» кезеңіндегі Қазақстанның экономикасы.1970-85жж. 

Республиканың индустриялық әлеуеті өсе түсті. Өнеркәсіпті өркендетуге 40.8 

млрд. сом жұмсалды. Негізгі өндірістік қорлар 3.1 есе артты, оның ішінде 

химия және мұнай химиясында 6.5 есе, машина жасауда 4есе, отын 

өнеркәсібінде 3.8 есе өсті. 1000-дай өнеркәсіп газ өңдеу заводы, Шевченко 

пластмасса, Қарағанды резина-техника, Павлодар және Шымкент мұнай 

өңдеу заводтары.Екібастұз және Ермак ГРЭС-тері, Қапшағай су-электр 

станциясы, т.б. 

Экономиканы басқаруды қатаң орталықтандырудың жағдайында 

өнеркәсіптің құрылымы шикізат өндіруге бағытталған сипатын сақтап қалды. 

Республика өнеркәсібінің жартысына жуығы одақтық министрліктің 

қарамағында болды. 

1970-80жж. алып кәсіпорындар түріндегі шикізат салаларын дамытуға бағыт 

ұстау өнеркәсіптің өңдейтін және қайта өңдейтін өндірісінің өсу қарқыны 

төмен болуына, халық тұтынатын тауарлар тамақ және жеңіл өнеркәсіп 

өндірісінің дамуы жеткіліксіз болуына әкеп соқтырды. Тұтынатын азық-түлік 

емес тауарлардың 60% Қазақстанға басқа республикалардан алынып келінді. 

Экономикадағы дағдарысты құбылыстардың өсуі халық шаруашылығының 

бір қалыпты дамымауына алып келді. 

КОКП ОК (1965ж.) Пленумы талдап жасаған аграрлық реформа ауыл 

шаруашылығын интенсивті жолға түсірудің талпынысы болды. Ұлттық 

табысты аграрлық саланың пайдасына қарай қайта бөлу, шаруашылық есепті 

енгізу, ауыл шаруашылығын өнімдерінің сатып алу бағасын арттыру 

шаралары белгіленді.Республиканың ауыл шаруашылығы ірі инвестиция 

алды. 1971-78жж. Оған 58.2 млрд сом жұмсалды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет