1 билет Қазіргі Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық еңбектері



Pdf көрінісі
бет8/43
Дата16.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#34527
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43
Байланысты:
1 билет азіргі аза стан жазушылары мен композиторларыны шы ар

 

билет 

1. XX ғасыр басындағы Қазақстан территориясына еуропалық 

капиталдың ене бастауы. 

2. С.Садуақасов, С.Қожанов, Ж.Мыңбаевтың қазақ өлкесіндегі 

әлеуметтік-экономикалық және саяси үдерістерге байланысты 

көзқарастары. 

3. КСРО-ның құлауы және ТМД-ның құрылуы. 

 

1) 20 ғасырдан бастап капиталистік қоғамда мемлекеттің маңызы өзгерді. 

Экономиканың теңгерімділігін қолдап, дамыту жолында мемлекеттің рөлі 

күшейді. Әсіресе, рынок пен монополияларды бақылау барысында 

экономиканың жеке меншік секторымен қатар мемл. сектор, яғни 

“мемлекеттік капитализм” пайда болды. Мемлекет мүмкіндігінше 

экономиканың дағдарысын болдырмау саясатын жүргізді, халықтың табысын 

қайта бөлу арқылы қоғамдағы әділетсіздіктің “тігісін жатқызуға” тырысты. 

Осы кезден бастап нарықтық экономикаға негізделген капиталистік ш. 

жүйесінде кейбір мемлекеттендіру және қоғамдастыру нышандары енгізілді. 

Теорияшылар капитализм жүйесінің эволюциясына әр түрлі баға берді: 

кейбір идеологтар бұл өзгерістерді аралас жүйенің пайда болуымен, яғни 

экономикада рынок нышандарымен қатар жоспарлау нышандарының да 

болуымен байланыстырды, онда мемлекет төреші ретінде рыноктың жүгенсіз 

күштеріне бақылау жүргізіп, түзетіп отырады деп түсіндірді. Коммунистер 

бұл өзгерістердің мәні жүйенің жаңа жағдайға бейімделуінде деген тұжырым 

жасады; капиталистердің пайдасын өсіру үшін мемлекет тарапынан жан-

жақты көмек қажет деп есептеді. Олар ұстанған мемлекеттік-монополиялық 

капитализм тезисінің мәні осында. Қазақстанда капитализмнің дамуына 

қажетті алғышарттар 19 ғасырдың 2-жартысында қалыптаса бастады. Осы 

кезден бастап натуралдық ш. күйреп, сауда-саттықтың едәуір ұлғаюына 

мүмкіндік туды. Сөйтіп, тауар-ақша қатынасының дамуына байланысты 

жергілікті рыноктың кеңеюіне жол ашылды. Жекелеген сауда капиталистері 

өнеркәсіп орындарын салуға қатыса бастады. Алайда Қазақстанда сауданың 

ең артта қалған, кіріптарлыққа негізделген түрі көп тарады, бұл несиеге 

сатумен, өсімқорлықпен ұштастырылды. Ақшаға зәрулік көшпелі халықты 

жоғары пайызбен қарыз алуға мәжбүр етті. Оның үстіне есеп айырысу заттай 

– қоймен және малдың басқа да түрлерімен жүргізілді. Өсімқорлық қазақ 

даласының еңбекші халқына зор ауыртпалық әкелді. Тауар-ақша 

қатынастарының қанат жаюы, сауда капиталы рөлінің артуы несие алу 

қажеттігін туғызды. 19 ғасырдың 80-жылдары қалаларда мемл. банктердің 

бөлімшелері ашылып, олардың айналымы шапшаң өсе бастады. Мысалы, 

Семей бөлімшесінің айналымы 1887 жылы15 млн. сомға жетті. Алайда 




жалпы ауылда капиталистік қатынастар баяу дамыды.Тауар өндірісінің 

дамуымен бірге бұрын көшпелі шарушылықтың мұқтажына қызмет еткен 

қолөнердің де сипаты өзгерді. 19 ғасырдың аяғына қарай майдагерлік 

өнеркәсіп дами бастады. Мұнда тауар өндірушілер тек тұтынушылардың 

тапсырмасымен ғана жұмыс істеп қоймай, сонымен бірге тауарларды (киіз 

үй, ер-тоқым, текемет, кілем, сырмақ, ағаш ыдыс-аяқ, т.б.) рынокқа арнап 

өндіре бастады.19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында Ресейде 

капиталистік қатынастың дамуына байланысты Қазақстанның шикізат көзі, 

өткізу рыногі, капитал жұмсау аясы ретіндегі рөлі арта түсті. Қазақстанның 

біраз аумағы арқылы Сібір және Орынбор – Ташкент темір жолдары 

салынды. Мұның өзі орыс және шет ел капиталын әкелуге жағдай жасады, 

осының негізінде кен өнеркәсібі дами бастады. Қазан төңкерісі қарсаңында 

олардың акциононерлік капиталы 71 млн. сомға жетті. Капиталистер 

Қазақстанның бай табиғи ресурстарын пайдаланды. Ауыл шаруашылығы 

өнімін ұқсататын өнеркәсіп біршама жандана бастады. Өңдеу өнеркәсіп 

орындары қарапайым техникамен жарақтанған, небәрі 4 – 5 жұмысшы 

істейтін шағын, жартылай майдагерлік кәсіпорындардан тұратын еді. 

Қазақстанда темір жол желілерінің тартылуы оның түрлі аудандары арасында 

эконмикалық байланыстардың күшеюіне, олардың белгілі бір өнім өндіруге 

мамандануына мүмкіндік туғызды. 

 

2) Ф. Голощекиннің Қазақстанда жүргізіп жатқан саясатына «Қазақстаннның 

тізгіні тұтасымен Ф. Голощекиннің қолына берілген. ... ұлт өкілдерін қалай 

«тәрбиелеуде» білгіңіз келсе стенограммадағы оның сөздерін қараңыз. Оның 

жүргізіп отырған бағыты лениндік ұлт саясатын келеке етуде» — деп баға 

бергендер болды. Алайда, мұндай пікірлер назарға да алынбады. Ұлт 

зиялыларын қуғындау саясаты жалғаса берді. Қазан төңкерісінің 10 

жылдығына орай Ораз Исаұлы «Ұлтшылдықтың аты «Алашорда» деген 

мақала жариялады. Мақалада қазақ зиялыларының алдыңғы толқыны 

саналатын алаш идеясы төңірегіне топтасқандар мен ұлттық идеядан нәр 

алған С. Садуақасов, С. Қожанов, Ж. Мыңбаев, Ы. Мұстамбаев, Ж. 

Сұлтанбеков сияқты жас ұлтшылдардың қызметіне тиісті саяси баға берілді. 

«Қазақстанда қиыншылықтар көп соның негізгісі байшыл-ұлтшылдармен, 

алашордамен байланысты» деп мәселеге партия ұстанған саясат деңгейінде 

пікір білдірген автор, партиялық идеологияны қалыптастыруға да кедергі 

болып келген осы ұлтшылдар деген тұжырым жасады. Партия белсендісі 

Ізмұқан Құрамысов «Ұлттар және байшыл ұлтшылдар туралы» деген ұлт 

зиялылары арасындағы идеялық күрес тақырыбына арнап жазған 

мақаласында Смағұл Садуақасұлын «ұлттан шыққан «бақытсыз» демократ 

атады. Әрине, алаш зиялылары саясат пен рухани-мәдени саладан күшпен 

аластатылғаннан кейінгі кезеңдерде ұлт жанашыры С. Садуақасовтың 

ұстанған бағытына теріс саяси баға беріліп, бақытсыз күн кешкені рас 

болатын. 

Садуақасовтың өзі қазақ зиялылары «жік-жік болуды тастап, алашордамен, 

Қожановпен қоян қолтық келіп, ұйымдасу керек, отаршылдармен осылайша 




бірлесіп күресу керек» деген қазақ коммунистерін ұлттық мақсатқа біріктіру 

идеясына тоқтады. Ол қазақ коммунистерін өзінің осы идеясы маңына 

топтастыруға ұмтылды. Ф. Голощекин 1926 жылдары С. Садуақасұлы «тек 

садуақасовшылдардың ғана көсемі емес, қожановшылдардың да, 

рысқұловшылдардың да, қысқасы неше түрлі ұлтшылдардың көсемі болып 

алған-ды» және «Еңбекші қазақ» газетінің ... ұлтшылдардың бірсыпырасы 

сотқа тартылғанда Өлкелік Комитеттің бюро мүшесі болып отырып, Смағұл 

соларды жақтады. Ішінің ауырғаны сондай сотта отырып, жылап та жіберді», 

– деп жазғандары осыны аңғартады. Сондықтанда, коммунистік қызыл 

идеология мен саясат мүмкіндігінше қазақ коммунистерін ұлттық мүддеге 

ұйысып қызмет істеуіне тосқауыл қойды. Қазақ халқының біртұтастығын 

жойып, коммунистік интернационализм деген отаршыл идеяны санаға 

сіңірудің нақты шараларын жүзеге асырды. Ол ұлттық идеяның жол 

басшысы алаш зиялылары және жауапты қызмет атқарған қазақ 

коммунистері атымен әр түрлі «шылдықтарды» ойлап тауып, әр «топты» 

жеке-жеке жойды. С. Садуақасов сол жылдардағы шолақ белсенді 

коммунистердің сөйлеген сөздері мен жазған мақалаларында айтылатындай 

жаттандылық, жасандылық жоқ, нағыз ұлтын сүйген азаматтың күнделікті 

өмірден туып отырған келелі мәселелерді көрсетіп, шешу жолдары 

қарастырылды. Алайда, ұстанған ұлттық бағыты газеттің мақсатына, 

коммунистік партияның Қазақстанда социалистік қоғам құру идеясына 

қарама-қайшы келген Смағұл Сәдуақасов «Еңбекші қазақ» газеті 

редакторлығынан босатылды. 

 

3) КСРО ның ыдырауы және ТМД ның құрылуы. 1991 жылдың желтоқсаны 

ірі оқиғаларға толы болды.Олардың ең бастысы КСРОның 

ыдырауы.Желтоқсанның 8 күні Минскіде бас қосқан үш славян мемлекетінің 

басшылары өзара келісіп,1922 жылғы КСРОны құру туралы шарттың өз 

күшін жойғаны туралы жариялады. (Беловеж келісімі). Талқыланған негізгі 

мәселелердің тағы бірі келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын 

құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл 

кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық 

республикалардың басшылары да шақырылмады. Осылайша дүниежүзіндегі 

аса ірі отаршыл империялардың соңғысы Кеңес Одағы құлады. Соның 

нәтижесінде Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Латвия, Литва, 

Молдава, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Эстония 

мемлекеттері ғасырлар бойы аңсаған бостандыққа қол жеткізді. 1991 жылы 

13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан 

басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары 

Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 

20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, 

РСФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған 

Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты. 1991 жылы 21 желтоқсанда 

аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру 

туралы келісімге қол қойды. Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің 




аса бір маңыздысы ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі 

келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қарауы бар мемлекет есебінде 

Белорусь, Казақстан, Россия Федерациясы және Украина 

республикаларының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша-

қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз 

Елдер Достығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық қаупсіздігін 

қамтамасыз етуге тиісті болды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет