1 билет Қазіргі Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық еңбектері


 билет  1. «Бесеудің хаты» (Ғ.Мүсірепов, М.Ғабдуллин, М.Давлетгалиев



Pdf көрінісі
бет9/43
Дата16.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#34527
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43
Байланысты:
1 билет азіргі аза стан жазушылары мен композиторларыны шы ар

билет 

1. «Бесеудің хаты» (Ғ.Мүсірепов, М.Ғабдуллин, М.Давлетгалиев, 

К.Қуанышев, Е.Алтынбеков). Тұрар Рысқұловтың И.В. Сталинге хаты. 

2. 25 қазан 1990 ж. «Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы» 

Декларациясы. 

3. Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында», «Қазақстан жолы» т.б. 

еңбектеріндегі Қазақстанның қазіргі заман тарихы. 

 

1) Бесеудің хаты — қазақ зиялыларының БК(б)П (Бүкілодақтық Коммунистік 

(большевиктер) партиясы) Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И. 

Голощекинге жолдаған хаты (1932 ж. 4 шілде). Бастапқыда И.В. Сталинге 

арналып жазылған. Бесеудің хаты республикадағы мал шаруашылығының 

күйрегендігі салдарынан елді алапат ашаршылық жайлағандығын айтып 

сақтандырған алғашқы дабылдардың бірі болды. Хатта қазақ ауылындағы 

социологиялық қайта құрулар бүкіл халықтық қасіретке айналып, барлық 

әлеуметтік топтарды — байларды, орташаларды, кедейлерді қамтығаны, 

күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру, алым-салық жинаудағы 

қиянаттар жұрттың жаппай аштық пен індетке, ауа көшуіне әкеліп 

соққандығы шыншылдықпен баяндалды. БК(б)П Қазақ өлке комитетінің 

ауыл шаруашылығын басқару жөнінде жүргізген қатыгез саясаты сынға 

алынды. Бірақ құжатта жергілікті жерлерде жіберілген “асыра 

сілтеушіліктерге” солшыл коммунистер айыпты деп көрсетілді. Елді ауыр 

жағдайдан құтқарудың жолдары ұсынылды. Хаттың авторлары қуғынға 

ұшыратылды. Хаттың жазылуына Халком Кеңесінің төрағасы Ораз Исаев 

түрткі болған. Бесеудің хаты қазақ зиялыларының тоталитарлық тәртіпке 

наразылығының бір көрінісі болып табылады. 

 

2) Қазақ КСР-нің "мемлекеттік егемендігі туралы" декларациясы - 1990 ж. 25 

қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған декларация. "Қазақ КСР-інің 

Мемлекеттік егемендігі туралы" Декларация республика егемендігін заң 

жүзінде бекітудің бастамасы болды. Онда республиканың тең қүқылы шарт 

негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынынан басқа, алғаш рет 

Қаз КСР-нің егеменділік құқығы жағдайы үшін принципті мемлекеттік-

құқықтық ережелер: Одақтың шешуіне берген мәселелерді қоспағанда, Қаз 

КСР аумағында Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі 

туралы, Одақтық Жоғарғы органдардың Қаз КСР-і Конституциясы мен 

егеменділік құқықтарын бұзатын заңдарының және басқа да актілерінің өз 



аумағында күшін жою құқы, Қазақ КСР-нің егемендігінің негізін құрайтын 

өзіндік меншігі, жер және оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және 

жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи 

қазыналары, оның аумағындағы барлық ұлттық байлықтар - экономикалық 

және ғылыми-техникалық әлеует туралы, республиканың қосқан үлесіне сай 

жалпы Одақтық мүліктен өз үлесіне құқы, соның ішінде алмаз, валюта қоры 

және алтын қорындағы үлесіне, халықаралық қатынастардың субъектісі болу, 

өз мүддесіне сай сыртқы саясатын анықтау туралы бекітілген. Сонымен 

қатар, Декларация алғаш рет билікті бөлу принципін паш етті. Декларацияға 

сай, заң шығару билігі Жоғарғы кеңеске берілді, Президент Республика 

басшысы болып, жоғарғы атқарушы билікті иеленді, ал сот билігі Жоғарғы 

Сотқа берілді; мемлекеттің әлеуметтік негізін анықтауға таптық тұрғыдан 

қараудан бас тартты; республика аумағында ядролық қаруды сынауды 

жүргізуге, қырып-жою қаруларының барлық түрі үшін сынақ 

полигондарының құрылысы мен қызметіне тыйым салды. Қазақстан 

қоғамының республикадағы демократиялық, құқықтық, әлеуметтік-

экономикалық және мәдени қайта жаңарулары туралы негізгі идеяларды 

қамтыған Декларациядан Республиканың жаңа Конституциясын жасау 

басталды. 

 

3) Тарих толқынында :Империялық құлдықтан азат болып, өздерінің 

тәуелсіздігін алған тек бұрынғы Кеңес Одағының елдері ғанаемес, өз 

еркіндіктерін алған басқа да елдерді тарихбіледі. Әлемдегі тарих сабақтарына 

көз жүгірте отырып, Елбасы Қазақстан мен Орта Азия халықтарының 

тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарына зор сенім танытады, әрі оны 

ойдағыдай жүзеге асыру үшін нақты қимылдардың қажеттігін еске салады. 

Орталық Азия халықтарына, ежелгі замандағы сияқты, бірыңғай сыртқы 

экономикалық саясат,бірыңғай кеден, салық бақылауы, бірыңғай қауіпсіздік 

жүйесі қажет, сол тиімді, деп жазады Елбасы. Бұл аймақта интеграциялау 

үшін негізгі алғышарттардың бәрі бар. Соларды жете пайдалану – басты 

міндет. Бұл ойларын Н.Назарбаев кітаптың «Орталық Азияның мемлекеттері 

және тарих тағылымдары» деген тарауында кеңінен сөз етеді. Кітаптың 

қорытынды тарауы «Тарихтың шеңберлері және ұлттық зерде» деп аталады. 

Тәуелсіздік дәуірі :Екінші жаңғыруы тоқсаныншы жылдардың үшінші 

ширегіңде басталып, 2010 жылдың ортасын қамтыды. 

Тәуелсіз Қазақстан екі әлемдік дағдарыстан да зардапсыз,айтарлықтай 

шығынсыз өте білді,мерзімінен бұрын орындап,әлемнің бәсекеге қабілетті 

елу елінің қатарына кіру және даму деңгейі орташа елдер тобына енді, 

«Қазақста2050» стратегиясын жасап,әлемнің дамыған 30 елінің қатарына 

қосылу міндетін қойды. 

2017 жылдың басында осы мақсатқа негізделіп,үшінші жаңғыру бағдарымен 

қамтамасыз етті. 

Мемлекеттің алдағы даму бағытына негізделген 10 міндетті алға тарта 

отырып, «Төртінші өнеркәсіптік революция» атты кезекті Жолдауын 

жолдады. «Адами капитал-жаңғыру негізі» деп, Елбасы «Ұлттың әлеуетін 




арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек, 

өзінің тарихын,тілін,мәдениетін білетін,сондай-ақ заманына лайық озық әрі 

жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына 

айналуға тиіс» - деді Елбасы. 

Кітапта еліміздің егемендік алған 26 жыл ішіндегі қол жеткізген 33 үздік 

нәтижесі жазылған.Ол жетістіктің бәрі Елбасымыздың кемеңгерлігінің 

арқасы.Толағай табыстарымызға тереңірек үңілсек,тәуелсіз Қазақстанды 

әлемнің мойындауы,бас шаһарымыз Астананың бой көтеруі, Қазақстанның 

бірнеше ірі халықаралық ұйымдарының мүшесі болуы және де төрағалық 

етуі үлкен мәртебелік қасиетке ие болды. 

Қазақстан жолы :Елбасының кітабы Қазақстанның қазіргі тарихының аса 

күрделі де жарқын сәттерін баяндайды. Тоғыз тараудың әрқайсысы, тәуелсіз 

жас мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айшықты қадамдарын ашып 

көрсетеді. Бұл – Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын жасау 

жөніндегі жұмыс, қазіргі қолданыстағы ел Конституциясын қабылдау үрдісі, 

мұнай-газ ресурстарын игеруді бастау, ұлттық валютаны енгізу және 

табысты банк жүйесін құру туралы жазылған еңбек. Жекелеген тарауларда 

жекешелендіру мен жер реформасын жүргізу үрдісі әңгімеленеді, елорданы 

Астанаға көшіру және Қазақстан азаматының тұңғыш ғарышқа ұшуы 

айтылады. Кітап Президенттің ел жастарына арнаған үндеуі түрінде 

ойластырылған. Автор бұл кітаптың Қазақстан көшбасшыларының жаңа 

буыны үшін қолдан түсірмейтін құралға айналар деп сенеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет