Бала бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң қаз-қаз баса бастайды. Өз аяғымен туған жерінің топырағын басып, із түсіріп, өз көзімен алдына қарап бет алады. Ұядан өз қанатымен қалықтап ұшқан балапандай бала да, ең алғашқы тіршілігін бастайды. Мұны ежелден түсінетін қазақ баласының келешегіне ақ жол тілеп, тұсау кесер жасайды. Бұған дамал сойып, жұрт жияды.Баланың анасы ала-құла шуда жіптен екі-үш қарыс дайындап, оны ауылдағы ең бір желаяқ пысық әйелге: «Ал, тұсауды сен кес. Өзіңдей пысық болсын» деп ұсынады. Ол кісі ала жіпті баланың екі аяғына тұсамысша байлап сонан соң ортасынан кеседі. Бала андайдағы апасына қарай тәлтіректей жөнеледі. Міне, осыдан бастап кішкене қазақтың өмір жолының алғашқы ізі жер бетін шимайлайды. Тұсау кесу қазақтың өмір сапарының сәтті болу үшін ақ ниетпен жасаған ырымы, құдайға деген құлшылығы. Осы арада «баланың аяғында не себепті ала жіпбайланад, қара, қызыл, көк жіп неге байланбайды?» деген сұрақ тууы мүмкін. Бұның мәні мынада: қазақ баласын сөзді естіп ұға алатын, айтқанды ептеп істейтін кезінен – осы тұсауы кесілгеннен бастап ұрлыққа, зорлыққа, жырындылыққа барма, жолама деп баулиды. Біреудің ала жібін аттама, бүлыінгеннен бүлдірге алма дегенді әу бастан ақ құлағына сіңісті етеді. Аяқтағы жіптің ала болуы да, оның кесілуі де жоғарыдағыларға жолама, ондайдың жолын қолыңнан келсе кес, дүниенің азы біреудің бір құлаш жібіне, ең құрығанда бұзауға моншақ болар деп қызықпа, тұсауындағы жіпті кескендей ондай арам ой кезіксе кесіп-құртұға тырыс дегені. Бұл – екінші себебі. Бірінші бастағы айтқанымыздай баланың келешегіне жол ашу, ақжол тілеу.
Төрт-түлік жайындағы жырлар:
Табиғат о басында
Төрт түлiк мал таратқан.
Барлығын да расында
Адам үшiн жаратқан.
Киiм тоқыр жүнiнен
Жаурағанда бойлары.
Қажетiнiң бiрi деп,
Жаратыпты қойларды.
Қуаттана түссiн деп,
Сүт iшпесе қиын-ды.
Сүтiн сауып iшсiн деп,
Жаратыпты сиырды.
Ел көшкенде жайлауға,
Жүгiн артып жүредi.
Көндiкбас қып айдауға
Жаратыпты түйенi.
Өксiтпесiн өмiрiн
Той болғанда бiр күнi,
Көтерсiн деп көңiлiн,
Жаратыпты жылқыны.
Төрт түлiктiң есектер,
Санатына кiрмептi.
Алмаған соң есепке
Не iстерiн бiлмептi.
Оны сөйтiп жүргенде,
Қарттар көрiп қалыпты.
Жайлы екен мiнгенге
Көлiк қылып алыпты! (Ескен Елубаев)
Қой
Қой баласы қоңырым,
Қойдан жуас момыным.
Шопан ата түлегі
Қошақаным қайдасың.
Түйе
Тарпаң - тарпаң тайлағым,
Ботақаным, маймағым.
Қара - көзің мөлдіреп,
Жібек жүнің желбіреп
Желк - желк етіп желесің
Енеңе еріп келесің.
Түйе, түйе, түйелер
Тұзың қайда,түйелер
Балқан таудың басында
Балдыр қоян қасында
Еніп кеттім егіске
Қойным толды егіске
Жемісімді жерге бердім
Жер жусанын берді
Жусанын мен қойға бердім
Қой маған қошақаным берді.
Жылқы, Құлын
Құлдыр - құлдыр құлыншақ,
Тынымсыз бір ұрыншақ
Ұршықтай боп бұлтылдап
Жұмыр, жоның жылтылдап.
Құлыншақ, құлыншақ,
Шапқылайсың даламен.
Дос болсайшы құлыншақ,
Мен сияқты баламен.
Бұзау
Томпаң - томпаң торпағым
Шошаладан қорқағым
Сүзісуге батырым
Жарысуға шорқағым.
Тентек болма, ақ бұзау,
Еріншек болма, ақ бұзау.
Кең далада сенімен,
Жарысып мен жүгірем.
Сиыр
Көк сиыр бұзау туғанда,
Қамап қойдық қораға.
Көк сиыр тұрды мөңіреп,
«Қайда менің балам», деп.