Балалар әдебиеті – қазақ әдебиетінің өскелең бір бұтағы. Оның өсу, өркендеу, даму жолдары бар. Алғашқыда жалпы әдебиеттік мұралармен бірге дамып келсе, соңынан өз алдына дараланып, өз ерекшеліктерімен таныла бастады. Балалардың жастық, білімділік ерекшеліктері еске алынды. Балалар әдебиеті балаларға тәлім – тәрбие, білім беретін өмір оқулығына айналды..Балалар әдебиеті — сөз өнерінің арналы бір саласы. Әдебиеттің бұл түріне жататын шығармалар оқиғасының қызықты да тартымдылығымен, композициясының ширақтығымен ерекшеленеді. Тілі жеңіл, көркем, түсінікті, айқын әрі әсерлі болуы тиіс. Балалар әдебиетінің негізгі мақсаттары: жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл-ойын дамыту, оларды адамгершілікке, отан сүйгіштікке, т.б. ізгі мұраттарға баулу. Балалар әдебиеті — балалардың эстетикалық талғамын дамытатын көркем шығармалар ғана емес, оның сырлас досы, қорғанышы және ақылшысы да болып табылады. Олар негізінен мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға лайықтап жазылады.
Халық ауыз әдебиетінің бала тәрбиесіндегі маңызы
Қазақ халқының ерте заманда жасаған мұрасының бірі халық ауыз әдебиеті. Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік – идеялық нәрімен, эстетикалық қуат – тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық – әлеуметтік және тәрбиелік терең мән – мазмұнымен ерекшеленеді. Халық ауыз әдебиеті – талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз. Қазақтың мақал – мәтелдері болсын, жұмбақ – жаңылтпаштары мен ертегілері болсын – бәрі де балаларды Отанын сүйюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі. Балалар бақшасының тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, олардың өмірін байыта түсу тәрбиешілердің міндеті болып саналады. Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, мақал – мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ жаңылтпаштар – бәріде балалар бақшасында кең пайдаланылатын дүниелер. Халық ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілерде адам баласының еңбекке, тұрмыс – тіршілік жағдайына байланысты туған. Қазақ ауыз әдебиеті нұсқаларыжас бөбектердің ой – өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, туған өлкеге сүйіспеншілік сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.
Халық ауыз әдебиетінің мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі бағыттары:
1. Имандылық пен адамгершілік
2. Патриоттық
3. Эстетикалық
4. Табиғатқа деген сүйіспеншілік
5. Өнер
Ауыз әдебиетінің түрлері: